Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ

Қазақстан халқы Асссамблеясы – Қазақстан Республикасының Президенті құрған мекеме. Оның басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік және азаматтық институттардың өзара қарым-қатынастарының тиімділігін көтеру.

Қазақстан халқы Асссамблеясын құру туралы идеясын алғаш рет 1992 ж. Тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының форумында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жарияла-ды. 1995 ж. 1-наурызында Қазақстан Рес-публикасы Президентінің Қазақстан халқы Асссамблеясын құру туралы және Қазақстан Республикасы Президентінің тұсындағы консультативті-кеңесуші орган ретінде оның мәртебесін анықтаған Үкімі шығады.

Өзінің тарихының барысында Қазақстан халқы Асссамблеясы Қазақстан Республикасы Президентінің тұсындағы консультативті-кеңесуші органнан берік құқықтық негізі мен қоғамдықсаяси мәртебесі бар конституциялық органға айналды.

2007 ж. мамырында Қазақстан Республикасының Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясына конституциялық статус беріліп, ҚР Парламент Мәжілісіне тоғыз депутат сай-лау құқығын иеленеді, бұл Ассамблеяның қоғамдықсаяси рөлін едәуір өсіреді.

2008 ж. 20 қазанында ел Президенті бүкіл әлемде баламасы жоқ «Қазақстан халқы Асссамблеясы туралы» Заңға қол қояды. Қазақстан халқы Асссамблеясы мемлекеттің саяси жүйесінің тең құқылы субьектісі болып, оның қызметінің нормативті құқықтық негіздері анықталды.

Ассамблея мемлекеттік ұлттық саясат-ты қалыптастыруға және жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасында қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлесін қосады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына Қазақстан халқы Асссамблеясын өмір бойы басқару құқығы берілді.

Ассамблея құрылымдық тұрғыдан Ассамблея Сессиясынан, Ассамблея Кеңесінен және Ассамблея, облыстық ассамблеялардың, республикалық мәндегі қала және астаналық ассамблеялардың Хатшылығынан тұрады.

Ассамблея Сессиясы (Ассамблея мүшелерінің жиыны) оның ең жоғарғы жетекші органы болып табылады. Сессия қажеттілікке байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің шақыруымен жиналады, алай-да ол жылына бір реттен кем шақырылмайды.

Сессиялар арасында Ассамблея басшы-лығын Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады. Кеңеске республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, министрлер, облыс әкімдері кіреді.

Ассамблея төрағасының екі орынбасары этностық бірлестіктердің атынан Ассамблея кеңесінің ұсынысымен ротациялық негізде ҚР Президентінің жарлығымен тағайындалады.

Қазақстан халқы ассамблеясының Хатшылығы Президент Әкімшілігі құрылымындағы жұмысшы орган болып табылады.

Аймақтардағы Ассамблея құрылымдарын облыс әкімдері, Алматы және Астана қаласының әкімдері басқарады. Ассамблеяның құрамы және облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана ассамблеясының құрамы Қазақстан Республикасының азамат-тары – этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың өкілдері арасынан, қоғамдық беделдеріне қарай басқа да тұлғалардан құралады.

Қазіргі таңда Ассамблеяның құрамында 406 мүше бар. ҚХА құрамына шамамен 820 этномәдени бірлестіктер кіреді.

ҚХА жанында этносаралық және дінаралық қатынастарды зерттеу орталығы, Ғылыми-сараптамалық кеңес, этносаралық қатынастар мәселелері бойынша журналист-сарапшылар Клубы, қоғамдық қорлар, тілдерді зерттеу орталықтары қызмет етеді.

Айдарлар
Яндекс.Метрика