Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

Ғылыми-инновациялық әзірлемелерді тікелей жүзеге асыру үшін өндіріс орындарымен байланысы қамтамасыз етілген ғылым мен білімнің жоғарғы оқу орны аясындағы интеграциясының түрі.

Қазақстанда зерттеу университеті түсінігін енгізу 2011 ж. басталды. 2012 ж. зерттеу университеті мәртебесі Назарбаев Университетіне беріледі, ал инновациялық іс-әрекеттерге бағытталған жоғарғы оқу орны мәртебесі басқа 10 жоғарғы оқу орнына беріледі. Зерттеу университеттері мәртебесіне жақын тұрған талапкерлер ретінде QS рейтингі бойынша әлемнің танымал 300 жоғарғы оқу орны тізіміне кірген Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қарастырылады. Сонымен қатар Астанада С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университеті негізінде зерттеу университетін қалыптастыру жөніндегі шаралар жоспарланған.

Жоғарғы оқу орындарына ғылыми зерттеудің таңдаулы тәжірибелерін енгізу мақсатында 9 базалық оқу орны ғылыми-зерттеу іс-шараларын дамытудың бағдарламасын жасады, оның ішінде ҚазҰТУ мен ҚазҰУ негізінде зерттеу университеттерін дамыту бағдарламасы жобаланды.

Жоғарғы оқу орындарының ғылыми-зерттеулік инфрақұрылымын дамыту бой-ынша міндеттер айқындалды, соның ішінде жұмыс жасап тұрған жалпы қолданыстағы 3 ұлттық және 15 инженерлік лабораториялар жобаға алынды.

Сонымен қатар, жоғарғы оқу орындарының ғылыми-зерттеулік қызметін дамыту бойынша жұмыстар жандана бастағандығын айта кету қажет. Белгілі бір нәтижелер байқалып келеді. 2010 ж. жоғарғы оқу орындары ғылыми-техникалық бағдарламалардың жалпы көлемінің 33% жүзеге асырса, бұл көрсеткіш 2012 ж. 67% жеткен. 2010 ж. жарияланымдардың үлесі (ҒЗИ) 55% және (ЖОО) 45 % болса, 2012 ж. сәйкесінше – 42% және 58% болған.

Елдегі 37 ЖОО-да 541 ғылыми-зерттеулік құрылымдар бар, оның ішінде 79 институт, 164 орталық, 242 лаборатория, 7 технопарк, 13 коммерциализация кеңсесі, басқа түрдегі 36 инновациялық құрылым. Жалпылама қолданыстағы 3 ұлттық және 15 инженерлік лабораториялар жұмыс жасайды.

Бұлардан басқа 2017 ж. дейін жоғарғы оқу орындарында қосымша 67 ҒЗП құру жоспарланған, оның ішінде 15 ҒЗП 9 базалық оқу орындарында құрылуы тиіс.

«Инновациялық нәтижеге бағдарланған университет ғылымының мақсаттық да-муы» ғылыми-техникалық бағдарламасын нысаналы-бағдарламалық қаржыландыру ая-сында 2013 ж. 1,012 млрд теңге бөлінді.

Ғалымдарды халықаралық зерттеу жоба-ларына қатыстыру мәселелері қарастырылуда.

Айдарлар
Яндекс.Метрика