Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ (МЕМЛЕКЕТ)

(Немісше Sozialstaat; ағылшынша Welfare state) – әрбір азаматтың берекелі өмір сүру деңгейіне жетуі үшін, әлеуметтік теңсіздікті азайтып, қажет ететін азаматтарға көмек көрсету үшін әлеуметтік әділеттілік принципіне сай материалдық игілікті бөлетін саяси жүйе.

Жалпыға ортақ берекелі қоғам құруға деген талпыныс социал-демократтардың саяси бағдарламаларының негізгі қағидаттарының бірі. Әлеуметтік мемлекет туралы көптеген елдердің конституциялары мен басқа да заң актілерінде айтылады. Жалпыға ортақ берекелі қоғам теориясы әлеуметтік кепілдемелер экономиканы (ең алдымен ірі бизнесті) мемлекеттік тұрғыдан және салық саясаты арқылы реттеу жолдары арқылы қамтылатындығын білдіреді. Дәл осы идея-ларды жүзеге асыру қазіргі еуропалық мемлекеттердің берекелі болуына мүмкіндік берді деп есептеледі.

Халықтың көптеген категорияларына ауқымды әлеуметтік көмек беретін мемлекет түрі (немесе әлеуметтік қамсыздандыруға негізделген мемлекет) ХХ ғасырдың екінші жартысында шет елдердегі жұмысшы табы арасында коммунистік идеялардың тарауы қаупіне реакция ретінде, әсіресе, Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске ие болған кеңестік ықпалдың күшеюі себебінен пайда болған.

Батыстық мемлекеттер кең ауқымды әлеуметтік кепілдіктер беруге мәжбүр болды, зейнеткерлерден бастап иммигранттарға дейін, тіпті барлық мұқтажды тұрғындарға зейнеткерлерден бастап иммигранттарға дейін әлеуметтік жәрдемақы тағайындайды. Онымен қоса, әлеуметтік пакетпен қатар мұқтаждығы мол тұрғындарға кәсіподақтар мен солшыл саяси партиялар қатаң белгілеген саяси және заңды құқықтары берілді.

Соғыстан кейінгі кезеңде бір топ батыстық елдер, соның ішінде Германия, Франция және Ұлыбритания сияқты елдер, өзінің әлеуметтік негізі ретінде Welfare State үлгісін қолданды.

Классикалық Welfare State негізгі тұжырымдамасы – «әлеуметтік құқық ретінде әрбір азаматқа қамтамасыз етілетін, мем-лекетпен қорғалған кірістің, тамақтанудың, денсаулықтың, қауіпсіздіктің, білім беру мен тұрғын үй-жайдың минималды стандарттары».

Скандинавиялық елдер, оның ішінде Швеция, «Welfare State» отрядының авангарды болды, онда Социал-демократиялық партияның позициясы аса күшті болды (социал-демократтар билікте 40 жылдай отырды).

Ұлыбритания өзінің «Үлкен бестігімен» әлеуметтік саясаттың үлгісімен, яғни, Денсаулық, Білім беру, Тұрғын үймен қамтамасыз ету, Еңбекпен қамтамасыз ету және Әлеуметтік қызмет көрсетулер кіретін тұжырымдамасымен белгілі болды. Кейбір әлеуметтанушы ғалымдар мұндай үлгіні «welfarecapitalism», яғни әлеуметтік қамтылған капитализм деп атайды.

70–80 жж. әлемдік дағдарыстарға байланысты мемлекеттік саясаттың бұрынғы үлгісінен алшақтаудың алғашқы амалдары көрініс берді. Бұл бағыттағы ірі бастама Ұлыбританияда Маргарет Тэтчердің премьер-министрлігі кезінде жасалды.

«Беруші мемлекет» үлгісінің 70–80 жж. дағдарысы неолибералдық экономикалық идеологиялардың пайда болуына себеп болды. Мұның барлығы соғыстан кейінгі кейнсиандық идеологияның аяқталуының белгісі болды. Оның үстіне, әлеуметтік қамтамасыз ету сайлау саясатының және мемлекеттік араласудың басымдылығы болудан қалды. Оның орнына, әлеуметтік қамтамасыз етудің жаңа концепциялары жеке сектордың рөлін, еңбек нарығының күшеюін, артықшылықтарға жетуге бағытталған жаңа мақсаттарға зейін қоюды негіздейді.

Жаңа парадигма жаңа идеялар іздеуден көрініс тапты (соның ішінде «үшінші жол» аясында: «мемлекет-кепіл», «ынталанды-рушы мемлекет»). Бұл идеялар «әлеуметтік теңдіктің» орнына «әлеуметтік іске қосылу» тұжырымдамаларын қамтиды. «Әлеуметтік іске қосылу» ұраны, мысалы, Тони Блэрдің Ұлыбританияның премьер-министрі болған кезінде қолданылды.

Әлеуметтік қамтамасыз ету мен жалпы мемлекеттік саясаттың бұл ұстанымдарында жалпы құқықтар тілі міндеттер мен мүмкіндіктердің теңдігі тіліне ауыстырылды.

Тұжырымдамалар адамның әл-ауқатының жақсаруына жету бойынша мақсаттар мен құралдардың реконфигурациясына, халықтың, коммерциялық емес сектор мен үкіметтік емес ұйымдардың белсенді бөлігінің үлкен рөліне бағытталады.

Жаңа тұжырымдамалар бәріне ортақ бір белгіге ие: олардың барлығы туғаннан берілетін құқықтарды әлеуметтік ынтымақтастық құқықтардан ажыратады, бұрын олар біртұтас болып қабылданған. Азаматтықтың орнына әртүрлі әлеуметтік топтарда және еркін ұйымдарда қоғамдық міндеттерді орындаумен байланысты және жалпы құндылықтармен біріккен басқа әлеуметтік біріктіруші концепт ұсынылады. Гилберттің EnablingState деп атаған (яғни, ынталандырушы мемлекет) жаңа парадигмасының жасалуы бұл өзгерістердің маңызды нәтижесі болып табылады.

Қазақстанда да халық арасында масылдық көңіл-күйдің дамуынан аулақ болуды көздейді. Оның фактісі ретінде интенсивті экономикалық өсу мен ресурстарды сатудан кірістің өсуі көрініс берген 2000 жж. басында Ұлттық қордың құрылғанын көрсетуге болады.

Айдарлар
Яндекс.Метрика