Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫ

Қазақстандық қоғамды әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңінің идеология-сы. Алғаш рет идеологияның тезистері 2012 ж. 3 шілдеде Индустрияландыру күні ауқымында баяндалған болатын.

Президент 2030 жылға дейін Әлеуметтік дамудың жалпыұлттық концепциясын құру міндетін қойды.

Одан кейін Президенттің «Әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты іргелі мақаласы шықты. Осы мақаланың шығу контекстін белгілеп кету өте маңызды. Еуропада жұмыссыздық кенеттен көтеріліп кеткен кезде Қазақстан өзінің халқын жұмыспен қамтамасыз ету ниетін ба-рынша айқын жариялаған болатын.

Президент Жалпыға ортақ еңбек қоғамының 5 қағидасын ұсынды:

Эволюцияшылдық. Жаңғырту үдерістерінің алгоритмі кейін қалған салаларды, өңірлерді, әлеуметтік топтарды қолда бар стандарттар мен әлеуметтік даму көрсеткіштеріне «тартуға» негізделуі тиіс.

Ортақ жауапкершілік. Әлеуметтік жаңғыртудың барысы мен нәтижесі үшін жауапкершілікті тек мемлекет пен оның барлық басқару деңгейлері ғана емес, сондай-ақ жеке меншік құрылымдар, барлық қоғам бөлісуі тиіс.

Әріптестік қатысу. Әлеуметтік әріптестікті белсенді дамыту, елдің мемлекеттік емес сек-торын, бірінші кезекте, әлеуметтік саланы жаңғыртуға қатысуын кеңейту үшін жағдай жасау маңызды.

Ынталандыру. Адал еңбекке ынталандырудың жолын табу, еңбек табыстарын қоғамдық ынталандырудың жүйесін құру.

Кәсібилік. Барлық қабылданатын шешімдер егжей-тегжейлі есептеліп, әлемдік тәжірибені оқып-үйрену негізінде ғылыми дәлелденген ұтымдылық қаперге алына оты-рып қабылдануы тиіс.

Мақаланың негізгі мәні – еңбекке қабілетті халықты өнімді еңбекке, біліктілікті жоғарылатуға ынталандыру. Жалпы, мақала адамдарды масылдық райынан қайтаруға және шамадан тыс патернализммен күресуге бағдарланған.

Бұл жағдайда келесі тапсырмаларды бөліп көрсетуге болады:

-  өзін өзі еңбекпен қамтыған халықты айқындау жөніндегі жаңа әдістемені ескере отырып, жұмыссыздық деңгейін айқындаудың әдістемесін жетілдіру;

-  2020 ж. дейінгі Біліктіліктің ұлттық жүйесін кезең-кезеңімен әзірлеу жоспары;

-  еңбек тәртібінің күшеюі және еңбек ұжымдарында жанжалдардың пайда болуына түрткі факторлармен күрес жүргізу;

-  өмір сапасының ең төменгі әлеуметтік стандарттарын енгізу;

-  тұрғын үй құрылысын ынталандыру;

-  жастармен тәрбие жұмыс жүргізу үшін ұлттық тарихты оқытудың сапасын жоғарылатудың шаралары;

-  әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту, оның ішінде денсаулық сақтау бойынша да;

-  «Ақпараттық Қазақстан-2030» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу.

Мақалада берілген тапсырмалар Үкіметтің 2012 жылдың 23 шілдесінде қабылдаған №961 «Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында берілген тапсырмаларын орындаудың шаралары жайлы» жоспарында көрініс тапты.

Әлеуметтанулық зерттеулердің көрсетуінше, доминантты нарықтық қатынастарды есепке ала отырып, Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеологиясын алға тарту халық үшін күтпеген жағдай болды. Кейбіреулер бірден бұл мақаланың мәнін түсіне алмады. Дегенмен, халықтың негізгі бөлігі бұл идеологияны Президент Н.Ә. Назарбаевтың ойының өнімі ретінде қабылдап, қолдады. Кейін халықтың зейіні Жалпыға ортақ қоғамның идеологиясын бойына сіңірген «Қазақстан-2050» стратегиясы сияқты кең құжатқа ауысқан болатын.

Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) жұмыспен қамту мәселелері бойынша баяндамасында әлеуметтік тұрақсыздық деңгейін төмендету қажеттілігі мен бұл мақсатқа жету жолын лайықты еңбекті кеңінен тарату арқылы қалыптастыруға үлкен көңіл бөлінген («Employment, rather than growth, is a key determinant of social unrest», 2011).

Жаһандану, қазіргі экономиканың тиімділігін арттыру қалыптасқан әлеуметтік-еңбек қатынастарын тұрақсыздандырып, әлеуметтік және саяси тәуекелдерді ұлғайтып, қазіргі әлемнің әлеуметтік-экономикалық болмысын қомақты өзгерістерге ұшыратты. Жұмыспен қамтылудың тұрақсыздығының өсуі экономикалық және әлеуметтік салдарларға әкеліп отыр. Орнықты экономикалық өсім сая-си тұрақсыздық орын алған тұста мүмкін емес, бұл болса, сөз жоқ, жетілдірудің са-палы тұстарына сүйеніп, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы практика мен сая-сатты өзгертуді талап етеді.

Айдарлар
Яндекс.Метрика