Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ

Толеранттылық (Т) немесе төзімділік термині латын тіліндегі tolerantia – төзім (ағыл. – tolerance, нем. – toleranz, фр. – tolerance) мағынасын береді. Оның мәні қандай да бір нәрсені хош көрушілікті, басқа адамға өз ой еркі мен іс-әрекетін іске асыруға мүмкіндік беруді білдіреді. Толеранттылық ұғымы 1995 жылдың ЮНЕСКО декларация-сында бектілген.

Төзімділік еуропалық мультимәдениеттілік үлгісінің негізгі элементі ретінде белгілі болатын. 2000 жж. ортасына дейін бұл Еу-ропа елдерінің доминантты саясаты болып келді. Ол белгілі бір елде және жалпы әлемде мәдени айырмашылықтардың сақталуына бағытталған. Оның саяси ырықтандырудан (либерализмнен) негізгі айырмашылығы – этностық және мәдени топтар болып табылатын ұжымдық субъектілердің құқықтарын мойындауында. Бұл құқықтар этностық және мәдени бірлестіктердің ағартушылық қызмет жүргізуіне, өздерінің білім бағдарламасы бо-луына, мектеп салуына, кітапхана ашуына, табынушылық мәнге ие нысандар салуға және сайлау кезінде біріккен саяси ұстанымын білдіруге құқық береді.

Мультимәдениеттің бір түрі ретінде американдық «бір қазанда қайнату» тұжырымдамасы     белгілі. Ол бойынша 

американдық этностардың бір-бірімен араласып, сіңісуі нәтижесінде жаңа бір ұлттық құрылымның қалыптасуы ұғынылады. Канадада әр түрлі мәдениеттерге бір мозаиканың құраушы бөліктері ретінде қарастыру үлгісі қолданылады.

Дегенмен, батыс елдеріндегі мультимәдениет саясаты сәтсіздікке ұшырағаны баршаға мәлім болып отыр. Бұл әсіресе 2005 ж. Париж-де және 2011 ж. Лондонда болған оқиғалардан кейін анық байқалды.

Париж қаласының шетіндегі оқиғалар барлық Франция бойынша кең жайылған наразылықтарға әкелді. Сол сияқты Бельгия, Грекия, Германия елдеріндегі қозғалыстар «кіші інілердің» қозғалысы ретінде сипаттал-ды. Олар еуропалық білім алып, еуропалық еркіндік құндылықтырында тәрбиеленді, бірақ өздерінің ағалары мен әкелері сияқты олар да өз армандарын іске асыра алмады.

Лондондағы тәртіпсіздік те қоныс аудару-шылар немесе солардың ұрпағынан тұратын жастардың бой көтеруімен байланысты болды.

Барлық оқиғалар сырттан келген этнос өкілдерінің өлтірілуінен басталды. Атышулы болған осыған ұқсас жағдайлар АҚШ-та да орын алды.

Осы орайда үш еуропалық көшбасшы тұлғалардың сөздеріне тоқтала кетейік.

2011 ж. 10 ақпанында Франция президенті Николя Саркази мультимәдениет саясатының күйрегенін мойындады. «Егер кім де кім Францияға келгісі келсе, ол француз ұлтының құрама бөлшегіне айналуы тиіс. Егер оның ондай ойы жоқ болса, ол біздің елде ұзақ қонақ бола алмайды... Француздар дүйім жұрттың көзінше адамдардың көшеде сиынып отырғанын қаламайды. Франция – паранджа мен әйелдерді басынушылыққа жол бермейтін ел».

2010  ж. қыркүйек айында Франция сенаты қоғамдық орындарда әйелдерге паранжа, чадра және никаб киюге тыйым салатын заң жобасын мақұлдады.

2011  ж. 5 ақпанында Мюнхенде өткен қауіпсіздік жөніндегі конференцияда Ұлыбри-танияның Премьер-Минстрі Дэвид Кэме-рон батыс құндылықтарын мойындамай-тындардың ісіне қол сұқпауға негізделген төзімділік өзін өзі ақтамағанын атап өтті. Ұлттық даралық демократия, тең құқық, заңды басшылыққа алу және сөз еркіндігіне негізделген «бұлшық етті ырықтандыруға» өту қажет. Шаралардың бірі ретінде үкімет бас-шысы мұсылман әлемінде салмағы бар, бірақ батыстық құндылықтарды мойындамайтын ұйымдарды қаржылық қолдаудан айырып, университет қалашықтарынан қууды ұсынды.

