Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ

Ел масштабындағы басқарушылық үрдістердің бүкіл жиынтығын автоматтан-дыруға негізделген және мемлекеттік басқарудың тиімділігін анағұрлым жоғарылату мен қоғамның әрбір мүшесіне әлеуметтік коммуникация шығындарын азайту мақсатына қызмет ететін мемлекеттік басқарудың жүйесі. Электронды үкіметті құру басқарушылық құжаттармен және оларды өңдеу үрдісімен байланысты міндеттердің толық спектрін шешуді жүзеге асыратын қоғамдық басқарудың жалпымемлекеттік таратылған жүйесін құруды ұйғарады.

Электронды үкімет мемлекет пен азаматтардың, сонымен қатар, мемлекеттік органдардың бір-бірімен өзараәрекеттесудің бірегей механизмін білдіреді, бұл механизм ақпараттық технологиялар арқылы олардың келісімділігін қамтамасыз етеді. Ол мемлекеттік органдарға кезектерді қысқартуға және анықтамаларды, куәліктерді, рұқсат беруші құжаттарды және т.б. алуды жеңілдету мен жылдамдатуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда электронды үкіметті құру идеясы 2004 ж. 19 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің жылсайынғы Жол-дауында мәлімденген болатын.

2004 ж. 10 қарашада «2005–2007 жж. Электронды үкіметті құру бағдарламасы» бекітілді. Енгізуден кейінгі 9 жыл ішінде элек-тронды үкіметтің қалыптасуы мен дамуының төрт жаһандық кезеңдері өткізілді. Бұл кезеңдердің әрқайсысы қазақстандықтарға мемлекетпен өзараәрекет етуде көмектесті.

Бірінші кезең – ақпараттық кезең. Дәл осы кезеңде электронды үкіметтің порталы іске қосылды және ақпаратпен толықтырылды. Мемлекеттік органдар, олардың жұмысы және олардың халыққа көрсететін қызметі туралы ақпарат пайда болды. Сонымен бірге, қызмет көрсету регламенттері келтірілді және танысу үшін нормативті-құқықтық актілер ілініп қойылды.

Бұл кезеңде әрбір қазақстандық қажетті бүкіл ақпаратты – қажет құжаттар тізімін, мемлекеттік баждың көлемін, мемлекеттік органның байланыс мәліметтерін порталдан ала алатын болды.

www.egov.kz электронды үкімет порталы Қазақстан Республикасының ақпараттық технологиялар саласындағы ұлттық оператор «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдинг» АҚ еншілес компаниясынан қолдау көреді.

Екінші кезең – интерактивті, порталда электронды қызметтерді көрсетудің басталуымен белгіленді. Порталды пайдаланушыларға мекемелерге жүгірусіз және кезектерде тұрусыз түрлі мекемелерден анықтамаларды алуға, үйден шықпай-ақ кез келген мемлекеттік органға сұраныс жасауға және олардың жағдайын бақылауға мүмкіндік туды. Электронды үкімет порталында интерактивті қызметтерді енгізу құжаттар пакетін жинауға кететін уақытты бірнеше есе қысқартуға мүмкіндік жасады.

Дәл осы кезеңде ведомстволық ақпараттық жүйелер, мәліметтердің мемлекеттік базасы, электронды лицензиялау және электронды үкімет шлюзы енгізілген болатын.

Электронды үкіметтің дамуының үшінші кезеңі – транзакциялық кезең. Бұл кезеңде азаматтар мемлекеттік салымдар мен төлемдерді, айыппұлдарды, коммуналдық қызметтерді төлеуге мүмкіндік алды. Егер бұрын қызметтерді төлеу үшін банкке бару қажет болса, онда қазір қызметті онлайн алуға және төлеуге болады.

Кәсіпкерлер үшін транзакциялық кезең құнды сыйлық жасады – электронды мем-лекеттік сатып алулар. Пайдасы айқын – өткізілетін байқаулардің, тендерлердің ашықтылығы мен айқындылығы жоғарылады.

Электронды үкіметтің төртінші кезеңі – трансформациялық кезең, электронды үкімет бүгін дамудың осы кезеңінде тұр. Бұдан былай басты мақсат азаматтарға қызмет көрсетуде максималды жеделділік болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін интерактивті және транзакциялық сервистер, қазақстандық азаматтар жиі қажет ететін кешенді қызметтерге біріктірілуде. Қолданушыларда 15 минут ішінде заңды тұлғаны тіркеу немесе ілеспе мәселелерді – жәрдемақыларға өтініш және баланы бала-бақшаға кезекке тұрғызу секілді сұрақтарды шеше отырып, баланың тууын тіркеу мүмкіндігі туындады. Электронды үкімет порталында ерекше көңіл әлеуметтік-маңызды қызметтерге бөлінеді, сондықтан да олардың барлығы электронды форматқа ауыстырылған

Айдарлар
Яндекс.Метрика