Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

БҮКІЛҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІРЕГЕЙЛІК

Қазақстандықтардың өздерін ортақ мемлекет – Қазақстан Республикасы азаматтары мен біртұтас халқының бөлігі ретінде сезінуі мен тиесілі етуі, тұрғылықты халық арасында бірегейліктің өзге түрлері ішіндегі азаматтық бірегейліктің басым түсуі.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы» жаңа Жолдауы Қазақстанның посткоммунистік транзитіндегі үлкен үдерістің аяқталуын көрсетті, бұл транзит негізінен үш бағыт бойынша жүрді: нарық қатынастарын енгізу, жаңа саяси институттарды құру, қоғамдық сананы өзгерту.

Қоғамдық сананың түбегейлі өзгеріске түсуі бірінші кезеңде қоғамның, бейне-леп айтқанда, «мәдени зақым алуынан» сауығуымен байланысты болды. Аталмыш құбылысты ашқан автор – П. Штомпка, ол оның нышандары ішінде бірегейлік (идентичность) дағдарысын, сенімсіздік синдромының пайда болуын, халықтың селқостығын бөліп көрсетті. «Мәдени зақым» факторы наразылық деңгейінің, халықтың қалыптан тыс ұлғайған саяси белсенділігінің өсуіне, со-нымен қатар, әлеуметтік ыдырауға, құлдырауға (алкоголизмнің, нашақорлықтың, қылмыстың, ажырасудың, суицидтің өсуі) үлесін қосты.

Мәдени зақымның нәтижесіне кеңес адамы, коммунист, партия, СОКП, Ленин сияқты бірігейліктерді қоса алғандағы, оның тұтастай қабаттары тоқырауға ұшырайды. Өткен дәуірдің құндылықтары мен идеалдары бір мезетте құрдымға кетті. Осының нәтижесінде, адамдар ұзақ мерзімді болашаққа бағытталуды доғарды. «Уақытша» құбылыстар пайда бол-ды.

Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңдеріндегі мемлекеттік институттардың әлсіздігі қоғамның өзін өзі реттеу күштерінің пай-да болуына, ал олар өз кезегінде, формальді емес қозғалыстарға, ұйымдасқан қылмыстың өсуіне алып келді. Халықта идеологиялар мен партияларды орнықты қабылдамау сезімі қалыптасты. Жаппай аман қалу кезеңі келіп, анағұрлым берік әлеуметтік топтардың қоғамдық іріктелуінің өзіндік тетіктері пайда болды. Жаңа ұлттық мемлекеттің элементтерін көтере алмаған титулды емес этностар үшін аман қалу әдісі миграция болды.

Ендігі кезде, мемлекет тәуелсіздігін алғалы бері ширек ғасырға жуық уақыт өткен соң, негізгі үдерістер нақты көрініс бере бастады. Мәселен, экономикалық өсім үдерісі, партиялар қызметтері, Парламент, үкіметтік емес ұйымдар. Осылардың аясында «орныққандар» – Қазақстанның жаңа азаматтары, жаңа қауымдастық болып табылады. Бұл туралы 2013 ж. сәуірінде өткен медиа-форумда Тұңғыш Президент – Елбасы нақты баяндаған болатын.

Осылайша, қазіргі таңдағы біздің қоғамымыз әлеуметтік және партиялық ұйымды мұра қылған ескі қоғамның қалдығы емес. Тәжірибе, әдеттер, құндылықтар, ойлар, тіпті бағыттар да өзгерді. Адамдар арасында жақындастықтың орнауы, сенімсіздіктің жойылуы мен қашықтықтың азаюы орын алды. Бұған ішкі салиқалы саясат, этносаралық және конфессияаралық келісім, экономикалық өсім, ақырында адамдардың өмір сүру деңгейінің артуы үлестерін қосты.

Осыған орай, азаматтарының мүдделеріне сай болғандықтан, мемлекет тартымды бола бастады. Сол себепті де республика тұрғындарының бірегейленуі де түбегейлі өзгеріске ұшырады. Егер, тәуелсіздіктің алғашқы кезеңдерінде қазақстандықтардың 86% пайызы ескі жүйеден тыс өмірді елестете алмай, абдыраған күйде болса, қазіргі таңда олардың 84% сенімді түрде Қазақстан Республикасының азаматтығы бірегейліктің негізгі өлшемі болып табылады деп есептейді.

Айдарлар
Яндекс.Метрика