Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ЕҢ ТӨМЕНГІ ӘЛЕУМЕТТІК СТАНДАРТ

Адамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін, ақшалай, нақты немесе материалды емес тұлғанымда өлшенетін, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілетін және кепілдендірілетін тұрмыс сапасының көрсеткіштері.

Халықаралық еңбек ұйымына сәйкес «ең төменгі әлеуметтік стандарт» немесе «әлеуметтік қорғаудың ең төменгі деңгейі» терминдері әрбір адам қолдануы тиіс әлеуметтік құқықтар мен қызметтердің және әлеуметтік сала объектілерінің базалық жиынтығын сипаттау үшін пайдаланылады. «Ең төменгі әлеуметтік стандарт» термині, көп жағдайда, адам құқығы бойынша келісім шарттарда бекітілген құқықтардың ең төменгі қажетті деңгейлеріне қол жеткізуге бағытталған «негізгі міндеттер» түсінігіне сәйкес келеді.

2013 ж. Қазақстанда қолданылатын ең төменгі әлеуметтік стандарттарға келесілер жатады: ең төменгі жалақы 18 660 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі 18 660 теңге, ең төменгі зейнетақы 19 660 теңге, балаға қарау бойынша жәрдемақы 9 520 теңге.

Ең төменгі әлеуметтік стандарт адамның материалдық игіліктерде, қол жетімді және тегін қызметтерге маңызды қажеттілігін көрсететін, берілген мақсаттарға бюджет шығындарының міндетті минимумын анықтау үшін және қажеттіліктерді тұтынудың сәйкес деңгейін кепілдейтін әлеуметтік нормалар мен мөлшерлер арқылы көрініс табуы тиіс. Мамандардың ойынша, қазақстандық ғылыми және сараптамалқ қауымдастықта әлеуметтік стандарттау мәселесінде әдістемелік тәсілдерді талдау қажеттілігінің толғағы жетті.

Стандарттар мен кепілдемелерді қабылдау олар лезде шынайылыққа айналатындығын білдірмейді. Дегенмен, олар әлеуметтік саясат қоғамды кедейшілікте сүрлемей, дамытуға бағдар салады. Әлеуметтік стандарттарды жоғарылату – бұл экономика үшін тек шығындар мен ауыртпалықтар ғана емес. Бұл ол үшін тұтыну нарығын дамыту арқылы демеу, адами капиталды ұлғайту арқылы еңбек өнімділігінің және ЖІӨ-нің өсуін ынталандыру.

Айдарлар
Яндекс.Метрика