Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ЭКСПО-2017

2017 ж. Қазақстанның астанасы –  Астанадағы Халықаралық мамандандырылған көрме. Қабылданған «Болашақ энергиясы» тақырыбына акцентпен дүние жүзі елдерінің жетекші жетістіктерінің   көрмесін өткізуді ұйғарады.

ЭКСПО-2017 Астана қаласына 2001 ж. Рим Папасы ІІ Иоанн Павелдің сапары, 2003 ж. Әлемдік және дәстүрлі діндер көш-басшыларының съезін, 2010 ж. ЕҚЫҰ Саммитін, 2011 ж. Жетінші қысқы Азия ойындарын өткізу секілді озық шаралармен тең тұратын, Қазақстан және оның астанасының бірегей жобасы болып саналады.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев ЭКСПО-2017 тек астананың ғана емес, сонымен қатар бүкіл елдің, бүкіл еуразиялық аймақтың дамуына септігін тигізетін, жалпыұлттық жеңісі ретінде сипаттаған.

Қазақстан көрмені өткізу құқығына қатаң бәсекелестік таңдау нәтижесінде ие болды. Көрмелердің халықаралық бюросының 152-ші Бас ассамблеясында дауыс беру аясында соңғы кезеңде Астана бельгиялық Льеж қаласынан озып шықты. Қазақстан астанасы үшін Көрмелердің халықаралық бюросының 161 мүше-мемлекеттерінің ішінен 103-і дауыс берді.

ЭКСПО-2017 ТМД елдерінде өткізілетін бірінші көрме болмақ. Көрме тақырыбы Қазақстанның шикізаттық ел ретінде энергияның балама және қайта қалпына келетін көздерін дамытуға бағытталғандығын көрсетеді.

ЭКСПО-2017 дайындық барысында 2013 ж. 30 мамырда Қазақстанда «жасыл экономикаға» өту Тұжырымдамасы қабылданды және энергияның қайта қалпына келетін көздерін дамыту үрдісі жеделдетілуде.

ЭКСПО-2017 өткізу орны ретінде Астананың таңдалғанының маңызды факторы қазақстандық астананың даму қарқыны болды. Қазақстанның бас қаласында инновацияларға үлкен көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, ақылды қала технологияларын енгізуді ұйғаратын SMART-Астана жобасын 2013 ж. іске асыру басталды.

2010 ж. 28 маусымда Астанада ашылған үшінші ұрпақ университеті – Назарбаев Университетінің құрылысының ерекше тәжірибесі іске асырылған. Ол шетелдік жетекші ЖОО-ның қатысуымен жаңадан құрылған және 3 компонентті үйлестіреді: білім беру – зерттеу – инновациялар.

Дүниежүзілік көрмелердің тарихы тәжірибесінен, бұндай шаралар осындай миссияны жүзеге асырушы елдердің даму қарқынын өзгертуге септігін тигізгендігін атап өтуге болады. Мысалы, 1889 ж. Дүниежүзілік көрмеге кіреберіс ретінде қызмет еткен, Париждегі 300-метрлік Эйфель мұнарасы бүкіл Францияның бас көрнекілігіне және нысанына айналды. Осындай жағдай Астанада да «жасыл квартал» құрылысы арқылы болуы тиіс, әкімшілік-іскерлік орталық, тұрғылықты аудандар, саябақтар мен мәдени нысандар орналастыру жоспарланған 20 гектарға жуық аймақты құрайды. Бұл кварталдың құрылысы энергия қорының жаңа технологисы мен экологиялық жауапкершілікке жаңаша көзқарас жасау арқылы іске асырылады. Жобаны іске асыру «Самрұқ-Қазына Девелопмент» және Bl Group Холдингі мемлекеттік-жеке серіктестігі негізінде жасалады.

Дүниежүзілік көрмелер 1881 жылдан бері өткізіліп келеді және бүгінгі таңда 18 елде, негізінен Еуропа елдерінде, АҚШ, Канада, сонымен қатар Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Қытайда өтті.

ЭКСПО-2017 дайындауға барлығы 1,6 млрд. АҚШ долларын шығындау жоспарлануда, олардың негізгі бөлігі – бұл павильондар мен қонақүйлердің құрылысына инвестициялар. Астанадағы дүниежүзілік көрме 3 айға созылады. Оған әлемнің 100 елі және 10-ға жуық халықаралық ұйымдар қатысады деп жоспарлануда. Дүниежүзілік көрмені өткізу кезеңінде Қазақстан астанасына 5 млн.-ға жуық адам келеді деп болжамдануда.

Мамандардың айтуынша, Астанада көрмені өткізу бойынша салымдар мен талпыныстар нәтижесінде өзін ақтайды. Атап айтқанда, ЭКСПО-2017 көрмесінің павильондық күштері Астана қаласында Назарбаев Университетінің маңында құрастыруға жоспарланып отырған инновациялық-интеллектуалды кластердің нығаюына септігін тигізеді, қалалық инфрақұрылым мен экономиканың «жасыл» секторларының дамуында динамикалық серпіліс болады, Қазақстанның және оның дүние жүзіндегі жетістіктерінің көпшілікке тарауы жалғасады.

ЭКСПО – «Болашақ энергиясы» тақырыбының мәні қоғамның көңілін энергияның тұрақты қайнар көздерін басқаруды қамтамасыз ететін шешімдер мен тәсілдерге аудару болып табылады. Бұл тәсілдер климат өзгерісімен және көмірқышқыл газының тасталуын азайтумен күреске; энергияның балама қайнар көздерін – соның ішінде қайтақалпына келетін энергияны пайдалануға ынталандыру, және энергияның тиімділігі бойынша бағдарламаларды енгізуге; энергияны сақтаудың беріктілігін қамсыздандыруға; энергияны өндіру, сақтау және пайдалануды бақылауға; және энергияның тұрақты қайнар көздеріне жаппай қол жетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

«Болашақ энергиясы» тақырыбындағы халықаралық көрмені өткізу біздің өміріміз үшін іргелі мәнге ие және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен біздің өміріміздің сапасын жоғарылатуда маңызды рөл атқаратын мәселе жайлы ойлануға мәжбүр етеді. Бұл сұрақ біздің көліктерді энергиямен жарақтау, үйлерімізді жылыту және қалаларымызды жарықтандыру үшін пайдаланылатын энергияның дәстүрлі қайнар көздері олардың өсіп келе жатқан таусылуымен, қайтақалпына келе алмау қабілетімен және оларды пайдалану біздің ғаламшарға, денсаулығымызға және қауіпсіздігімізге тигізетін әсерімен байланысты сенімсіздік пен абыржуды тудырады.

Айдарлар
Яндекс.Метрика