Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ЖАҺАНДЫҚ ДАҒДАРЫС

Адамзат өркениеті дамуының әр түрлі салаларындағы әлемдік деңгейдегі дағдарыс: саясатта, идеологияда, әлемдік экономикада, әлемдік қаржы жүйесінде,ғылым мен техникада, экологияда.

2008 ж. АҚШ-та ипотекалық, жинақтаушы қор мен капитал нарығының құлдырауынан кейін әлемдік экономика мен саясатта пайда болған жағдайдың сипаттамасы. Дағдарыстың бірінші белгілері 2007 ж. Freddie Mac и Fannie Mae сияқты екі жетекші американдық ипотекалық компаниялардың банкротқа ұшырауынан кейін байқала бастады. 2008 ж. қыркүйегінде «WallStreet» қаржылық орталығының негізін құрайтын ірі банктердің: MerrillLynch, Citigroup, LehmanBrothers, GoldmanSachs банкротқа ұшырауынан кейін компаниялар котировкаларының 40 пайызға төмендеуі басталды. Корпорация акцияларын иемденген адамдардың шығын көлемі 8 трлн. долларды құрады. Дағдарыстың себептері әр түрлі, оның ішінде әлемдік экономиканы туынды құнды қағаздардың (деривативтер) басып алуы, «алтын миллиард» тобында тұтынушылықтың көбеюі есебінен мемлекеттер арасында дисбаланстардың өсуі, мемлекеттік қарыз, артық құрылыстардың жүргізілуі мен қызмет көрсету салаларына салымдардың шамадан көп салынуы, деиндустрияландыру. Әлемдік экономика шамадан тыс деформацияға ұшырады. Бұл жағдайда өндірістік капитал шынайы өндірілген өнімнен 10 есе асып түсті.

Бұған ешкім нақты түсініктеме бере алм ады алайда 2009 ж 29 қаңтары м ен 1 ақпан аралығында «Постдағдарысты әлемнің қалыптасуы» тақырыбы бойынша өткізілген Давостық форум әлемнің 96 мемлекетінен 2,6 мың қатысушыларын жинап, дағдарыстың пайда болу себептеріне түсініктеме беруге тырысты.

2008 ж. 15 қарашасында Вашингтон қаласында алғаш рет әлемдік дағдарысқа арналған G-20 саммиті (әлемнің 20 ірі экономикалары) өткізілді. Бұл шара бұрындары қолданыста болған G-8 пікірталас алаңының одан әрі кеңейіп, әлемдік сұхбатқа айналуының белгісі болды. Дегенмен, мәселенің нақты диагностикасы мен ортақ шешімдері жасалынып, көрсетілмеді.

Дағдарыс дамушы мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға да ықпалын тигізді. Осыған орай, елімізде дағдарысқа қарсы жеке жоспар қабылданды. Болып көрмеген сынқатерлерге қарсы іс-шаралар қолдану керек болды, өйткені, еліміздің экономикасы одан әрі ашық болып, әлемдік үрдістерге кірісті.

Ұлттық қор дағдарысқа қарсы жоспар тиімділігінің негізіне айналды. Одан 18 млрд. доллар немесе ЖІӨ 14 пайызы бөлінген болатын. Дағдарыспен күресу шараларының негізі қаржының инфрақұрылымдық жобаларға бағытталуы болды. Кезінде мұндай шараны АҚШ Ұлы дағдарыс кезінде қолданған болатын. Бұдан басқа маңызды бағыт сұранысты қолдау болды. Жүйені құраушы банктердің банкротқа ұшырап тұрғанына қарамастан, олардың құлдырауына жол берілмеді.

Депозиттер бойынша кепілдемелер 5 млн теңгеге дейін ұлғайды. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның басты операторы ретінде ҰӘҚ «Самрұқ Қазынаның» капиталы 5 млрд.-тан 40 млрд. долларға дейін көбейді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде ЖІӨ өсімі мен өнеркәсіптік өндірістің деңгейі 3% шамасында сақталынып қалды.

