Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ

Заманауи қарқынды дамып келе жатқан қоғамда «сауаттылық» түсінігінің мазмұны анағұрлым кеңейді. Адамның оқу, жазу және арифметикалық есептерді шығару қабілетін сипаттайтын сауаттылықтың дәстүрлі түсіндірілуімен қатар, «функционалды сауаттылық» түсінігі белсенді пайдалана бастады. Ол салыстырмалы тұрғыда жаңа бо-лып келеді: өткен ғасырдың 60-жылдарының соңында ЮНЕСКО құжаттарында пайда бол-ды. Функционалды сауаттылық – алған білімді өмірлік міндеттерді шешу үшін қолдана алу қабілеті (1958 ж.). Анағұрлым кең мағынадағы функционалды сауаттылық білімнің (бірінші кезекте жалпының) көпжақты адами әрекеттілікпен байланысын ықпалдастыратын, тұлғаның әлеуметтік бағыттылығының тәсілін білдіреді.

«Баршаға бірдей білім туралы» Дүниежүзілік Декларациясының ережелеріне сәйкес білім беру ең маңызды білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс. Олар, өз кезегінде, өзіне білім берудің негізгі дағдыларын (сауаттылық, есептерді шығара алу қабілеті, өз ойын ауызша жеткізе алу, күрделі жағдайларды шеше алу қабілеті) және білім берудің негізгі мазмұнын (білімді, құндылықтар мен түсініктерді қосқанда) игеруді қосады, осының барлығы төмендегілерді іске асыруға қабілетті болу үшін қажет:

-  өміршендік, тіршілікке қабілеттілік,

-  жеке қабілеттерін дамыту,

-  лайықты өмір салтын жүргізу,

-  қоғам дамуына белсенді қатысу,

-  жеке өмірінің жағдайын жақсарту,

-  ерекше шешімдерді қабылдау,

-  білім алуды жалғастыру.

2012 ж. маусымында Қазақстанда Оқушылардың функ ционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жж. арналған ұлт тық іс-қимыл жоспары қабылданды. Функционалды сауаттылық деңгейін бағалау үшін Қазақстан арнайы зерттеулерге қатысады.

Функционалды сауаттылық тұжырымдамасына негізделген, ең танымал халықаралық бағалау зерттеулері Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЕЫДҰ) қолдауымен жүргізілетін, 15-жастағы оқушылардың білім алу жетістіктерін бағалаудың Халықаралық бағдарламасы (Program   for International Student Assessment – PISA) болып табылады.

PISA-2012 зерттеуіне 39 білім беру ұйымдарынан 15 жастағы 1248 оқушы қатысты, олардың ішінде 332 оқушы орыс тілінде, 916 оқушы – қазақ тілінде білім алу-шылар. Қазақстанда PISA-2012 апробациялық зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу туралы баяндама дайындалды және Халықаралық консорциумға жіберілді.

Нәтижелер бойынша, қазақстандық оқушыларды зерттеу келесідей көрсеткіштерді берді:

1) біршама күрделі оқу мәтіндерін ба-рабар қолдануға және олардың көмегімен күнделікті жағдайларда жөн табуға дайын оқу сауаттылығын зерттеуге қатысушылардың қатарындағы оқушылардың үлесі 5%-ды құрайды (ЕЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 28,6%);

2) нақты жағдайда нақты үлгілермен тиімді жұмыс істеуге, әртүрлі тапсырмаларды дамытуға және үйлестіруге дай-ын оқушылардың үлесі, математикалық сауаттылық зерттеулерінің қатысушалырының санынан 4,2%-ды құрайды (ЕЫДҰ елдері бой-ынша орташа көрсеткіш қатысушылардың 16%-ы);

3) жаратылыстану ғылымдарының рөлі туралы қорытынды жасауға, әртүрлі жаратылыстану пәндерінің анықтамаларын таңдауға және біріктіруге және осы анықтамаларды өмірлік жағдайлардың аспектілеріне тікелей қолдануға дайын оқушылардың үлесі, жаратылыстану сауаттылығы зерттеу қатысушыларының санынан 3,6%-ды құрайды (ЕЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 20,5%).

TIMSS (Математикалық және жаратылыс-танулық білім беру сапасын халықаралық са-лыстырмалы мониторингтік зерттеу) зерттеу-лерінде қазақстандық оқушылар жоғары нәтижелерді көрсетеді.

TIMSS-2011 зерттеуіне Қазақстанның бүкіл аймақтарынан 154 білім беру ұйымдарының 4-ші сыныптарының 4389 оқушысы (орыс тілінде білім алушылар саны – 1725, қазақ тілінде білім алушылар саны – 2664) және 8-ші сыныптарының 4408 оқушысы (орыс тілінде білім алушылар саны – 1692, қазақ тілінде білім алушылар саны -2716) қатысты.

Сонымен қатар, функционалды сауаттылық пайдасына Назарбаев Интеллектуалды мектептері әрекет етеді: Педагогикалық шеберлік орталығы, Педагогикалық өлшемдер орталығы құрылған, мектептердің аккредита-циядан өтуі қамтамасыз етілген.

Айдарлар
Яндекс.Метрика