Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ТӘРТІПСІЗДІККЕ МҮЛДЕ ТӨЗБЕУШІЛІК

Тәртіпсіздікке мүлде төзбеушілік қоғам мен құқық қорғау органдарының қандай да болсын құқық бұзушылық іс-әрекеттерге, яғни құқықтардың шектелуіне немесе белгілі бір заңның шеңберінде құқықтардың тыйым салынуына қарсы қатынасын білдіреді.

Түрлі мемлекеттерде «мүлде төзбеушілік» түсінігінің өз ерекшеліктері болады. Мысалы, АҚШ полициясы бұл тактиканы ірі мегаполистерге қоныс тепкен көше бандаларымен қарсы күресте пайдаланды. Мәселен, өткен ғасырдың 80-жылдары Нью-Йорк метросының директоры Д.Ганн жер асты теміржолындағы қылмыстық жағдайға байланысты тазалық жұмыстарын жүргізіп, тәртіп орнатқызды. Ол Д. Уилсон мен Д. Келлингтің «сынған терезелер теориясын» (Broken Windows) негізге алған болатын. Ол өз кезегінде былай түсіндіріледі: күтімсіз және қараусыз қалған ғимараттар адамдардың тәртіп сақтаудың жалпы қабылданған нормаларын орындамау-ына түрткі болады, соның нәтижесінде билікке бағынбаудың бұқаралық акцияларына ұласып кететін қылмыс деңгейі өсіп кетеді.

90-шы жылдардың басында Нью-Йорк қаласы жаппай көше қылмысынан және есірткі сатудан азап шекті. Осы кезде танымал американдық саясаткер Р. Джулиани «сынған терезелер теориясын» есепке алып, қала әкімі болғаннан кейін CompStat бағдарламасын бекітті. Бұл бағдарлама бой-ынша қаланың белгілі бір орындарында көше қылмысы қадағаланып, ал оны бұлтартпай құрықтаудың жауапкершілігі аудандық полиция басшыларына жүктелді. Биліктің бұл ойы бойынша полиция қылмыстың өсу үдерістерін ерте кезеңнен бастап тоқтатып, олардың ірі криминалдық толқындарға айналып кетпеуіне жол бермеуі керек.

Аталмыш бағдарламаның тәжірибелік түрде іске асырылуы Нью-Йорк полициясының комиссары У. Браттонға жүктелді, ол өз кезегінде «құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» қағидасын жариялаған бола-тын. Қылмыскерлермен «әрбір көше» үшін таласуға уәде берген Браттон қылмыстың ошақтарын анықтау үшін компьютерлік тех-нологияларды жиі қолдана бастап, екі жыл ішінде ауыр қылмыстардың деңгейін үш есе, ал адам өлтіру қылмысының тең жартысын қысқартқан болатын.

«Сынған әйнектер теориясы» мен «мүлде төзбеушілік» немесе «тәртіпсіздікке мүлде шыдамсыздық» түсінігі АҚШ-та кеңінен таралған болатын. Көше қылмысымен күресудің бұл әдісі АҚШ-тың басқа қалаларында ғана емес, сонымен қатар Еу-ропа, Оңтүстік Африка, Индонезия мен басқа мемлекеттерде де қолданыла бастады.

Мәселен, 2011 ж. тамызында Лондон қаласында жаппай қарақшылық пен тонаушылық бірден лап еткен-де Ұлыбританияда тәртіпсіздікке мүлде төзбеушілік туралы айтыла бастады. Премьер-министр Д. Кэмерон осы жағдайға байланысты өз сөзінде үкіметтің «мүлдем төзбеушілік» туралы аз жариялағанын, бірақ қазіргі таңда бұл ойды міндетті түрде халыққа жеткізу керек екенін айтып кеткен болатын. Оған қоса ол британдық билікке қоғамдық қауіпсіздік жөнінде кеңес беру үшін Нью-Йорк пен Лос-Анджелес полициясының бұрынғы бастығы Б. Братонды шақырған болатын.

