Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

БІР ЕЛ – БІР ХАЛЫҚ

«Бір ел – бір халық» – «Қазақстан-2050» стратегиясындағы» ұлттық саясаттың басты қағидасы. Бұл үндеу 2013 ж. сәуір ай-ында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясының да негізгі тақырыбына айналды.

Осы тұрғыда Елбасы негізгі басымдықтарды белгілеп берді:

1. Жаңа қазақстандық патриотизм. Ел бірлігі және мемлекет тағдырына деген әр азаматтың жауапкершілігіне, құқық пен мүмкіндіктер теңдігіне негізделген.

2. Қазақ ұлтының этносаралық келісім мен ынтымақтастыққа, өзге этностардың құқықтарының шектелмеуіне деген жауапкер-шіліктері.

3. Қазақ тілінің дамуы және тілдердің үштұғырлылығы идеологиясы.

4. Өз мәдени-ұлттық даралығымызды нығайту және жүйелендіру бойынша жұмыстарды жалғастыру.

5. Ұлттық интеллигенцияның рөлі.

6. Қазақстандықтардың басым бөлігінің мұсылман үмбетіне жататындығын ескеретін зайырлы мемлекет қағидасы.

7. Радикализм мен экстремизмге қарсы күрес.

Елді бір қанаттың астына біріктіруге бағытталған бұл ұран 2010 ж. Ел бірлігі доктринасын қабылдау төңірегінде ұзақ уақыттар бойғы жүргізілген идеологиялық пікірталастың нәтижесі еді.

Аталған Доктринаны қабылдау бойынша жұмыстар Елбасының 2008 ж. қазан айын-да өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 14 сессиясында берген тапсырмаларына сәйкес жүргізілді.

Ең қызу пікірталастар қазақ халқының рөлі мен миссиясы, мемлекеттік тілді ары қарай дамыту мәселелері төңірегінде болды. «Ұлт» түсінігі және оның сан түрлі баламалары пікірталастың негізгі күрмеуі болды.

Жалпыұлттық келісімнің нәтижесінде «бір ел – бір тағдыр» формуласы жасалды.

Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңіндегі басты міндеті этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды шоғырландыру болса, ал ел дамуының жаңа кезеңінде стратегиялық басымдылық құндылықтар мен қағидалар жүйесінің барлық азаматтар үшін ортақ екендігін мойындауға негізделген Ұлттық бірлікке қол жеткізу болып табылады.

Сондықтан ұлттық бірлік негізделетін бірінші негізгі қағида әрбір азамат пен оның Отаны – Қазақстан Республикасы тағдырының ортақ екендігін түйсіну болып табылады.

Біздің ұлттық бірлігіміз әркімнің этностық шыққан тегіне қарамастан өзін Қазақстанмен және оның болашағымен сәйкестендіруіне негізделеді. Бізде – бір Атажұрт, бір Отан, ол – Қазақстан Республикасы. Бұл таңдауды терең түйсіну – барлығымыз үшін басты біріктіруші бастау.

Басқалардың заңына бағынып, бір мемлекетте өмір сүру, азаматтың барлық құқықтарын иеленіп, оның міндеттерін атқармау мүмкін емес. Құқықтар мен міндеттердің бұл біртұтастығы біздің тағдырымызды да, біздің болашағымызды да тұтастыққа байластырады.

Жалпы ортақ болашақты құруға атсалыспай бір тағдырмен өмір сүру мүмкін емес. Тәуелсіздікке қолымыз жеткен соң біз өз елімізді бірлесіп құрудың тарихи мүмкіндігіне ие болдық. Барлығымыз да осы жылдар бойы күшті, епті, осы заманғы мемлекет қалыптастыруға біріге күш-жігер жұмсадық. Біз бірлігіміздің, өз рухымыздың мықтылығы мен ынтымағымыздың арқасында елдің егемендігін, оның территориялық тұтастығын сақтап қалдық, қауіпсіздікке, экономикалық дамуға, азаматтық келісімге қол жеткіздік. Осының барлығы – біздің бірлескен еңбегіміздің нәтижесі.

Сондықтан біздің әрқайсысымыз өзіміздің барлығымыздың бір Отанның ұлқыздары екендігімізді, ал біздің Тәуелсіздігіміз көптеген ұрпақ буындарының шындыққа айналған ар-маны, еңбектің нәтижесі, халықтың еркі мен қаһармандығының жемісі екендігін түсінуіміз керек. Тәуелсіздік пен ежелгі қазақ жерінде құрылған мемлекеттің дамуы – біздің басты құндылығымыз.

Жаңа тарихи жағдайларда елге өзінің ардақты атауын берген қазақ халқының алдын

да жаңа тарихи міндет тұр: Ұлтты біріктірудің шоғырландырушы орталығына айналу. Бұл болса, ерекше жауапкершілік жүктейді.

Біздің ұлы мақсатымыз – этностық шығу тегімізге қарамай топтасып, ұлы халыққа ай-налу, біздегі бар ең қастерліміз – егеменді және тәуелсіз Қазақстанды көздің қарашығындай сақтап, келесі ұрпаққа аманат етіп тапсыру. Осы үшін осы уақытқа дейін біздің бірлігімізге кедергі келтіріп келген ойдан шығарылған барлық тосқауылдар мен пайым-түсініктерден арылуымыз қажет.