2010 ж. қазан айында Потсдамдағы Христиан демократиялық кеңес (ХДК) жастар ұйымының жиналысында сөйлеген сөзінде ГФР канцлері Ангела Меркель Германияда мультимәдениетті қоғам құру талпынысының сәтсіздікке ұшырағанын мәлімдеді. Ол: «Біздің қоғамның  бөлшегі   болғысы  келгендер   тек қана біздің заңдарға ғана бағынып қоймай, біздің тілде сөйлеулері керек» – деп атап өтті. Сонымен бірге көші қонды сұрыптау негізінде жүзеге асыру қажеттілігіне мән беріп, тек жоғары кәсіби мамандарды ғана тартуға ден қойылды.

Бұдан ертерек, 2010 ж. тамыз-қыркүйек айларында Германияда жарыққа шыққан «Германияның өз-өзін құлатуы» деп аталатын кітапқа байланысты үлкен шу шықты. Оның авторы бұрынғы Бундесбанк басқармасының мүшесі, Германияның социал-демократиялық партиясының (ГСДП) мүшесі Тило Сарра-цин. Кітапта көшіп келушілердің арасындағы неміс мәдениетін қабылдамайтын және не-міс қоғамына сіңісіп кете алмайтындардың Германияның құлауына алып келетіні айтылған.

Қазақстан төзімділіктің бірегей тәжіри-бесіне ие. Толеранттылық мемлекеттік және қоғамдық институт ретінде Қазақстанда қалыптасқан этносаралық келісім үлгісінің өзегін құрайды. Оның авторы Елбасы екендігі баршаға мәлім. Оның төл даралығын әлемдік қауымдастық мойындаған, сондықтан оның қалыптасуының кейбір ерекше шарттарын түсіндіру артық болмайды.

Біріншіден, Қазақстан бағзы заманнан бері әртүрлі мәдениеттер мен өркениеттердің байланыс аймағы болды, Шығыс пен Батыстың арасындағы өтпелі көпір қызметін атқарды.

Тарихи тұрғыда мұнда христиан және мұсылман әлемдері, еврейлік, шығыстық, азиаттық мәдениеттер мен діндер өзара үйлесімде.

Бұл қазақ менталитетіндегі толеранттылықтың мейлінше жоғары деңгейіне, этностық деңгейде конструктивті байланыстарға деген бейімділікті қалыптастыруға жағдай жасады.

Екіншіден, Тәуелсіздік жылдары Елбасының саяси еркі мен жүйелі саясатының нәтижесінде этносаралық қатынастар тәуекел факторынан қоғам дамуының стратегиялық ресурсына айналды.

Полиэтносты және көпдінді Қазақстан үшін этностық және діни бейбітшілік, төзімділік тұрақтылықтың, әлеуметтік-экономикалық прогрестің, азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын сақтаудың негізі болды және солай болып қала бермек.

Қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, қазақстандық патриотизм конституциямен бекітілген, негізқұраушы қағидалар болып та-былады. Қазақстан Конституциясының он бір бабында этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласын реттейтін нормалар келтіріледі.

Осылайша, Президент Н.Ә. Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімінің қазақстандық үлгісі орнықты. Осылай атау Қазақстандағы тұрақтылық пен бейбітшілікке қосқан орасан зор үлесін дәл бейнелейді.

Қазақстан өзінің ұлтаралық және дінара-лық ынтымақтастығы тәжірибесі арқасында Ислам мен оны ұстанушылардың дау-жанжалға себепші емес екендігін дәлелдеуде. Барлық мәселе мәдениеттің және мемлекеттік саясаттың дұрыс құрылуына байланысты.

Қазақстан – толеранттылық мәселесін көтеруді ең алғашқы болып қолға алған ел. Бұл ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кезіндегі төрт «Т» үндеуінің құраушы бөлігіне айналды. Сонымен қатар 2011 ж. Тәуелсіздік күні қарсаңында айтылған және Астана экономикалық форумы аясында іске асқан Тұңғыш Президент – Елбасының бастамасы ретінде G-глобалдың басты ұстыны болды.

Қазақстанның үлгісі қоғамның үйлесімді түрде бірігуі орын алатын толеранттылықтың үлгісі болып табылады.

Айдарлар
Яндекс.Метрика