Нидерландық Гронинген университеті әлеуметтанушыларының жүргізген эксперименттері құқық бұзушылық әрекеттің өсуі шашыраған қоқыс, дуалдар мен қабырғалардағы мазмұны күдік туғызатын суреттер мен жазбаларға, шудың қатты болуына тікелей байланысты болып келетінін дәлелдеді. Алынған нәтижелер бойынша қоғамдық нормалардың бұзылуымен күресуді олардың алғашқы көрсеткіштерінен бастау керектігі көрсетіледі, өйткені, қоғамға қарсы әрекет көп адамдар үшін үйреншікті болып, қылмысты жүйелік құбылысқа айналдыруы мүмкін.

Қазақстанда осы іспетті ділді қабылдаудың алғашқы көрсеткіштерінің бірі 2011 ж. Сыртқы істер министрлігінің үндеуі болып табылады, онда дипломатиялық корпуста тәртіп бұзушылықтарға мүлдем төзбеушіліктің жарияланғаны туралы мәлімдеме жасалды.

Оған қоса қаржылық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар бойынша мемлекеттік органдармен әріптестік орнату мемлекеттік деңгейде мадақталынады.

Жалпы алғанда, тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік саясаты сақтандыру шараларымен айналысатын ішкі саясат саласына жатқызылады. Ол өз кезегінде Қазақстанда 1995 ж. бастап, яғни «Бейбіт жиналыстар, митингілер, пикеттер мен демонстрациялардың өткізілу тәртібі» туралы заң қабылданғаннан бері іске асырылып келеді. Мұндағы басты ұстаным бір азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің орындалуы басқалардың баламалы құқықтарының бұзылмауына негізделеді.

Бұл арада «Нұр Отан» партиясының «STOPҚылмыс» акциясын іске асыруын айтып кетуге болады. Онда құқықбұзушылықтар болмау үшін сақтандыру шараларын ұйымдастыруға жастар ұйымдарын тартады. Жастардың ҮЕҰ мен ішкі істер ұйымдарының арасында белсенді өзараәрекеттестік көрінеді.

Қазіргі кезде Қазақстанда әлеуметтік шиеленісудің төмендеу деңгейі байқалады. Көбінесе бұл мемлекеттік ұйымдардың, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі қызметінің тиімділігінің жоғарылауына байла-нысты биліктің күшеюіне әсер етеді.

2013 ж. 4 тоқсанында «Демократия институты» ҒЗА жүргізген қоғамдық-саяси жағдайлар мониторингісінің ақпаратына сәйкес өміріне толық риза болған қазақстандықтардың саны 19-дан 27%-ға көбейді. Өміріне риза болғандар саны 74-тен 79,2%-ға көбейді.

Бұл өзгерістер әлеуметтік ортадағы нақты жақсарулармен байланысты. Оның ең бастысы, азаматтардың кірісі мен жағдайының өсуі болып табылады. Бірақ азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйіне бюрократияның біршама шектелуі мен әкімшілік кедергінің шешілуі әсер етеді. Бұл ТҚЕО қалыптастыруға, электронды Үкімет жүйесін ендіруге байланы-сты.

Маңызды мәселелердің бірі – жұмыспен қамту. Есеп беру кезеңінде гастарбайтерлер, еңбек мигранттары мәселесі талқыланды. Қазақстанның еуразиялық кеңістікте ортаазиялық республикалардан айырмашылығы арзан жұмыс күшін қамсыздандырушы емес, қабылдаушы болып табылады.

Жұмыс орнымен қамтамасыз ету мәселесі жергілікті атқарушы билік қызметінің жетістігі мен бағасының көрсеткіші болып табылады. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы деңгейінде әр үшінші мұқтаж қазақстандық жұмысқа алынады.

Жоғарыда аталған факторлардан басқа әлеуметтік нысандар жүйесін кеңейту, телефонмен жабдықтау, телевизиялық көрсетілімді жақсарту сияқты ұзақ мерзімді факторлар даәсер етеді. Бұлардың бәрі әлеуметтік көңіл-күйдің жетекші факторлары. Үй құрылысы мәселесі де өз уақытында жүріп жатыр. Яғни, азаматтар өмірдің жақсы жаққа қарай ауы-сып бара жатқанын көруі тиіс.

Айдарлар
Яндекс.Метрика