Әлемдік дискурста да бір-біріне бәсекелес екі теориялық концепциялардың дамуы әлі күнге дейін жалғасуда.

- Біріншісі – саяси ұлт.

Бұл концепт француз конструктивистерінің зерттеулеріне негізделген. Конструктивизм жақтаушылары «ұлт» түсінігін саяси элитаның интеллектуалды ой жемісіне негізделген «қиялдағы» қауымдастық деп санады. Саяси ұлттар өндірістік дәуірдің феномендеріне жатады және де олардың индикаторы болып стандартты білім, ғылым мен техниканың дамуы, БАҚ саналады. Сонымен қатар, конструктивистердің пайымдауынша этнос және этностық бірегейлік өндіріске дейінгі дәуірде ешқандай да маңызды рөлге ие болған жоқ, себебі ол кездері бірегейліктің өзге фор-малары бар еді (сословие, дін, каста, ру).

- Екіншісі – этноұлт.

Аталған бағытты ұлтты биологиялық немесе моноэтникалық шығу тегі тұрғысынан қарастыратын неміс мектептері ұсынған және мұны ұлттың әлеуметтік биологиялық примордиализмі теориясы деуге де бола-ды. Этноұлттар туралы ілімнің негізін тілдік зерттеулер құрайды, себебі лингвистикалық жүйенің ұқсастықтары мен айырмашылықтары арқылы бір аймақта тұрмайтын халықтардың арасында туысқандық байланыс табылды. Бұл немістердің үндіеуропалықтардан, ерекше қасиеттерге ие болған мифологиялық көне «арийліктерден» биологиялық түрде тарағаны туралы пайымдайтын арий ұлтының тұжырымдамасы.

Дегенмен, сарапшылардың пікірінше, при-мордиализм тұжырымдамасы ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап өз позициясын жоғалта бастады. Ұлтты индустриялық дәуірдің жемісі деп қарастыратындардың көзқарастары да өзгере бастады. Постиндустриялық кезеңде азаматтардың арасында әлеуметтік желі қалыптасуы мүмкін және оның әсерінен олардың географиялық жағдайы да маңызды болмай қалады. Нәтижесінде азаматтар бір аймақтан екінші аймаққа емін-еркін ауысып жүре береді және олар үшін құндылықтар жүйесі ретінде мемлекеттің де ешбір маңыздылығы жоқ.

Сонымен қатар, модернизация және постмодернизм категориялары да қызу пікірталастарды тудыруда. Зерттеушілер дін сияқты, бірегейліктің дәстүрлі құрылымының ренессансы пайда болғанын атап өтуде.

Сарапшылардың бағалауынша, бүгінгі таңда әлемдік дін саласында тектоникалық өзгерістер болып жатыр. Бұл жағдайдың басты факторы ислам діні жақтастарының санының артуы. Соңғы 15 жыл барысын-да аталған дінге бет бұрғандардың саны бір жарым миллиард көлеміне (жер шары тұрғындарының төрттен бір бөлігі) жетті. Этностық тұрғысынан мұсылман конфессия-сына жататын тұрғындардың да саны барынша арта түсуде.

2025-ші жылға дейінгі болжам бойынша ислам дінін ұстанатындарының саны бойынша бірінші орынға шығады.

Ислам діні рөлінің өсуіне әсер еткен келесі әлеуметтік факторлардың бірі – аталған дінді ұстанатындардың ішкі рухани бірлігінің жоғары деңгейде болуы. Канадалық әлеуметтанушы   Г. Сенардың   бағалауынша мұсылмандардың ішкі рухани бірлігі 92%-ға жетіп үлгерді, ал бұл біртұтас халықтың санымен парапар. Аталған бағыт әлем назарын исламның дамуына бұрады.

Мұсылмандық этностар өздерінің көшіп-қонуға деген икемділігімен ерекшеленеді, әсіресе олар христиан дінінің территориясы саналатын жерлерге де белсенді көшіп бару-да. Мысалы, қазіргі таңда Еуропа мұсылман елдерінен келушілердің нағыз орталығына айналды. Осының аясында еуропалық мемлекеттер елге қоныстанушылардың санын шектеуде. Еуропа көшбасшылары тіпті, мультимәдениет идеологиясының күйрегенін алға тартады.

Осы орайда, қоғам қалыптасуының этно-генетикалық формасын қамтитын жаңа зерттеу әлеуеті пайда болды.

Осылайша, Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы» Жолдауы ұлттың қалыптасуы мәселесіне қатысты барлық сұрақтардың алдын алатын құжат ретінде сипатталады. Этностардың конвергенциясы және интегра-циясы Қазақстан халқы ретінде бір қанаттың астына жиналуы, мемлекетті қалыптастырушы этностың жауапкершілігі қандай деген сияқты сұрақтарға жауап береді.

Айдарлар
Яндекс.Метрика