Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Қазақстанда инновациялық жүйенің одан арғы дамуы бойынша жалпы ұстанымдарды анықтайтын құжат. Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 ж. 4 маусымдағы № 579 Жарлығымен бекітілген. Тұжырымдаманы түзету және бекіту Президенттің 2013 ж. 22 мамырда Шетелдік инвесторлар Кеңесінің 26-шы бірлескен отырысы аясында берілген тапсырмасын ескеру арқылы жүзеге асырылған.

Тұжырымдама негізгі қорытындыларды жасайды және Қазақстанда инновацияның дамуының үш мүмкін сценариін келтіреді. Тұжырымдаманың жалпы мақсаты – көшбасшы жобаларды жүзеге асыру арқылы жеке инновациялық бастамаларды дамытуға көшу.

Тұжырымдамада 21 нысаналы көрсеткіш қарастырылған. Соның ішінде:

- 2015 ж. қарай инновациялық белсенділіктің деңгейін 20%-ға, ал 2020 ж. қарай 50%-ға дейін;

- 2020 ж. қарай ЖІӨ-де инновациялық өнім үлесін – 2,5%-ға;

- 2020 ж. қарай ҒЗТКЖ-ға шығындар – ЖІӨ-нің 2%-ға жеткізу.

Тұжырымдаманы жүзеге асырудың негізгі нәтижесі жоғары өңдеу (технологиялық күрделіліктің 5–6 деңгейі) өнімдерінің 4 есе ұлғаюы болып табылады.

Тұжырымдаманы әзірлеуде инновациялық жүйелерді құрастырудың шетелдік тәжірибесі ескерілген.

Үш негізгі құрамдас бөлікке негізделетін фин моделі көрнекі үлгі болып келеді.

1. Ел дамуының инновациялылық қағидаларына бағынуы. Финляндияда инновациялық дамудың барлығын қамту қағидасы қамтамасыз етілген, бұнда салалық, аймақтық, мемлекеттік әрбір бағдарлама, стратегиялық құжат инновациялармен байланысты. Индустриалды саясат шегінен шығатын, толыққанды инновациялық жүйе құрылған. Ол тек ғылым, білім беру және технологияны дамыту бағдарламаларын ғана емес, сонымен бірге, бәсекелестікті, кәсіпкерлікті, экологияны, жұмысбастылық мәселелерін де қамтиды.

2. Инновациялылықтың институционалды базасын құру және оның үйлестірілуін жоғары деңгейде қамтамасыз ету. Финляндияның инновациялық жүйесінің түйіні болып Зерттеулер мен инновациялар бойынша кеңес табылады. Осының арқасында, инновацияның дамуы ұлттың күн тәртібінде жоғарғыбасымдылықты иеленді; мемлекеттік, жеке және сараптамалық секторлар арасында серіктестік негізінде келісілген болды.

3. Ғылыми орталықтар мен бизнес-құрылымдар арасында тиімді өзараәрекеттестікті қамтамасыз ету.

Финляндияның тәжірибесі берілген бағыт арнайы талпынысты және механизмдерді талап ететіндігін көрсетті. Елде бес ірі институт қызмет етеді: Финляндия Академия-сы (халықаралық ғылыми байланыстар, аз зерттелген немесе жаңа мәселелерді зерт-теу); TEKES (жұмысбастылық пен экономика, ұлттық құзыретті нығайту, қызмет көрсету және өнеркәсіп салаларында инновациялық жобалардың операторы); SITRA – Финляндия Парламентінің жанындағы қоғамдық қор (жоғары технологиялар негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың капиталын қамтамасыз етеді); VTT (зерттеулердің коммер-циалануы және бизнестің жаңа мүмкіндіктерін құру); T&E – экономикалық даму және жұмысбастылықтың өңірлік орталықтары. Аталған институттардың жиынтық бюджеті 1,1 млрд. евродан асады.

АҚШ-та инновацияларды дамыту үшін шағын бизнес мүдделеріне дағдыланған ұлттық бағдарламалар жүзеге асырылады. Бұл, сарапшылардың ойы бойынша, шағын бизнесте инновациялық әзірлемелердің капитал қайтарымдылығы ірі кәсіпорындарға қарағанда 2,5 есе жоғары екендігімен шарттастырылған. Бір жұмыскерге шаққанда патенттердің көлемі түрінде келтірілген шағын бизнестің инновациялық белсенділігі ірі кәсіпорындардың іспеттес көрсеткіштерінен 15 есе жоғары болып келеді. Осыған байла-нысты, қабылданған АҚШ-тың инновациялық стратегиясы аясында 2011 ж. ақпанда стар-таптарды дамытуды қолдау бойынша баста-ма жарияланды, оған 2 млрд. долларға жуық қаражат жұмсалатын болады. Ғылыми-технологиялық және бизнес ресурстарды біріктіру жолымен ЕО елдері дамып келеді. Панеуропалық бағдарламалар («ЕО ҒЗТКЖ Негіздемелік бағдарламасы», EVRIKA, BRITE, EURAM, CRAFT), «технологиялық тұғырнамалар», халықаралық бизнес «жол карталары» негізінде Іскерлік инновациялық орталықтардың Еуропалық желісі деп атала-тын, өзіне Еуропаның 30 мемлекетінде, соның ішінде ЕО-қа кірмейтін елдерде де (Исландия, Израиль, Швейцария) орналасқан 160 іскерлік инновациялық орталықтарды қосатын жаңа технологиялардың мемлекетаралық еуропалық кластері құрылды. Аталған желі аясында ин-кубаторлар, технопарктер, инновациялық және технологиялық орталықтар, зерттеу ин-ституттары, ақпараттық жүйелер, технологиялар трансфертінің орталықтары өзара әрекеттеседі. Берілген орталықтар ғылыми-зерттеу ұйымдарынан инновациялық техноло-гияларды бизнеске жеткізуге септігін тигізетін технологиялық делдалдар ретінде қызмет етеді.

Айдарлар
Яндекс.Метрика