Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ

«Қазақстан-2050» стратегиясында Президент жаңа қазақстандық патриотизм қалыптастыру мәселесін ерекше атап өтті.

Бұл біздің еліміздің саяси философиясындағы жаңа сөз екендігі күмәнсіз, өйткені Елбасы бұл мәселені түбегейлі жаңа сипатта көтерді.

Жаңа патриотизм болашаққа деген сенімділікке негізделеді, онсыз толыққанды мемлекет құруға болмайды.

Патриотизмнің басты негізі мемлекет пен азаматтың мақсаттары барлық негізгі бағыттар бойынша түйісуімен сипаттала-ды. Мемлекет пен халық мұны саналы түрде түйсініп, бірге жұмыс істеуі қажет.

Жаңа саяси категория – сенім категориясы енгізілді. «Келешек бар кезде ғана, даму үшін, жеке және кәсіби тұрғыда өсу үшін мүмкіндіктер бар кезде ғана азаматтар мемлекетке сенім артатын болады».

Патриотизм – бұл ең алдымен, туған елді, оның жетістіктерін мақтан тұту.

Алайда бүгінгі күні қалыптасқан мемлекеттің жаңа кезеңінде бұл түсінік жеткіліксіз болып қалады. Сенім категориясының қалыптасуы негізінде прагматикалық және нақты шынайы қатынас жатады: мем-лекет әрбір азаматқа өмірдің сапасын, қауіпсіздікті, тең мүмкіндіктер мен келешекті кепіл етуі тиіс.

Жаңа қазақстандық патриотизм – бұл азаматтардың құқықтарының теңдігі және тең мүмкіндіктер.

Этносаралық қатынастар мәселесінде ешқандай да қосарланған стандарттар болмауы керек. Ешқандай этносқа да ешқандай артықшылықтар берілмейді, құқықтар мен міндеткерліктер барлығы үшін бірдей.

Біз өз еліміздің бірде бір азаматын «қамқорлықтан тыс» қалдыра алмаймыз. Әрбір қазақстандық биліктің қолдауы мен сүйенішін сезінуі тиіс.

Жалпы, Президенттің «Қазақстан-2050» стратегиясын жариялаудан кейін жасаған баяндамалары идеологиялық өрістің қайта форматтандырылуы мен жандандырылуы

байқалатын ортақ идеологиялық мазмұнды құрайды.

Оған қоса, Алматыдағы Пекиндік олимпиада отының эстафетасын, Азиаданы, ЕҚЫҰ саммитін өткізу, Назарбаев Университетін құру тәжірибесі қоғамдық сананың идеологиялық импульстарға қандай да бір қажеттілік білдіретінін анықтады.

Бұл Қазақстанның халықаралық өмір мен аймақтық экономикалық бірлесушіліктің жаңа кезеңіне өтіп жатқан жағдайында өте маңызды болып табылады.

Біздің ел ирандық ядролық тақырып бойынша, Ауғанстанның реабилитациясы мен қайта жаңғыртылуы бойынша келіссөздерді өткізудің орны болып таңдалды. Қазақстан G-20 саммитіне қатысу үшін шақырылды. 2013 жылдың мамыр айында өкілдердің қатысу деңгейі жоғары болған 6-шы Астана экономикалық форумы мен БҰҰ қолдауымен G-глобал идеясын жүзеге асырудың жалғасы болып табылатын Бірінші әлемдік дағдарысқа қарсы конференция өткізілді. Ақырында, Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақты құрудың жолы бойынша жүріп келе жатыр.

Бұл тұрғыдан алғанда, ХІ Еуразиялық медиа-форумда (2013 ж. 25 сәуір) Елбасы қысқа, нақты және сенімді түрде тәуелсіз Қазақстан құндылықтарының мызғымастығын дәлелдеп, оларды динамикалық режимде қорғап, нығайту керектігін атап өтті.

Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның алғаш рет тәуелсіздік алып, еркіндіктің қадірін сезгендіктен, бір сәтке де өз жетістіктерінен бас тартпайтынын да айтып кетті. Қандай да бір бірлестік мемлекет тәуелсіздігіне қауіп келтірген жағдайда, Қазақстан осы ұйымнан ойланбастан шығып кетуге дайын екені де айтылды.

Осылайша, жаңа қазақстандық патриотизм – бұл өз мемлекетіне сыртқы әлеммен толыққанды коммуникация жүргізуіне кедергі келтіріп, оны дамытуға қарсы келетін патриотизм емес.

Қазақстанда Тұңғыш Президент – Елбасының ерен еңбегінің арқасында біз ұлттық ренессанс кезеңін еш қиындықсыз ба-сымыздан кешірген болатынбыз. Бұл мәселе әдетте республиканың атауы мен тіл мәселесі жөнінде пікірталастардан көрініс табатын. Этносаралық келісім – Қазақстанның бас-ты құндылығы мен артықшылығына айналды. Қазақ халқының танытқан күш-жігері мен жауапкершілігі титулды емес ұлттардың мемлекеттің құрылысына өз мүдделерін білдіре отырып, қатысуды және қазақ мәдениеті мен қазақ тілін мойындаудың негізінде бірегей қоғамдастыққа бірігуді талап етеді.

Айдарлар
Яндекс.Метрика