Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ЕЛБАСЫ

Көп жағдайда – «ұлт көшбасшысы» термині қолданылады. Сайланатын немесе тағайындалатын лауазымды тұлға шеңберінен шыққан және мемлекеттің тарихына, оның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосатын жетекші ретінде танылған саяси фигураны білдіреді.

«Лидер» ағылшын тілінен аударғанда – бірінші, жетекші, алда жүруші дегенді білдіреді. Қазақ тілінде көбінесе көшті бастайтын көшбасшы деген сөз қолданылады. Жалпы алғанда, Ұлт көшбасшысы сөз тіркесі Елбасы, яғни мемлекет-қоғамды (жұрттың басы) басқаратын Халық басшысы деп аударылады. Ұлт түсінігі француздың ұлт-мемлекет түсінігін (конструктивизм) білдіреді, неміс түсінігіндегідей ұлт-этнос (примордализм) емес.

Халықаралық тәжірибеде ұлт ұлттық мемлекеттің синонимі ретінде қарастырылады. Елбасы ресми статуспен бекітілуі міндетті емес. Бұл жалпыхалықтың мемлекет жетекшісінің фигурасын белгілі бір қабылдау түрі болып табылады. Халықаралық тәжірибе бойынша: Елбасы мемлекет басшысы қызметінен босатылып, ешқандай ресми қызметтерге тағайындалмаған жағдайда да, өз мәртебесін сақтай алады. Мұның айқын мысалы ретінде Оңтүстік Африка Республикасында бір мерзім президент болып, кейін қызметінен бас тартқанымен, халықтың құрметіне бөленіп, қалауы болып қала берген Нельсон Манделаны айтуға болады.

Елбасы – басқа синонимдік, бірақ мағынасы бір емес сөз тіркестерге қарағанда заманауи тұжырымды ой. Мысалы, Дэн Сяопин «қытай реформаларының атасы», тәуелсіз Сингапурдың бірінші премьер-министрі Ли Куан Ю «негізін қалаушы-әке» деп есептелінеді. Сонымен қатар «халық атасы», көсем деген түсініктер қолданылады.

Оған қоса бұл статусты заңды түрде бекітудің мысалдары да бар. Мәселен, Түркияның бірінші президенті Мұстафа Кемалға Ата Түрік деген есім Жоғары халық жиналасының шешімі бойынша берілген болатын.

Елбасының ең басты қасиеті – мемлекеттің дамуына үлес қосу. Көптеген қайраткерлердің, атап өткенде еуропа қайреткерлерінің мемлекетті қиын-қыстау және өзгермелі кезеңде басқаруы бұл тұлғалардың ерекше мәртебесін көрсетеді.

Мемлекет тәуелсіздігінің тарихында тұңғыш мәртебесін иеленген жетекшілер ерекше құрметке бөленеді. Мысал ретінде Мұстафа Кемал Ата Түрік, Ли Куан Ю, Малайзияның экс-премьер-министрі Махатхир Мохаммадты келтіруге болады.

Еуропалық тәжірибеден де алғашқы жетекшілердің өзге жоғары саяси лауазымды тұлғаға қарағанда жоғарғы статусқа иелене алатындарын көруге болады. Мысалы, Американы Ұлы депрессиядан аман алып шыққан АҚШ-тың 31-ші Президенті Франклин Делано Рузвельт, Ұлыбританияны әскери қиын кезеңде басқарған Уинстон Черчилль.

А. Дж. Тойнбидің айтуынша, кез-келген қоғамда белсенді азшылықтың басына тұрып, қоғамды стагнациядан алып шыға алатын мықты тұлға туыла алады. Ұлттың көшбасшылары тек болашақты көріп қана қоймай, сонымен қатар халқын соған жетелей алатын жағдайда ғана жоғары дәрежеде бағаланады.

Көшбасшылардың ерекше феномені – саясаткер, шешен, реформатор ретінде ғана емес, сонымен қатар ұлт психологиясын қалыптастырудың факторы ретінде алға шыға алуы.

