Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТ

Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы өзін зайырлы мемлекет ретінде бекітеді. «Зайырлы мемлекет» ұғымы мемлекеттің діннен және діни бірлестіктерден ажыратылуын бейнелейді.

Мемлекет өзін қандай да бір дінмен теңгермейді, бірақ кез келген тарихи және мәдени тамыры терең діни дүниетанымда болатын олардың жағымды әлеуметтік-адамгершілік әлеуетін қажет етеді. Мемлекет дінге сенушілер мен сенбеушілердің, әрқилы діни бірлестіктердің, этноконфессиялық топтардың мүдделерін ымыраластыруға, әртүрлі дүниетанымдық және діни топтар арасындағы нақты өзара түсіністікті қамтамасыз етуге ұмтылады.

Зайырлы мемлекеттің құндылығы мемлекет пен діни ұйымдардың өз біліктілігі саласына бас сұқпау мен тәуелсіздікті қамтамасыз етуге қабілетті діндарлардың да дінге сенбеушілердің де мүдделерінің тепе теңдігін сақтау функциясы болып табылады. Алайда бұл мәдени және рухани мұраны сақтаудағы, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудегі, қылмыстың алдын алудағы, қоғамның әлеуметтік дерттерімен күрестегі мемлекет тарапынан болатын дәстүрлі діндермен әлеуметтік серіктестікті теріске шығармайды.

Зайырлы мемлекет қағидалары секуляризация және десекуляризация сияқты екі қарама-қарсы үдеріспен байланысты.

Кейбір мәліметтер бойынша, 75 елдің мемлекеттік діні немесе Иран, Дания, Израильдегі сияқты заңды тұрғыда бекітілген діндері бар. Ал, Ресеймен қатар, 113 елдің ресми жарияланған мемлекеттік діні жоқ.

Жалпы қоғамдық ғылымдар саласында секуляризация түсінігі тек дінді мемлекет-тен ажырататын үрдіс ретінде ғана емес, со-нымен қатар, индивидтің өзі қалаған сенімді таңдауын қамтамасыз ететін үрдіс ретінде қарастырылады. Сондықтан діни сенімге бет бұрғандар санының артуы секуляризацияға аса қауіп төндірмеуі мүмкін.

Дегенмен, сарапшылар, діни идеоло-гиямен қатар діни құқықты да мемлекеттік деңгейде қабылдаған десекуляризация үрдісінің жүріп жатқандығын алға тартады. Әсіресе, осы тұрғыда пассионарлы әрі әлемдік конфессиялар арасындағы рөлі зор ислам діні төңірегіндегі үрдістер айқын.

Белгілі кезеңге дейін сараптамалық және ғылыми орталарда адамзат өркениетінің діндарлықтан айырылып бара жатқандығы туралы пікірлер кезікті. Бұл пікірлердің орын алуына түрткі болған ХХ ғасырдағы ғылыми жаңалықтар, индустрилизация және технологиялық үдерістер.

Қайта өрлеу заманынан бері ғаламдағы және адамзат өркениетіндегінің барлығы материалдық тұрғыдан түсіндірілетін әлемнің рационалдық бейнесі басым болды. Бұл жерде капиталистік және коммунистік идеологияның бір-біріне қарама-қарсылығы да өз әсерін тигізді. Коммунизм батыс идеологиясының әлеуметтік-демократиялық бетбұрысына септі-гін тигізсе, капитализм әлемнің материалистік концепциясының басым болуына өз әсерін тигізді.

Дегенмен сарапшылар бүгінгі күні десеку-ляризация үдерісінің, яғни жаһандық ауқымда қоғамдық өмірге діннің ықпалының өсуін атап көрсетуде.

Н.Ә. Назарбаевтың ойынша, 2006 ж. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбас-шыларының ІІ-ші съезінде атап өткендей, діндарлықтағы иррационалдылықтың да өз орны болу керек. Ол бүкіл әлем аса прагма-тикалы бола бастаған кезеңде қазіргі заман адамына руханияттан сусындауға мүмкіндік береді. Сондықтан дін тек көнеден қалған қалдық қана емес, ол ары қарай өрлеуге, дамуға қосымша күш, жаңа шабыт алуда. «Үнқатысу үшін негізді кұдіреттіктегі пенделік арқылы емес, пендедегі құдіреттік арқылы іздеу». Бүл қағидаттың бүкіл абстрактылығына қарамастан, ол өте маңызды».

Конфессиялық сала Қазақстанның бұқаралық санасындағы түбегейлі транформацияның көрсеткішіне айнал-ды. Ішкі саяси сала үшін конфессионалды фактордың маңыздылығы күннен күнге арту-да. Осы орайда, бұрындары басым болған ате-измнен қоғамдық сана бірте-бірте арылуда. Халық дінді қазақстандықтардың ішкі дәстүрлі құндылықтарын жоятын батыс құндылықтары мен нарықтық прагматиканың қысымы аясында өздеріне қосымша әлеуметтік-психологиялық қолдауға ие болуға мүмкіндік беретін рухани күш ретінде қарастырады.

Бүгінгі таңдағы әлемдегі жағдайларды ескере отырып, зайырлы мемлекеттің де үлгісі өзгеруде. Аталған мәселенің күрделі тұстары да бар. Мемлекет діннен алшақтағанымен, белгілі бір дінді ұстанатын азаматтардан бас тарта ал-майды. Сондықтан мемлекет, мұсылмандардың қажылыққа баруын өзі ұйымдастырмайды, себебі бұл үнемі жүзеге асып отыратын қалың көпшіліктің іс-шарасы болып табылады.

Дегенмен, мемлекеттің басты міндеттерінің бірі өзге азаматтардың құқығына қайшы келмейтін белгілі бір қауымдастықтың діни іс-шараларды өткізуіне заңды түрде келісім беру.

«Қазақстан-2050» стратегиясында діни мәселелер айқын айшықталған. Қазақстан мұсылман үмбетінің бір бөлігі болып табыла-ды және де бірінші кезекте ислам дінінің рөлі күшейтіліп, дін саласы барынша жаңартылуда. Бұл ислам дінін ұстанатын этностарды ескер-ген объективті үдеріс. Сонымен қатар, мұсылмандық этностар демографиялық тұрғысынан да белсенді.

Діндарлық, әсіресе, ислам әр адамның жеке таңдауы, ниеті. Әйелдердің орамал тағу (хиджаб) мәселесі қазіргі қоғамның өткір мәселелерінің біріне айналып отыр. Бірақ, әр адамның ішкі таңдау концепциясы орамал тақпаған әйелді иманынан айыра алмай-ды. Мұны Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы қуаттаған.

Осылайша, Қазақстанда идеологиялық алуантүрлілікті мойындап, фанатизмді жоққа шығаруға негізделген дін ұстанудың ерекше үлгі қалыптасуда.

Айдарлар
Яндекс.Метрика