2009 ж. ақпанында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Дағдарыстың кілті» атты мақаласы шығып, онда жаңа дағдарыстың бұрынғыларға қарағанда табиғаты мүлдем өзгеше болатыны келтірілді. Сонымен қатар, мемлекеттердің дағдарыс себептері мен табиғатын емес, тек нәтижесін ғана жоятыны туралы айтылады. Әлемдік үрдісті өлшеу мен терминологияны ауыстыру ұсынысы ойдың басты негізіне айналды. Барлық мәселелердің шығу тегі Тұтыну қоғамына меңзелді. Мақала 2009 ж. қыркүйегінде «Бесінші жол» жаңа материалымен толықтырылды. Онда халықаралық валюталық жүйенің құрылу бағдарламасы мен жаңа класстағы валюталарды қалыптастыру туралы айтылды. Дағдарысқа қарсы бағдарлама Қазақстанда жыл сайын өткізілетін Астана экономикалық форумының басты мәселесіне айналды. 2013 ж. мамырында өткізілген кезекті форумға 12 мыңға жуық адам қатысты, ол өз кезегінде 2008 ж. бірінші рет болған АЭФ-ның қатысушылар санынан 13 есе асып түсті. АЭФ жанынан Нобель лауреаттарының Клубы құрылды.

Бұл форумның ерекшелігі оның 2013 ж. қыркүйегінде Санкт-Петербург қаласындағы G-20 саммитінің аутрич-стратегиясының шеңберінде өткізілуі болды. Қазақстан алғаш рет форум төрағасының міндетін атқарған Ресей Федерациясымен шақырылған болатын. Сонымен қатар 6-шы АЭФ-мен қатар БҰҰ қолдауымен Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференция өткізілді.

Жүріп жатқан үдерістердің мәні жаһандық дағдарыстың әлі де жалғасып жатқанына негізделеді. Әлемдік экономика ұзақ рецессияға түсіп жатыр, оған ұлттық үкіметтердің дағдарысқа қарсы шараларының кері жағы ретінде протекционизм әсер етуде.

Трансшекаралық несиелеу мен инвестициялардың көлемдері төмендеді – қазіргі таңда олар дағдарысқа дейінгі деңгейдің 60 пайызын құрайды. Жаһандық жұмыссыздық өсіп жатыр. Халықаралық еңбек ұйымының болжамы бойынша осы жылдың өзінде әлемде жұмыссыздар саны 200 млн. адамнан асып кетеді. 2013 ж. басында Еуропада 26 млн. жұмыссыз адам есептелінді. Ол бес жылдан бері 1,5 есе көбейген. Көптеген мемлекеттер білім беру, медицина мен адамның әлеуетін дамытуға жұмсалатын шығындарын қысқартып жатыр. Оксфорд сарапшыларының есептеулері бойынша ғаламның барлық жеткілікті қамтамасыз етілмеген адамдардың тең жартысы G-20 мемлекеттерінде тұрады. 250 млн. адам өмірлік игіліктерін қамтамасыз ету үшін миграциялауға мәжбүр, ол өз кезегінде жаппай әлеуметтік мәселелерді тудырып отыр.

Мұндай жағдайлардың аясында Грекия, Кипр, Испания мен Италиядағы жағдай еуроаймақтағы қаржылық реттеу мәселесін айқындайды. Көлеңкелі капиталдар маңызды мәселе болып табылады. Кейбір деректер бойынша, ұлттық экономикалардан оффшорлық аймақтарға шығарылған қаржының көлемі 30 триллион долларды құрайды.

АҚШ-та 2013 ж. қазан айында бюджет дефициті және демократтар мен республикашылдардың позицияларының қайшылықтары салдарынан 700 мыңнан астам мемлекет қызметкерлері төленбейтін демалысқа жіберілді.

Осы айтылғандарға байланысты Қазақстан G-глобал негізінде коммуникативті және идеологиялық платформада сұхбатты дамыту бойынша өз бағытын жалғастырып жатыр.

Айдарлар
Яндекс.Метрика