Бұған мысал «сингапурлық ғажайыпты» құрушы Ли Куан Ю. 1959 ж. мемлекеттің премьер-министрі бола сала алдына екі міндет қойған болатын: мемлекеттің қорғанысын ұйымдастыру және ұлтты күн көруге тәрбиелеп, үйрету. Оның түйінді сөзі: «Әлем бізді асырауға міндетті емес». Ол сингапурлықтарды оқыған әйелдерге үйленуді, ал оқыған әйелдерді көп балалы болуға (біреуден артық) көндіретін. Оның бұл ойының негізінде ұлттың зияткерлік әлеуетін нығайту ұмтылысы жатты.

Еуропаның тәжірибесін қарастыратын болсақ, Шарль де Голльдің мемлекеттік құрылым үлгісі ерекше қызығушылық тудырады. Ол өз кезегінде үш қарапайым нәрсеге негізделетін: ішкі саясаттағы күшті атқарушы билік, сыртқы саясаттағы «ұлттық ұлылық» және әлеуметтік-экономикалық саладағы – «дирижизм». Осы үштік концептіге сүйене отырып, Шарль де Голль француздық идеяны ескі либерализм немесе барлығын басып-жаншитын коммунизмге қарағанда өзге нәрсе – «...қарапайым, лайықты және қолданбалы: ассоциация» деп анықтаған болатын.

Мұстафа Кемал Ата Түрік тұлғасы туралы айтқанда, бір ғасыр өткен соң Қазақстанда Елбасы феноменінің қалыптасу жолдарына ұқсас бірқатар жағдайларды белгілеп өтуге болады.

1. Ол тәуелсіз мемлекеттің негізін қалап, республика құрып, индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру арқылы оны экономикалық дамудың жоғары деңгейіне шығару;

2. Жаңа мемлекеттілік үшін орынды национал-патриотизм мен әйелдерге тең құқықты беретін зайырлы мемлекет басымдығының негізінде базис құру;

3. «Алты садақ» идеологиясына негізделген ұзақ мерзімді ұлттық стратегияның авторлығы;

4. Орынды саяси реформалар.

5. Күнтізбе мен өлшемдер жүйесін бір тәртіпке келтіру, жаңа түрік әліпбиін енгізу.

Қазақстандағы зерттеулердің көрсетуінше, 2005 ж. желтоқсан айындағы сайлауда үлкен жеңіске жеткеннен кейін Н.Ә. Назарбаевтың президенттігі 2005–2006 жж. аралығында ұлттық лидерлікке трансформацияланды. 2006 ж. 1 тоқсанында өткізілген сайлаудан кейінгі зерттеу Н.Ә. Назарбаевтың имиджін қабылдаудағы өзгерістерді көрсеткен болатын. Егер сайлау алды сауалнамаларда Н.Ә. Назарбаевты Елбасы ретінде 30% шамасында адам көрсе, онда сайлаудан кейін бұл көрсеткіш 60% дейін өсіп кетті.

91% шамасында қалыптасқан электоральды нәтиже 2005 ж. кейін 3 жыл бойы 2008– 2009 ж. дағдарысқа дейін бірқалыпты болып, кейін қайта өсті. Оған дәлел 2011 ж. кезектен тыс президент сайлауы, онда 89,9% қатысқан сайлаушылардың 95,5% дауыс берді.

Н.Ә. Назарбаевтың Елбасы ретіндегі статусы оның ірі жалпыұлттық институттардағы көшбасшылығымен расталынады.

Президент Н.Ә.Назарбаев этносаралық және конфессияаралық келісім үлгісін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Ол елдің көпұлтты халқын біріктіретін қоғамдық институттың, яғни Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы болып табылады.

Сонымен қатар, Президент халықтың басым көпшілігі қолдайтын «Нұр Отан» партиясын басқарады. 2012 ж. парламенттік сайлауда ол сайлаушылардың 80,99% дауысын иеленген болатын.

Қоғамдық санада Тұңғыш Президент рөлін ерекше қабылдауын ескере отырып, Парламенттің бастамасымен Конституцияға оның мәртебесін бекіту бойынша өзгертулер енгізілді. Тұңғыш Президенттің Елбасы ретіндегі орны жеке конституциялық заңмен бекітілді. 2012 ж. бастап 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні ретінде тойланады. Ол Н.Ә. Назарбаев бірінші рет президент болып сайланған 1991 ж. жалпыұлттық сайлау күнінің құрметіне қойылған.

Айдарлар
Яндекс.Метрика