Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

СМАРТ-МЕДИЦИНА

Жоғары технологиялық құралдарды және инновациялық емдік дәрі-дәрмектерді қолданумен алдын-ала емдеу, емдік және басқа да медициналық үрдістердің кешені.

SMART — бұл мақсаттар мен қойылған міндеттерді анықтау үшін менеджмент пен жобалық басқаруда қолданылатын аббревиатура. Аббревиатура ағылшын тіліндегі сөздердің бірінші әріптерінен құрылған:

-  нақты (specifc);

-  өлшенетін (measurable);

-  қол жетімді (attainable);

-  маңызды (relevant);

-  нақты мерзімге қатысты (time-bounded). Терминді бірінші пайдалану Пол Мэйрдің

(Paul J. Meyer) жұмысында 1965 ж. және кейін 1981 ж. қарашасында Management Review by George T. Doran. There’s a S.M.A.R.T. way to write management’s goals and objectives еңбегінде айтылады.

Смарт-медицина ақылды, интеллектуалды медицина ретінде бағаланады. Қазіргі уақытта медицина саласында денсаулық сақтаудың компьютерлік технологияларының, ақпараттық жүйелерінің одан арғы дамуының негіздері қаланып жатыр. Денсаулық сақтауға ҚР ЖІӨ-нің 3% жұмсалады, бұл ірі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. «Электронды денсаулық сақтау» – бұл «Қазақстан-2050» Стратегиясы» аясында денсаулық сақтауды дамыту бойынша негізгі міндеттердің бірі.

Дамыған елдердің медицинасында азаматтардың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін ғылыми-техникалық ілгерілеу жетістік-тері кең масштабта және ұзақ уақыт бойы қолданылып келеді. Әлемге әйгілі «Филипс» компаниясы Philips Lifeline GoSafe жүйесін әзірледі, онда қолданушылар кнопкасы бар алқаны үнемі тағып жүреді. Егер пациент халі нашарласа, ол шұғыл әсер ету орталығымен байланысу үшін кнопканы басады. Егер қолданушы кенеттен құлап, көмек туралы белгі беруге шамасы келмеген жағдайда, AutoAlert функциясы құлауды автоматты түрде тіркейді және әсер ету орталығына өз бетінше шақыру жібереді, ал локациялық қызметті көрсету жүйесі пациенттің орналасу жерін дәл анықтайды.

Topol фирмасының әзірлемесі кардиопатологиясы бар пациенттердің маңызды, бірақ ыңғайсыз тәулік бойғы «холтер мониторингінің» жүйесін алмастыруға мүмкіндік береді.

Американдық Mobisante компаниясы MobiUS SP1 деп аталатын визуализацияның ультрадыбыстық жүйесі бар әлемдегі бірінші смартфонды құрастырды – бұл қарапайым 4-дюймдік смартфон мен УДЗ-датчигінің негізінде іске асырылған, салмағы 310 грамм болып келетін ультрадыбыстық зерттеудің қалталық шағын аппараты. Бірақ, аппаратпен жұмыс істеу үшін УДЗ-диагностика бойынша дәрігер біліктілігі қажет. «Смартфондағы УДЗ» АҚШ-та 7500 доллар тұрады.

Қазақстанда соңғы жылдары халыққа медициналық қызметтер ретінде келесідей жаңа диагностикалық және емдеу технологиялары ұсынылады: магнитті-резонансты зерттеулер, ангиография және әртүрлі сирек кездесетін жедел араласуларды жүргізу. Медициналық қызметтерді онлайн көрсету бойынша жоба енгізілуде. Медициналық мекемелердің емделушілер денсаулық сақтау саласындағы соңғы жаңалықтарды біле алатын, мамандарға сұрақ қоя алатын және ең маңыздысы, өткізілген емдеу жайлы пікірлерін қалтыра алатын сайттары қызмет етеді. Болашақта емделушілердің жеке кабинеттерін онлайн құру жоспарланып отыр, олардың көмегімен емделушілер үйден шықпай, өздерінің тексерулерінің нәтижелерін көреді және дәрігер қабылдануына жазыла алатын болады.

2013 ж. «Үлкен Еуропа: шығыс және оңтүстік көршілермен қарым-қатынастың жаңа шекарасы» атты еуропалық бизнес, ғылым және өнер көшбасшыларының Саммитінде Ұлыбританияның арнайы сыйлығының қазақстандық медициналық мекемеге берілуі қазақстандық медицина қызметінің күмәнсіз мойындалуы болып табылады. Сыйлықты алу-шы «Медицина» номинациясында «Еуропаның үздік кәсіпорыны» атағын иеленген «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» РМК болды.

2013 ж. сәуірінде ҚР Үкіметінің оты-рысында Денсаулық сақтау министрлігі 2013–2020 жж. арналған ҚР Электрондық денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасын ұсынды. Электрондық денсаулық сақтаудың тұжырымдамалық көрінісі – 2020 ж. қарай сапалы және тұрақты денсаулық сақтау жүйесін қамтамасыз ететін, өзекті ақпаратты автомат-ты түрде алуды қамтамасыз етуінде.

Айдарлар
Яндекс.Метрика