Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

МЕДИЦИНАЛЫҚ КЛАСТЕР

Ұлттық медициналық холдинг (ҰМХ) құрамына кіретін Астананың сол жағалауындағы медициналық клиникалар кешені, ал ҰМХ өз кезегінде Назарбаев Университетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Осылайша, медициналық білім беру, әзірлемелер мен тәжірибе арасындағы өзара байланыс қамтамасыз етіледі.

ҰМХ Қазақстан Республикасы азаматтары үшін аймақтарда денсаулық сақтаудың жоғарғы сапасын қамтамасыз етуге қажетті әлемдік деңгейдегі медициналық ұйымдар құруға қатысты Н.Ә. Назарбаевтың ойын қолдау мақсатында құрылған.

Қазіргі таңда ҰМХ құрамына алты медициналық мекеме: Республикалық нейрохирургияның ғылыми орталығы, Республикалық балаларды сауықтыру орталығы, Республикалық диагностика орталығы, Ана мен баланың ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығы, Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық кіреді.

Олардың барлығы алдыңғы қатарлы халықаралық медициналық аккредитациядан өтуге тырысады, өйткені бұның базасында білім беру мен клиникалық тәжірибе жүзеге асырылатын заманауи медициналық мекемеге қойылатын міндетті талап саналады. 2014–2015 жж. ҰМХ жетінші клиникасы – Ұлттық онкология орталығы құрылады.

Ауруханалық басқаруға алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені енгізу мақсатында ҰМХ Питтсбург Университетінің Медициналық орталығымен тығыз ынтымақтастықта болады. Бұл ынтымақтастық аясында кеңес берудің ауқымды бағыты, клиникалық және білім беру шаралары, оның ішінде қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарын енгізу мәселелері қаралады. Клиникалардың өндірістік қуатын тиімді пайдалануды арттыру мен клиникалардың өндірістік көрсеткіштерін әлемдік стандарттарға үйлестіру үшін ауруханалық басқарудың заманауи әдістері енгізілген.

ҰМХ даму стратегиясының 8 пунктін қабылдаған, ол емделушінің жеке тұлғасына, әлеуметтік жауапкершілігіне негізделу, халықаралық сапа стандарттарына жету, жаңа технологияларды енгізу, тиімді, толық және жоғарғы өнімділікке қол жеткізу, үзіліссіз білім алу, жаһандық интеграция, қолайлылық және жайлылық. ҰМХ мақсаттары:

-  халықаралық аккредитацияланған жоғарғы сапалы медициналық көмекті қамтамасыз ету, сонымен қатар Қазақстанның медициналық көшбасшылығын қамтамасыз ететін медициналық мектеп қалыптастыру;

-  ДИАЖ құрамдас бөлігі бола отырып, жаһандық және аймақтық деңгейде танымал болу мақсатында иннновациялық технологиялар мен ғылыми жетістіктерді клиникалық тәжірибеге енгізу арқылы тиімді және қауіпсіз медициналық көмекті ұсынатын алдыңғы қатарлы, емделушіге бағытталған жүйесін қалыптастыру.

2012 ж. ақпанында ҰМХ Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы JCI сертификациясын алып, ТМД елдері ішіндегі ең бірінші кең мамандандырылған ірі медициналық көмек көрсету мекемесі деген атқа ие болды. Денсаулық сақтау клиникаларында таңдаулы халықаралық тәжірибелерді жүзеге асыру мақсатында ҰМХ басқа клиникалары 2014– 2015 жж. JCI аккредитациясын алуға талпыныс жасауда.

Айдарлар
Яндекс.Метрика