Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша ашылған Астанадағы жоғарғы оқу орны.

Университет білім берудің ұлттық жүйесінің артықшылықтары мен үздік әлемдік ғылыми-білім берушілік тәжірибені үйлестіре отырып, Қазақстанның жоғарғы білім беруінің ұлттық бренді болып табылады. Халықаралық академиялық стандарттарға сәйкес жұмыс істейтін және автономдылық пен академиялық еркіндік қағидаларын басшылыққа алған Қазақстандағы бірінші университет.

Назарбаев Университетінің академиялық және зерттеу бағдарламалары әлемнің үздік 30 жоғарғы оқу орындарының рейтингіндегі әлемнің жетекші университеттерімен серіктестікте әзірленген.

Университеттің басқару органдары Атқа-рушы кеңес, Қамқорлық кеңес және Жоғарғы қамқорлық кеңес болып табылады. Жоғарғы қамқорлық кеңестің төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың баста-масымен жоғары білікті мамандандырылған кадрларды дайындау бойынша, сонымен бірге отандық ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді дамыту мақсатында таңдаулы оқу орны ретінде 2009 ж. құрылған. 2010 ж. күзінде Назарбаев Университеті бірінші студенттерді қабылдады.

Назарбаев Университетінің қызметін қамтамасыз ету үшін университетке автономды мәртебе беретін жеке заң қабылданды.

Назарбаев Университетінде жеті мектеп және бір орталық білім береді:

1. Университет алдындағы дайындық орталығы (халықаралық әріптес – University College London),

2. Инженерия мектебі (халықаралық әріптес – University College London),

3. Ғылым және технологиялар мектебі (халықаралық әріптес – Carnegie Mellon University),

4. Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі (халықаралық әріптес – University of Wisconsin-Madison),

5. Бизнестің жоғары мектебі (халықаралық әріптес – Fuqua Business School of Duke University),

6. Жоғары мемлекеттік саясат мектебі (халықаралық әріптес – Lee Kuan Yew School of Public Policy of the National University of Singapore),

7. Жоғары білім берудің мектебі (халықаралық әріптестер – University of Pennsylvania, Cambridge University),

8. Медицина мектебі (халықаралық әріптес - University of Pittsburgh).

Назарбаев Университетінің студенттік контингенті 1456, олар Дайындық орталығының тыңдаушылары және Назарбаев Университеті Мектептерінің бакалавриат бағдарламаларының 1–2 курс студентері.

Сонымен қатар, Университет жанында ғылыми орталықтар қызмет етеді: Өмір туралы ғылым орталығы, Энергетикалық зерттеулер орталығы, Салааралық инстру-менталды орталық. Университетте зерттеу университетіне тән, ғылымды басқарудың жаңа жүйесі қалыптасуда, оның аясында Университет ішкі гранттық қаржыландыру механизмдерін, ғылыми өтінімдердің тәуелсіз сыртқы сараптамасын (peer review) жүзеге асырады, сонымен қатар, ғалымдар мен олардың зерттеулерін кешенді қолдау инфрақұрылымын қалыптастырады. Универ-ситеттің ғылыми-зерттеу базасы мен ғылыми және инновациялық қолдау жүйесін (соның ішінде, инновациялық кластерді дамыту) одан әрі дамыту мақсатында 2012 ж. қыркүйекте Nazarbayev University Research and Innovation System жеке мекемесі құрылған болатын.

Университеттің Ғылыми орталықтары және мектептері 130-дан астам ғылыми жобаларды іске асыруда. Олардың ішінде 28 жоба мемлекеттік тапсырыс (мақсатты салым) және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында қаржыландырылуда; 18 жоба ҚР БҒМ гранттық қаржыландыруына ие; 70 жоба (бастапқы гранттар, ПОҚ-ның және ғылыми қызметкерлердің жаңа гранттары) Назарбаев Университетінің Корпоративті қорының қаражаттарынан қаржыландырылады; 14 жоба «Шеврон» компаниясының грантының қаражаттарынан қаржыландырылады.

Интеллектуалды-инновациялық кластер. Кластерді қалыптастыру бойынша жұмыс 2012 ж. 27 қаңтарда Елбасының Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауын жүзеге асыру бойынша 2012 ж. 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Жалпыұлттық жоспар шараларына сәйкес іске асырылуда.

Кластер тұжырымдамасы мен стратегиясы әзірленген. 2012 ж. тамызын-да «Cambridge University Technical Services Limited» (Ұлыбритания) компаниясымен бірлесіп кластерді дамыту тұжырымдамасы мен стратегиясын әзірлеу бойынша кеңес беруші қызметтерді көрсету туралы келісім шартқа қол қойылды.

Коммерцияландыру кеңсесі, Бизнес-инкубатор, және Тәжірибелік-эксперименттік цех (пилотты Технопарк) құрылған және тиімді жұмыс істей бастады. Compagnie Europeenne d'Intelligence Strategique француз консалтингтік компаниясымен бірге Назарбаев Университетінің маңында құрастырылып жатқан кластер аясында Технологияларды коммерцияландыру орталығын (ТКО) қалыпастыру және дамытуды қолдау бойынша консалтингтік қызметтерді көрсету бойынша келісім шартқа қол қойылған. Келісім шарт шегінде құрылып жатқан ТКО-ның тұжырымдамасы, даму стратегиясы және нормативті базасы әзірленуде, ТКО қызметкерлері үшін дәрістер және семинарлар жүргізіледі, соны-мен қатар, ТКО қызметкерлерімен бірлесіп Назарбаев Университетінің зерттеушілерінің жобаларының пилотты тобын коммерция-ландыру жолдары бойынша ұсыныстар әзірленуде.

Пилотты Технопарк негізінде өнімдердің тәжірибелік нұсқаларын әзірлеу кезеңіндегі 10 – 20 жобаны орналастыру бойын-ша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Инжиниринг Орталығын дамыту стратегиясының тұжырымдамасын әзірлеу бойынша кореялық Innopolis Foundation ұйымымен келісім шарт жасасу туралы мәселе талқылануда.

Айдарлар
Яндекс.Метрика