Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ

1993 ж. ҚР Президенті «Болашақ» бағдарламасы арқылы жаңа кадрлық резервтерді қалыптастыру туралы тарихи шешім қабылдаған болатын. «Болашақ» - ҚР Президентінің стипендиясы, оның мақсаты - Қазақстанда білім беру әлеуетін жақсарту. «Болашақ» стипендиясын тағайындай отырып, Президент үздік қазақстандық жастарға шетелде таңдаулы білім алуға мүмкіндік берді. Ол өз кезегінде, экономиканы жаңартуға, заманауи білімі, тәжірибесі бар және жаңаша ойлау қабілетіне ие кадрларды талап ететін инновациялық экономиканы құруға септігін тигізеді.

1994 ж. қазақстандық студенттердің тобы шетелдік ЖОО-ға білім алуға бірінші рет жіберілді. 2005 ж. стипендиаттардың жыл сайынғы саны 3 мың адамға жетті. Мамандардың ойынша, «Болашақ» бағдарламасы экономика мен қоғамға нақты үлес ретінде танылды, сонымен бірге, әлемдік сахнада Қазақстанның келбетінің жоғарылауына жұмыс істеді, мемлекет мүмкіндіктеріне қол жеткізудің белгісі болды.

Бағдарлама сапалы білім жастар үшін әлеуметтік жеделсаты болып табылатындығын дәлелдеді. Бағдарлама түлектері әлеуметтік капиталға – әлемнің үздік ЖОО-да құрбыларымен, яғни болашақ әлемдік элита мен жеке байланыстарға ие болады. Мұндай ресурс болашақта республика үшін жеткілікті маңыздылыққа ие болуы мүмкін.

«Болашақ» бағдарламасы елге қажетті мамандарды дайындауға бағытталған. 1994 ж. 2013 жылға дейін 9250 стипендия тағайындалды, түлектер саны 5714 бол-ды, 2796 стипендиат әлемнің 33 елінде 200 жетекші ЖОО-да білім алуда.

«Болашақ» түлектері мемлекеттік қызметте және ұлттық компанияларда жауапты лауазымдарды иеленуде, Назарбаев Университетінің ғылыми-зерттеушілік кадрлары ұжымының негізін құрайды. Мемлекеттік секторда бүкіл түлектердің 20%, ұлттық компанияларда және мемлекеттік қатысуы бар компанияларда 21%, жеке компанияларда 55%, халықаралық ұйымдар мен ҮЕҰ-да – 4% жұмыс істейді.

«Болашақ» бағдарламасы соңғы екі жылда айтарлықтай жаңартылды. 2011 ж. ба-стап бакалаврларды дайындау тоқтатылды, Бағдарлама магистрларды, PhD докторларын дайындауға және академиялық, ғылыми жұмылғыштық аясындағы тағылымдамаларға бағытталған. Шетелдік университеттердің тізімі қайта қарастырылған, олардың саны әлемдік рейтингтерде жоғарғы позиция-ларды алып отырған 200 университетке дейін қысқартылды. Түлектерді жұмысқа орналастыруды жетілдіру бойынша шара-лар қабылданған. Стипендиаттар бойынша толық кешенді мониторингті, қаржылық және статистикалық есептіліктерді қамтамасыз ететін «Болашақ» ақпараттық жүйесі іске қосылды. ҚР БҒМ ҰҚК-мен бірлесе оты-рып студенттердің Қазақстанға оралуын бақылайтын «Шетелдегі студент» ақпараттық жүйесін енгізді.

Жаңғырту аясында аймақтар үшін Бағдарламаның қол жетімділігі кеңейтілді. 2005-2010 жж. аралығында Алматы және Астана қалаларынан үміткерлер 75% құраса, бүгінгі таңда «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендияға құжаттарды қабылдау Мемлекеттік қызметтердің тізіміне енгізілген. Құжаттарды Электронды Үкімет Порталы және ХҚО-лар арқылы тапсыруға болады. Нәтижесінде, аймақтардан үміткерлердің саны 2011 ж. 39%-дан 2012 ж. 47%-ға дейін жоғарлады.

Қазақстандық студенттердің шетелде өзін-өзі ұйымдастыруы үрдісі басталды, 60-тан астам студенттік ассоциациялар құрылған. 2012 ж. тамызда Қазақстанның шетелдік студенттік ұйымдарының Бірінші слеті өткізілді. Олар тәрбие беру және идеологиялық жұмысқа тиімді әсерін қамтамасыз етеді. Қабылданып жатқан барлық осы шаралардың нәтижесінде «Болашақ» бағдарламасы өз әлеуетін күшейтті.

Аймақтарды экономика қажеттіліктеріне сәйкес білікті мамандармен қамтамасыз ету бойынша «Қазақстан-2050» Стратегиясын-да» қойылған жаңа міндеттерге сәйкес, ҚР БҒМ мониторинг мәліметтерінің негізінде Өңірлік даму министрлігінің мамандарға деген қажеттілігі туралы аймақтардың мақсатты өтінішін қалыптастырудың жаңа сызбасын ұсынды. ҚР БҒМ студенттердің өз аймақтарына қайтып оралуымен бағдарламалық-мақсатты дайындықтың үйлестірушісі ретінде бо-лып отыр. 2013 ж. сәуірінен бастап ҚР БҒМ Халықаралық бағдарламаларының орталығы әрбір аймақта жергілікті жерлерде құжаттарды жинақтаумен ақпараттық кампанияларды жүргізуде.

«Болашақ» Бағдарламасының жаңалығы өзектілігі Мемлекеттік қызмет Агенттігімен қолдау тапқан, мемлекеттік органдардың мамандарының кәсіби тағылымдамалары бо-лып табылады. Ел қажеттіліктерін едәуір толық қанағаттандыру мақсатында, Бағдарламаны ұйымдастырушылар білім беру атауларына ғана емес, сонымен қатар, дайындық мазмұнына да бағытталады. осыған орай, стипендиаттардың диссертациялық және ғылыми жұмыстарының тақырыптары «Қазақстан-2050» Стратегиясының» міндеттеріне сәйкес келеді. 2013 ж. «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендиаттар АҚШ-тың, Канада, Ұлыбритания, Франция, Түркияның ЖОО-да білім алады. ҚР еңбек нарығының басым қажеттіліктерін ескерген-де, «Болашақ» Бағдарламасы студенттерінің білім алуы үшін өзекті мамандықтар болып инженерлік, медицина-биологиялық, сонымен бірге жаратылыс ғылымдары табылады.

Айдарлар
Яндекс.Метрика