Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ

Құқықтық саланың жағдайын кешенді көрсеткіштер айқындайды. Бұл өз кезегінде елдің бәсекелестікке қабілеттігін анықтайды. Мысалы, Бүкіл әлемдік экономикалық форумның Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінде құқықтық көрсеткіштердің салмағы шамамен 40% көрсеткішті көрсетеді.

Қазақстан үшін бәсекелестікке қабілеттілікті арттырушы басым факторлар ретінде макроэкономикалық орта (23-орын) және еңбек нарығының тиімділігі (15) жатады. Құқықтық жүйе дамуының негізгі индика-торлары белгіленетін институттар тобында 55-орынды иеленеді, 2013 жылдың 114 көрсеткіші бойынша орташа көрсеткіш 68-орынға тиесілі. Алайда, Қазақстанның полиция қызметкерлерінің сенімділік көрсеткіші бойынша 88-орын, сот тәуелсіздігі бойынша 88-орын, зияткерлік меншік құқығын қорғау бойынша 73-орындарды алып отыр. Бұл көрсеткіштер, әрине, орташа көркеткіштен төмен.

Атап өтер жайт, мемлекеттің құқықтық жүйесін жетілдіру мақсатында қабылданған шаралары жалпы бәсекелестіктің артуына ықпал жасайды. 2013 ж. мынадай көрсеткіштер бойынша жақсару орын алды: жеке меншік құқығы (77-орыннан 68-орын), даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі (67-орыннан 53-орын), қылмыс пен зорлық-зомбылық салдарынан бизнестің жапа шегуі (63-орыннан 44-орын).

Құқықтық жүйенің халықаралық бәсекелестігінің маңызды айқындаушысы ретінде Жемқорлықты қабылдау индексі жүйесі болып табылады.

Қазақстан Республикасы 1999 ж. бастап зерттелуші елдер қатарына қосылды. 2012 ж. Қазақстан 28 белгі бойынша 176 ел ішінде 133-орынға ие болды.

Бұрынғы кеңес мемлекеттері ішінде ең жоғарғы нәтижелерді Эстония (32-орын), Латвия (48), Грузия (51), Литва (54), Молдова (94), Армения (105) елдері көрсетті. Ресей мен Қазақстан тең дәрежені көрсетіп отыр. Рейтинг бойынша төменгі орындар-да Әзірбайжан (139-орын), Украина (144), Қырғызстан (154), Тәжікстан (157) және де Түркменстан мен Өзбекстан (170-орынды бөліп алды).

Заңның құндылығын бекіту сот жүйесінің қаншалықты тәуелсіз, оның қаншалықты жұмыс істей алуы, билік салаларының басқа тармақтарынан қаншалықты бөлінген екендігіне байланысты. Сондықтан экономи-каны жетілдірудің сәтті болуы биліктік және саяси және тағы басқа ресми институттардың да жетілдірілуін талап етеді.

2013 ж. Швейцарлық бизнес мектебінің менеджментті дамыту Институты сауална-ма нәтижесі бойынша мемлекеттік секторда шешім қабылдаудың ашықтық деңгейі өзгеріссіз қалды (32-орын), ал үкіметтің тиімділігі 5 орынға төмендеп, 23-орынға тұрақтады, бұл тұтастай алғанда институ-ционалды ортаның сапасына әсерін тигізді (39-орыннан 37-орынға түсіп, 2 позиция төмендеді).

Әділетті түрде сот орындау бойын-ша IMD респонденттерінің бағалауынша, 38-ден 43-ке түсіп, 5 сатыға нашарлаған. Бірақ «Қоғамдық құрылыс» субфакторын-да тұрақтылық байқалып (27-орын), «Бизнес туралы заңнама» субфакторында 1 сатыға жоғарылау аңғарылады (33-орын).

Сонымен бірге Әлемдік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (ӘЭФ ЖБҚИ) аясындағы рейтинг бойынша сот процестерінің еркіндік деңгейі де жақсарған (94-орыннан 88-орынға). Мемлекеттік басқарудың тиімділігінің әлемдік көрсеткіші бойынша Бүкіл әлемдік банк «Заңның үстемдік құруы» көрсеткіші бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету дәрежесін бағалайды. Ол бойын-ша Қазақстан 0,62 ұпай (32%) жинады.

«Қазақстан-2050» стратегиясы негізінде аталғандарды ескере отырып, жаңа әкімшілік және саяси реформаларды іске асыру көзделуде. Атап айтар болсақ:

-  жергілікті деңгейдегі әкімдер сайлауын өткізу;

-  мемлекеттік аудиттің енгізілуі;

-  орталық пен өңірлер арасында жауапкершілік пен өкілеттіктің ажыратылуы;

-  жергілікті өзін-өзі басқарудың дамыты-луы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылдың 28 қарашасындағы №438 Жарлығымен жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасы бекітіліп, соған сәйкес заң қабылданды;

-  мемлекеттік қызметтің «А» корпусының енгізілуі;

-  мемлекеттік қызметтер жүйесінің жетілдірілуі;

-  бизнес үшін әкімшілік кедергілердің төмендетілуі.

Тағы да бір маңызды мәселе бұл – құқық қорғау органдарының реформасы. 2012 ж. құқық қорғау органдарының бүкіл жеке құрамы кезектен тыс аттестациядан өтті. 100 мыңнан астам қызметкерлерден 12,5 мың қызметкер аттестациядан өтпей, қызметтерінен кетті. Яғни қызметкерлердің 10%-ы қажетті деңгейдегі әскери және дене даярлығына және заң бойынша білім деңгейіне сай емес екенін көрсетті. Бұл өз кезегінде осы салада кадрлық ұйымдастыруды түбегейлі өзгерту қажеттілігін айқындайды.

Құқық қорғау және арнайы органдардың басқармасының президенттік резерві құры-лады.

Осы аталған барлық мақсаттық шаралар құқық қорғау органдарының кадрлық саясат тұжырымдамасы мен құқық қорғау органдарын одан ары жетілдіру жүйесінде көрініс та-буы тиіс.

Осылайша, қазіргі күнде жай реформаға ұқсатушылық емес, нақты реформаларды бақылауға болады. Қалыптасқан мемлекеттің мәні де осында. Мұның барысындағы ең негізгі мақсат– институционалдық ортаны қоса алғанда, барлық салаларда бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізу.

Айдарлар
Яндекс.Метрика