Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ЖАТ ЫҚПАЛҒА ҚАРСЫ ТҰРУ ИММУНИТЕТІ

«Иммунитет» адам ағзасындағы әртүрлі ауру-сырқаттарға қарсы тұра алу қабілетін салауатты өмір сүру салтыарқылы қалпына келтіріп отыруды білдіретін медициналық термин.

Алайда, осы термин көптеген гумани тарлық ғылымдарда кең қолданысқа ие бола бастады. Мәселен, әлеуметтану ғылымында қолданылады.

Ақпараттық ғасыр заманында БАҚ ықпалы – бәріне белгілі жайт. Бұқаралық сананың ең басты ерекшеліктерінің бірі – онда әлеуметтік иммунитеттің болуы және қарқынды ақпараттық ағымдар жағдайына қарсы тұра алуы. Аталмыш құбылыс жеке субъектілер мен институттарға өз көзқарастарын қоғамдық пікірмен теңгеруге жол бермейді. Қоғамдық пікірге көрсетілетін қысым мен субъективтік айқын көрінген сайын, «кері әсер» соғұрлым тез қимылдайды. Әдетте ол «кері әсер» коммуниканттың діттеген мақсатына тура керісінше нәтиже беруі мүмкін.

«Әлеуметтік көңіл-күйдің бұл түрі – адамдардың өз мүдделері мен қажеттіліктеріне сай келмейтін мәжбүрлеп таңылған догма, мақсат пен мүдделерге қарсы тұру тәсілдерінің бірі. Адамдарға ресми немесе кеңес ретінде ұсынылған құндылықтарды олардың тікелей немесе жанама түрде теріске шығарып, қарсы тұруының мейлінше жиі кездесетін белсенді формасы».

Әлеуметтік иммунитет бұл – азаматтардың әлеуметтік бейімделу құралы.

Осыған орай, бірінші атап айтатын нәрсе – бұл бейімделуге қабілетсіз тұрғындардың қоныс аудару тетігі ретіндегі көші-қон.

Көші-қон өзгерістері нәтижесінде Қазақ-станның этно-демографиялық қабаты қайта құрылды. Ол көбірек шығыстық хәлге ауы-сып, оның бойындағы еуропалық белгілері азая бастады. Байырғы тұрғындардың саны мамандандырылған көпшіліктен артты.

Көшіп келушілердің құрамында қазақтар 70,2%-ды құрайды. Көшіп кетушілердің негізгі легін орыс, украин, белорус және неміс ұлттары құрайды. Олардың көшіп кетушілер арасында алатын үлес салмағы 83%.

Екінші – белсенді коммуникативті код.

Бұл екі үлгінің өзара түйісуінде, араласу аймағында қалыптасушы әлеуметтік агенттер ең тиімді жағдайда болып есептеледі. Яғни бір жағынан, олар нарықтық жағдайға сай ойланып, оның заңдылықтарына сәйкес өмір сүріп, өз экономикалық мәртебесі мен бәсекелестігін орнықтыра алады. Екінші жағынан қазақ тілінде сөйлей алатындықтан, дәстүрді терең білгендіктен, қоғамдық үрдістермен тығыз байланыста болғандықтан, мәдени құралдармен де жақсы жұмыс істей алады. Мысалы, сауалнама нәтижесі бойынша қазақ тілінде еркін сөйлей алатын тұрғындардың пікірінше, Қазақстанның қазіргі дамуы және келешегі жағымдырақ болып келеді. Осылай-ша қазақ тілінде сөйлеушілердің 73,2%-ы, екі тілде сөйлей алатындардың 71,9%-ы, орыс тілділердің 53,9%-ы қазіргі өмір жағдайына көңілдері толады.

Үшінші – әлеуметтік-экономикалық бейімделу.

Нарықтық реформалар азаматтардың белгілі бір деңгейде қалыптасып жатқан өмір жағдайларына белсенді түрде икемделуіне ықпал етті.

1997 ж. сауалнама нәтижесі бойынша өмір сүру жағдайына көңілі толмайтындардың салмақ үлесі көңілі толатындардан 3% артық көрсеткішті көрсетіп, 48,3% тең болды. 2005 ж. президент сайлауы науқаны аясындағы маңызды әлеуметтік шегініс нәтижесінде бейімделуші мен бейімделе ал-маушылар арсында үлкен айырмашылық байқалды. Біріншісі екіншісінен 4,4 есе артық көрсеткішті көрсетті. Кейінірек бұл айырмашылық 2008–2009 жж. тоқырау кезеңдеріне байланысты біраз төмендеді. Өмір сүру жағдайына көңілі толатындардың пайыздық көрсеткіші 53,3% кеміді.

Алайда 2010 – 2012 жж. жағдай өзгерді. Бейімделушілер саны 67,9%, кейінірек 71,1% өсті. 2012 ж. ол көрсеткіш 75% құрады.

2011 – 2012 жж. орын алған экстремизм мен лаңкестікке байланысты жағдай көп нәрсені қайта бағалау ахуалын тудырды.

2011 ж. 4-тоқсанындағы сауалнама нәтижесінде сұралушылардың 76% басты оқиғалар ретінде Тараздағы, Атыраудағы, Астанадағы жарылыстар, Алматыдағы патруль қызметкерлерін өлтіру оқиғаларын атап өткен.

Осы жағдайға байланысты жауап берушілердің қауіпсіздік жағдайына байланысты алаңдаушылығы күшейді. Осылайша, Қазақстандағы өмір сүру қауіпсіздеу бол-ды деушілердің саны 5,6%, ал қауіпсіз деп санаушылардың саны 5% кеміді. Жалпы есепте Қазақстанда өмір сүру қауіпсіздеу және қауіпсіздігі көбірек деушілердің көрсеткіші 67,9%-дан 57,4%-ға азайды.

Сәйкесінше, өмір сүру қауіптілеу деушілердің саны 21,4%-дан 33,3%-ға артты. Қауіп төндіруші факторлар арасында ең үлкен қауіп төндіруші ретінде лаңкестіктің таралуы 47%-дан 63%-ға ұлғайды.

Осылайша, лаңкестік пен экстремизм қазақстандықтардың әлеуметтік алаңдаушылығында алдыңғы қатарлы элементтері болып отыр. Алайда мұның жағымды жағы да бар, өйткені бұл фанатизм вирустары мен дінді саяси мақсатта қолдануға қарсы тұрушы әлеуметтік иммунитет, ішкі сүзгі ретінде қызмет етеді.

Айдарлар
Яндекс.Метрика