Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ӨҢІРЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТЕҢГЕРІМСІЗДІГІ

Өндіріс күштерін дамыту деңгейі, аймақтың табиғи ерекшеліктері, географиялық орналасу, тұрғындардың әдеттері мен салт-дәстүрлері сияқты факторлар себепші болған елдің әр аймақтарындағы тұрғындар өмірінің кірістері мен өмір сүру деңгейлерінің ерекшеліктері.

Қазіргі уақытта Қазақстанда өңірлік саясатты жүзеге асыруға ерекше назар аударылған. 2013 ж. өңірлерге қатысты жалпымемлекеттік саясатты үйлестіруге бағытталған Өңірлік даму министрлігі құрылған.

ҚР өңірлерінің үйлестірілген дамуы-на кедергі келтіретін негізгі мәселелер халықты өнімділігі жоғары ұзақ мерзімді жұмысбастылықпен қамтамасыз етпеу салдарында пайда болатын және әлсіз дамыған (үйлесімсіз) аграрлы аудандардан экономикалық құрылымы дамыған аудандарға бақылаусыз көшіп-қонуды тудыратын аймақтық дамудың әлеуметтік үйлесімсіздігі болып табылады.

Экономикалық өсу орталықтарының (қалалық агломерациялардың) стихиялық қалыптасуы жағдайында елде «жалған урбанизация» форматындағы елді мекендердің пайда болуы тәуекелі бар, бұл әлеуметтік қауыртпалықтың қосымша орталықтарының пайда болуымен қолайсыз.

Өңірлік даму мәселелеріне, сонымен қатар, келесілерді жатқызу қажет:

1)   еңбек ресурстарының төмен және тиімсіз мобильділігін, жұмыссыздық деңгейі әлеуетті жоғары болып келетін аудандарға стихиялық және жағымсыз миграциясын;

2)  арзан әлеуметтік және жалдау тұрғын үйлер нарығының жоқтығы;

3)   ауылдық жерлерде әлеуметтік сала мамандарының жеткіліксіз болуы.

ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Жол-дауында өңірлік саясат келесі бағыттармен орталық орынға ие:

1. Инфрақұрылымды дамыту.
Ұлттық    экономиканың    интеграцияның екі бағытында қозғалуы, яғни жаһандық ортаға және ел ішіндегі қозғалыс. «Жаһандық инфрақұрылымдық интеграция» ірі бағдарламасының           аясында транспорттық-логистикалық объектілерді, бірлескен кәсіпорындарды құру. Қазақстан арқылы транзиттік тасымал-дарды 2020 жылға қарай екі есе, 2050 жылы 10 есе жоғарылату мақсатында транзиттік әлеуетті пайдалану.

2.  Ауыл шаруашылықтық өңдеу мен саудада фермерлік пен ШОБ дамыту.

Егін шаруашылық мәдениетінің өзгеруі мен мал шаруашылығы дәстүрлерінің жаңғыруы. Экспорттық ірі нарықтарға азық-түліктің массалық өндірісін бағыттау. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа бағдарламасын қабылдау.

3.  Отандық тауар өндірушілерді дамыту және оларды қорғау.

Жергілікті бизнес-бастамаларды көтерме-леу және ең төменгі, бірақ қатаң реттеу арқылы ішкі нарықты дамыту.

Жаңа шындықтарды, соның ішінде БЭК-ке қатысу, ДСҰ-на кірігуді ескере отырып, отандық өндірушілерді қолдау механизмдерін жетілдіру және оларды қорғау мен олардың мүдделерін жылжыту үшін қажетті шаралар-ды қабылдау.

4. Территорияларды дамыту. Өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық шарттарды теңдестірудің жаңа тиімді механизмдері. Өңірлердің салалық мамандануы жүйесін құру, ірі агломерацияларды қалыптастыру. Шекаралас аудандарды дамыту бойынша қосымша шаралардың кешені.

5. Миграция мәселелерін кешенді шешу бойынша шаралар. Отандық білікті мамандардың шетелдік еңбек нарықтарына шамадан тыс ағып кетуін болдырмау мақсатында олар үшін оңтайлы шарттарды құру.

6.   Жергілікті өзін-өзі басқаруды (ЖӨБ) енгізу. Орталық пен өңірлер арасындағы жауапкершілік пен өкілеттілікті жіктеу бойынша нақты шаралар, жергілікті атқарушы органдарды күшейту.

Ауылдық әкімдерге қосымша өкілеттікті беру және әкімдердің сайлануы арқылы жергілікті жерлерде қоғамдық бақылауды қатарласып кеңейту.

Айдарлар
Яндекс.Метрика