Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

БІЗДІҢ ЗАМАНЫМЫЗДЫҢ ҚАҺАРМАНДАРЫ

Қайнар көздерге сүйенсек, қаһарман дегеніміз – бұл: а) ерлік жасаған, жеке қайсарлық танытып, өзінің құрбандыққа даяр екендігін көрсеткен адам (ұлт, халық батыры); ә) өзіне көңіл аудартқан, баршаның қызығушылығын тудырған, еліктеу үшін үлгі болатын адам; б) өз дәуіріне тән қасиеттерді бойына жинаған тұлға. Гегель бойынша қаһарман немесе батыр – бұл ұлттық рухтың көрінісі.

Қаһармандар феномені Д. Бруно, Д. Вико, Г. Гегель, П. Сорокин, К. Маркс, Ф. Шлегель, Р. Эмерсон, Т. Карлейл және тағы басқа-лардың еңбектерінде көрініс тапты. Д. Вико мен Г. Гегель қаһармандықты Ежелгі Греция тарихындағы антикалық мифологияда көрініс тапқан «қаһармандық кезеңмен» байланы-стырады. Қазіргі таңда әрбір адам үшін іс-әрекет нормасы, құқықтары мен міндеттері арасында теңдік шарттары қалыптасқан жағдайда батырлық үшін орын қалмайды.

XIХ ғасырда Т. Карлейль, Ф. Шлегель, Р. Эмерсон тәрізді философ-романтиктер қаһармандық мәдени-тарихи үдеріске тікелей ықпал етеді деп есептеді, себебі, батырлар кезкелген халықтың дамуында ерекше рөл атқарды.

Қаһармандық құбылысының алуан қырын түсіну ғасырдан ғасырға өзгеріп отырды, алайда, әрбір кезеңде де түрлі мәдени-тарихи кезеңге жататын адамдарға байланыссыз құндылық болып табылатын бейне болған. Батырлар – бұл әлемді өзгертуге ұмтылатын адам-дар. Батырлықтың табиғатында кемелдікке деген ұмтылыс бар және адамзаттың рухани мәдениетінің бөлігі ретінде ол жаңа формалар мен анықтамаларда қызмет ете бастайды.

Ежелгі Грекия дәуірі классикалық қаһармандық кезеңі болып есептелінеді. Спартандықтардың қайсарлығын, Ахилестің, Гектордың ерліктерін, Троя жөніндегі аңыздарды еске түсірсек те жеткілікті. Бұлардың барлығы қазіргі таңдағы көркем киноөнімдерде көрініс тауып отыр.

Қаһармандық көп жағдайда өзін-өзі құрбан етудің бөлігі ретінде трагедия және өлім проблематикасымен байланысты. Мәселен, Жапониядағы самурайлар, сонымен қатар, Мэйдзи кезеңі.

Қаһармандық құбылысы мемлекет дамуындағы күрделі кезеңдермен байла-нысты. Қаһармандық – бұл адамның өз даралығынан жоғары көтерілу және өзін-өзі құтқару инстинктін жүзеге асырумен бай-ланысты әдеттегі санадан тыс іс-әрекетке бару. Батырлық немесе қаһармандық әскери кезеңдерге тән. Алайда, бірқатар батырлар идеологиялық әдістер арқылы қалыптасуы мүмкін, мысалға стахановшылдар қозғалысын келтірсе болады.

Қаһармандық тек жағымды жақтағы кейіпкерлерді ғана емес, сонымен қатар, жағымсыз кейіпкерлерді де қамтиды. Мәселен, жалған романтикалық ауанға оранған қылмыстық әлем. Дон Карлеоне (өкіл әке) туралы әйгілі аңыздар осыған дәлел.

Американдық кинематограф батырлардың жаңа түрлерін – суперменді, агент 007, терминатор, масканы дүниеге келтірді, бұлар ерекше дарынға ие болған адамзат тегінің өкілдері.

Қаһармандар қатарын қалыптастыру халықтың қалыптасқан деңгейін білдіреді, алайда, қаһармандық көп жағдайда, саяси мифтердің қалыптасуымен де байланысты, яғни, батырлық мифологизациямен қатар дамиды.

Мифологизацияны кейде өтірік және жалған нәрселермен қате байланыстырыла-ды. Алайда, бұл әлеуметтік шынайылықтың қалыптасу құбылысы. Ақпараттық дәуірдегі қоғамдық сана айғақтарға, деректерге және мәліметтерге толы. Сондықтан адамдарды таң қалдыру оңай емес. Белгілі бір адамға немесе құбылысқа назар аударту үшін белгілі бір мифтерді туындату және қолдаумен байла-нысты имидж-конструкциялау үрдісі жүреді. Басқаша айтқанда, миф – бұл шынайылықтан ерекшеленетін, алайда шынайылыққа қарсы қойылмайтын құбылыс.

Қазіргі Қазақстанда жаңа тарихтың ұлттық қаһармандары пайда болды. Солардың ішінде, ең жоғарғы мемлекеттік сыйлық иегері – Халық қаһарманы – ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев, 1986 жылы желтоқсан оқиғасында қаза болған Қайрат Рысқұлбеков, Ауған соғысының батыры генерал Бақытжан Ертаев, адамдарды өз өмірінің құнымен қорғаған тараздық полицей Ғазиз Байтасов.

Афины, Пекин, Лондондағы Олимпиада ойындарында жүлделі орындарға ие болған спортшылар Қазақстанның ұлттық батырла-рына айналды, өскелең ұрпақ үшін үлгі болған ұлттық мақтаныш және отандық рәмізге ай-налды. Олар балуандар – Юрий Мельниченко, Дәулет Тұрлыханов, Ислам Байрамуков, Асқат Жіткеев; боксшылар – Бекзат Саттар-ханов, Бахтияр Артаев, Василий Жиров, Ер-махан Ыбрайымов, Бақыт Сәрсекбаев, Серік Сәпиев; ауыр атлеттер – Анатолий Храпатый, Илья Ильин, Майя Манеза, Зульфия Чин-шанло, Бақыт Ахметов; шаңғышылар – Владимир Смирнов, Елена Хрусталева; жеңіл атлеттер – Ольга Шишигина, Ольга Рыпакова; велосипедші – Александр Винокуров.

Қаһармандар күнделікті қу тіршілік тәжірибесі шеңберінен тысқа шығып кететін қылықтармен байланысты болады. Бұл іс-әрекеттерді біз батырлық деп атаймыз. Алай-да, мұндай қылық танытатын адамдар әдеттен тыс іспен айналысып жатырмыз деп ойламай-ды. Қарапайым қазақстандықтар күнделікті мақтауға тұрарлық көптеген іс-әрекеттер жасайды: қайрымдылықпен айналысады, төтенше жағдайларға түскен адамдарды құтқарады, жетім балаларды асырап алады және өзге де көптеген іс-әрекеттерге барып: «Өмірде әрқашан да батырлыққа орын бар» деген қанатты сөздің растығын дәлелдейді.

Айдарлар
Яндекс.Метрика