Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ҚАЗАҚТАРДЫҢ БІРЛІГІ

Қазақтардың ұлттық топтары өкілдерінің бірлігін білдіретін термин. Оның негізгі өлшемдері ретінде төмендегі шарттар белгілі:

- генетикалық (биологиялық) байланыс, бір ата-бабадан таралу;

- ортақ тіл;

- жалпыға ортақ мұраға қалған құндылықтар;

- мәдениет ортақтығы;

- (өткен) тарих ортақтығы;

- бірдей антропологиялық түр;

- сенім ортақтығы;

- территория бірлігі;

- мемлекет бірлігі;

- жалпы ортақ іс-тәжірибе;

- метрика;

- көшбасшылар бірлігі.

Әр түрлі авторлар этностық бірегейліктің белгілері ретінде әр түрлі шарттарды анықтайды. Алайда бірегейлік сөзінің өзі күрделі ұғым болып табылады. Бұл жерде де келіспеушілік ұлттың биологиялық және сая-си түп тамырына байланысты пікірталастар туындайды.

Тарих бойынша қазақ елінің бірлігі ел басына күн туған 1723 ж. Ақтабан шұбырынды сияқты тарихи аумалы-төкпелі кезеңдерде орын алғаны белгілі. Қазақ ұлтының жойылып кету қаупі тұрған шақта үш жүздің хандары, ру басылары мен батырлары бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, біріккен әскер мен ортақ шешімге әкелетін қажетті құрылымды орнатып бір ту астында жиналды. Осы жылдары Әбілқайыр ханның басшылығымен барлық қазақ халқының жасағы құрылды.

Қазіргі уақытқа қатысты сөз қылатын болсақ, қазақтар ұжымдық пішіндегі тіл табысу арқылы басымдық танытып отырғанын айту керек. Бұл жағынан ол еуропалық және славяндық ұлыстардан өзгешеленеді. Бұл жағдайдың қалыптасуына тарихи мұра ықпал етті. Өйткені көшпелі өмір сүру салтын ұстанғандықтан қазақтар дәстүр мен рулық белгілерді ауызекі түрде жеткізіп отырған. Сондықтан да айтыс, көзбе-көз тілдесу, сияқты қазақ болмысының ірі ұлттық дәстүр элементтері жоғары деңгейдегі ықпалға ие. 2013 ж. 24 сәуіріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясындағы сөзінде Мемлекет басшысы оларды атап өтті: «Ел-Жұрт», «Жеті ата», «қонақжайлылық», «асар», «сыйластық», «сабырлылық». Осыған Рамазан айындағы ораза кезіндегі Ауызашар дәстүрін де жатқызуға болады. Осылайша бірлік тілдесу мен араласумен сипатталатын коммуникацияға негізделеді.

Қазақ халқының сыртқы қауіпке бай-ланысты бірігу жағдайы да сақталып қалды. Оның мысалы баршаға мәлім. Мысалы, 2005 ж. түрлі түсті төңкерістердің тара-лу қаупі төнді, ал 2011 ж. араб әлемінде басталған тұрақсыздық экспансиясы мен жаһандық дағдарыс бұлты төнді. Бірақ дәл сол кезеңдерде, яғни 2005 және 2011 жж. президент сайлауына халықтың басым бөлігі қатысып, Елбасы Н.Ә. Назарбаев үшін жоғары дауыс саны жиналды.

Қазақтардың бірлігінің маңызды жағы – ел тәуелсіздікке қол жеткізіп, егемен болғанға дейін ұрпақтар арасындағы біршама өзгешеліктерге қарамастан, мирасқорлық дәстүрін сақтауында. Заманауи жастардың арасында идеология мен талғамдарының әр түрлі бағытта дамуы байқалады. Қазіргі уақытта елдегі негізгі орынды «хрущевтік жылымықты» және кейінгі «брежневтік» тоқырауды ба-стан өткізген ұрпақ алып отыр. Бұл соғыстан кейінгі дүрбелеңнен соң халықтың ес жиып демографиялық қарқынды өсу кезеңінде дүниеге келген балалар. 1983 жылға дейін туған ол балалар кеңес ұрпақтарының жүйелік тәртібінің мүшесі болды: октябршылдар – пионерлер – комсомолдар – коммунистер. 1990-жылдардағы буынға келетін болсақ, олар – өткеннің идеологиялық құрсауынан еркін буын. Олардың құндылықтары енді сыртқы әлеммен қарым-қатынасқа түсу жағдайында қалыптасқан.

«Элиталандыру» үрдісінен өтудің бұрынғы дәстүрін игеруде үлкен мәселелер бар. Өйткені жаңа элитаны қалыптастыру міндеті тұр. Бұл тұрғыдан алғанда, «алтын жастар» деген атауға ие құбылыс мейлінше кең таралып отыр.

Гендерлік дамуда да мәдени кереғарлықтар кездеседі. Қазақтың консервативтік бағытты ұстанатын ер азаматтары қазіргі жағдайда міндетті түрде орын алатын эмансипация құбылысымен қайшылыққа келуде.

Қазақтардың осы күнгі дамуын зерттеу-шілер ұлттық сананың үдемелі дамуы деп атайды. Бұл ұлттық сана – халықтың көшпелі өмірін түбегейлі өзгертіп отырықшылыққа ауысып, капитализмге соқпай социализмге өту кезеңінен «кейінге қалдырылған» сана.

Айдарлар
Яндекс.Метрика