Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ

Еуропалық хартияға сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару (local self-government) ретінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының (local authorities) заң шегінде, өз жауапкершілігінде және жергілікті халық мүддесінде қоғамдық істердің маңызды бөлігін реттеуге және оларды басқаруға құқығы және нақты қабілеттері түсіндіріледі.

2012 ж. 28 қарашасында жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін екі кезеңде реттеуді қарастыратын, Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың Тұжырымдамасы бекітілген болатын.

Бірінші кезеңде (2013–2014 жж.) жергілікті өзін-өзі басқарудың одан арғы дамуы үшін негізгі алғышарт болатын, басқарудың және басқару мен қаржыландырудың механизмдерін тәжірибелік өңдеудің төменгі деңгейлеріндегі қазіргі кездегі жүйесінің әлеуетін кеңейту бойынша шаралар жүзеге асырылады.

Екінші кезеңде (2015–2020 жж.) жергілікті мемлекеттік басқарудың қызметтерін одан арғы жіктеу мәселелері, өзін-өзі басқару органдарының бюджеттерін және меншігін қалыптастыру, сонымен бірге, ауылдық округ-тер деңгейінде әкімшілік-территориалды бірліктерді оңтайландыру мәселелері қарастырылады.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамы-ту Тұжырымдамасы аясында басқарудың төменгі деңгейлерінің қаржылық тәуелсіздігін кеңейтуге, маслихаттың төменгі деңгейлерінің әкімдерінің сайлануын енгізуге, сонымен қатар, жергілікті маңыздылығы бар сұрақтарды шешуде халықтың рөлін жоғарылатуға бағытталған сәйкес заң қабылданған.

2013 ж. бастап пилоттық режимде «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шегінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға мақсатты ағымдағы трансферттер (2012 ж. – 1,0 млрд. теңге; 2013 ж. – 6,0 млрд. теңге) бөліне бастады, бұл ретте қаражаттарды бағыттау туралы шешім халық жиналыстарын-да қабылданатындығын айта кеткен жөн.

Ауылдарға «Жұмыспен қамту-2020» Бағдарламасы бойынша қаражаттар түседі.

Осылайша, ауылдарды қаржыландыру бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асырыла-ды, яғни ауылдық әкімдер білікті маман, өз істерінің шеберлері болуы қажет.

Сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің аясында келесі түсініктер қолданылады:

- Муниципалитет

(Нем. munizipalität, фр. municipalité, лат. municipium) – нақты анықталған территориясы және осы территорияда тұрғын халқы бар өзін-өзі басқарушы әкімшілік-территориалды бірлік (әдетте, елді мекендердің, қалалар, кенттер мен ауылдардың топтары).

Нақтылап келсек, әлемнің түрлі елдерінде муниципалитеттер деп әкімшілік бірліктердің екі түрін атайды:

- Қалалық муниципалитеттер

Негізінен қала (әдетте, ірі қалалардың) территориясын және өзіне негізінен ауылдық аудандарды қосатын, осы деңгейдегі әкімшілік бірліктермен қатар өмір сүретін әкімшілік бірліктер. Бұндай жағдайда басқару органда-ры болып әкім және қалалық кеңес (немесе муниципалды кеңес) табылады.

Кейбір елдерде муниципалитет құрамын-дағы қалалардың бар болуы және олардың санына тәуелсіз белгілі бір деңгейдегі (әдетте, 2-ші немесе 3-ші деңгей) бірегей әкімшілік бірлік болып табылады. Осындай елдердің көбінде муниципалитет – сайлаушы органмен басқарылатын ең кіші әкімшілік бірлік. Бұл жағдайда муниципалитет түсінігі қауым, ұйымдастық немесе болыстық түсініктерінің синонимі болып келеді және қазақ тілінде түпнұсқа тілде балама сөз қолданылған жағдайда ғана пайдаланылады. Бұл ретте кейбір тілдерде сәйкес сөз (мысалы, ағылшын тілінде municipality) жергілікті деңгейдегі әкімшілік бірліктерді беру үшін, және «ұйымдастық» пен «қауым» сөздерін аудару үшін негізгі сөз болып табылатындығын атап өткен жөн.

- Муниципалды құқық

Муниципалды құқықтың негізін конституциялық құқықтың, сонымен қатар, әкімшілік құқықтың дәстүрлі нормалары құрайды. Бұл салалар жергілікті биліктің – жергілікті өзін-өзі басқарудың қызмет етуінің негізгі қағидаларын құқықтық бекітуде маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге, оның мазмұнына жергілікті өмірдің түрлі салаларында жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілеттілігін анықтайтын бюджеттік, қаржылық, экологиялық, жер және құқықтың басқа салаларының жеке нормалары кіреді. Муниципалды қарым-қатынастарды реттеуде маңызды рөлді халықаралық құқықтың актілері атқарады, мысалы Жергілікті өзін-өзі басқарудың Еуропалық хартиясы (Страсбург, 1985 ж. 15 қазан).

Айдарлар
Яндекс.Метрика