Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢҒЫРТЫЛУЫ

Қазақстандық  қоғамның әлеуметтік жаңғыртылуының жалпы үдерісі шеңберінде қазақ тілінің технологиялық бөлігінің де, оның әлеуметтік функцияларының да кешенді түрде өзгеруін білдіреді.

Бұл орайда түрік тілінің жаңғыртылу тәжірибесін қарастыру маңызды. Түркияда тілдің жаңғыртылуы тек латын әліпбиіне көшуге ғана негізделіп қоймады, алайда аталмыш реформа жаңғыртуға (модернизацияға) бастама болды.

1.   1928 ж. бастап түрік тілі үшін латын әрпінің нұсқасы қолданыла бастады. Оны әзірлеуге Ата Түріктің өзі қатысқан бола-тын. Стамбулдық диалект сөздерді жаңадан жазудың (тілдің жалпы реформасы үшін де) негізіне айналды. Заманауи түрік әліпбиінде жиырма тоғыз әріп болды, әрбір дыбысқа әріп сәйкес келтіріліп отырды.

2.   1930 жж. өзге тілді сөздерді төл түрік тілді сөздерімен алмастыру үрдісі басталды. Араб және парсы тілдерінен алынған көптеген сөздер халық тілінде сақталынып қалған түрік тіліндегі баламаларға ауысу нәтижесінде қолданыс аясынан шығарылды (kabaTürkçe). Кейбір түсініктер үшін ескі түрік негіздерінен алынған неологизмдер қалыптастырылды. Жиырмасыншы ғасырда еуропалық тілдерден, әсіресе француз тілінен шыққан жаңа түсініктер пайда болды.

3.  Түркияда әліпби реформасынан (Республиканың төртінші жылы) басқа тіл реформасы да (Республиканың тоғызыншы жылы) жүрген болатын. Тіл реформасы ғылым, техника мен өнер салаларына өз бетінше қызмет көрсете алатын түрік тілін дамытуға бағытталған қызмет болып саналды. Тілді тазарту мақсатымен шығарылған реформа туралы жарлық барлық қоғамды қамти алмады. Мемлекеттік бастама бойынша Түрік тілін зерттеу қоғамы құрылғаннан кейін ғана реформа ұлттық деңгейде нәтижелілігін көрсете бастады. Бұл жағдай 1932 ж. Түрік Республикасын құрғаннан кейін орын алған болатын. Түрік тілін қайта түріктендіру мен жаңғырту үшін 1932 ж. белсенді қызмет ететін және әлі күнге дейін мемлекеттік мекеме болып табылатын «Түрік лингвистикалық қоғамы» құрылды.

4. 2005 ж. басылып шығарылған Заманауи түрік тілінің сөздігі 104481 мақаладан тұрады (Güncel TürkçeSözlük, Түрік лингвистикалық қоғамы), олардың 14% шетелдік тілден пайда болған сөздерге арналған. Қазақстанда бүгінгі күні мемлекеттік тілдің жаңғыртылу үрдісі күшейе бастады. Мұның ең маңызды көрінісі Kaztest жүйесін енгізу болып табылады. Бұл 2006 ж. құрылған Қазақстан терри-ториясында жұмыс істейтін шетел азаматтары мен Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалайтын төл жүйе болып табылады. Ол өз кезегінде TOEFL, IELTS, DALF/DELF, СЕLI, DSH, TÖMER, ТРКИ сияқты тіл білімінің деңгейін бағалайтын халықаралық жүйелердің тәжірибесіне сүйеніп негізделген болатын.

ҚАЗТЕСТ төрт блоктан тұрады: тыңдау, лексикалық-грамматикалық блок, мәтін оқу, жазу.

Бірінші блок – тыңдау. Төрт деңгей бойын-ша оқылған мәтінді игеру дәрежесі бағаланады:

1)  фрагменттік игеру;

2)  жалпы игеру;

3)  толықтай игеру;

4)  терең және сыни тұрғыдан игеру. Тілді жаңғыртудың екінші факторы тілдік біліктіліктің стандарттарын әзірлеу болып табылады.

2012 ж. «Қазақ тілі шет немесе екінші тіл ретінде» үздіксіз білім берудің үлгісі арқылы қазақ тілін оқыту бағдарламаларының жобасы құрылған болатын.

Лексикалық минимум, грамматикалық анықтамалық, оқулық, бес деңгей бойынша «Тілқұрал» оқу әдістемелік құралы (А1 тілдің оңай деңгейде қолданылуы, А2 – негізгі деңгей, В1 – орташа деңгей, В2 – жоғарғы орташа деңгей, С1 – жоғарғы деңгей) сияқты қазақ тілін меңгерудің мемлекеттік стандарт-тары басылып, мемлекеттік органдар мен тіл оқытудың орталықтарына жеткізілген болатын.

Басылып шығарылған оқу-әдістемелік, ғылыми, анықтамалық, публицистикалық әдебиеттен мыналарды атап өтуге болады: қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік, он томдық терминологиялық сөздік, А-1 деңгейіндегі «Қазақ тілі», «Тілдарын» оқу-әдістемелік кешені, «Суретті қазақ тілі», «Қазақ қолөнері аталымдарының түсіндірме сөздігі», «Өсімдік атауларының түсіндірме сөздігі», «Арабша-орысша-қазақша, қазақша-орысша-арабша халықаралық қатынастар және са-яси лексика сөздігі», «Цитология, эмбриология, гистология, анатомия терминдерінің түсіндірмелі ақпараттық сөздігі», «Химия», «Балаларға арналған энциклопедиялық анықтамалық» сияқты оқу-әдістемеліктері және де бірқатар басқа деректер.

Үшіншісі – терминологиялық жұмыс пен пуризм мәселесінің түп тамырын жою (Пуризм (латын тілінен puras – таза). Пуризм – тілдің лексикасын тұрақтандыруды, оны шетелдік сөздерден және әдеби канондық элементтер-ден тазартуды және ана тілдің әдістерімен қалыптасқан сөздер арқылы тілді байытуды мақсат көретін әдеби тілді құрудағы бағыт).

Елбасының тапсырмасы бойынша терминологиялық жұмысқа қатысты әдіс тәсілдер толықтай қайта қарастырылып жатыр. 2012 ж. басталған отыз томдық терминологиялық сөздікті әзірлеу барысын-да ақырғы «терминологиялық үдеріске» сай пуризмнің ұстанымдары жойылған болатын.

Қазіргі таңда сарапшылар қазақ тілін жаңғыртудың келесі бағыттарын көрсетеді:

- балалар әдебиетін қолдау, жазушылар мен мәдениет қайраткерлерінің әдебиеттерін материалдық тұрғыдан қолдау, қазақ тілін дамытуға көмектесетін қазақ кітаптары мен басылымдарын тарату;

- үш тіл бірлігі саясатындағы дұрыс үйлесімділікті табу;

- өзге ұлт өкілдерінің қазақтардың мәдени ортасына бейімделу, оларды билік құрылымдарына барынша қатыстырудың механизмдерін қолдану.

Айдарлар
Яндекс.Метрика