Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРАГМАТИЗМ

«Прагматизм» түсінігі ХІХ ғ. позитивизмнің философиялық мектебінің аясында пайда болды. Ақиқаттылық пен мәндік мағынаның факторы ретінде тәжірибенің басымдылығын ұйғарады. Американдық философ Чарльз Пирс енгізген. Прагматизмнің негізі – бұл пайдалы нәтижені алуға бағыттылық.

Жалпы, экономикалық прагматизм мемлекеттің экономикаға саналы түрде қатысуын ұйғарады. Экономикалық прагматизм қағидаларына сүйене отырып, XVIII-XX ғғ. еуропалық мемлекеттер индустриалды төңкеріске қол жеткізгенін атап өткен жөн.

Қазіргі кезеңде, «ақылды реттеу» атауына ие болған, экономикалық прагматизм қағидалары Еуроодақтың 2020 ж. дейінгі даму Стратегиясы аясында жүзеге асуда. «Ақылды реттеу» келесілерді ұйғарады:

- мемлекеттік-басқарушылық айналымның барлық кезеңдерінде – жаңа актілерді жобалаудан бастап қолданыстағы жобаларды өткен кезеңге сәйкес тазартуға дейін – реттеу әсерін бағалау;

- ЕО мүше-елдерінің атқарушы, заң шығарушы және бақылаушы органдарының кооперациясы;

- реттеуші әсерді бағалау үрдісіне мүдделер тобы мен азаматтардың қатысуы.

Осылайша, экономикалық прагматизм сапа мен тиімділіктің жоғары талаптарына сай келетін, және субсидиарлылық пен үйлесімділік қағидаларына негізделген мемлекеттік саясаттың сапалы жаңа деңгейіне қол жеткізуді жорамалдайды.

Субсидиарлық дегеніміз – ең төмен, аз және орталықтан алыста шешілуге тиісті маңызды міндеттердің ұйымдастырушылық және құқықтық ұстанымдары.

Экономикалық прагматизм – 2012 ж. 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы» Жолдауында жарияланған жаңа саяси бағыттың экономикалық құрамасының ядросы.

Президент Жолдауына сәйкес, жалпы экономикалық прагматизмнің 4 компоненттері алға тартылды:

1) мүдделердің экономикалық мақсатқа лайықтылығы мен ұзақ мерзімділігі;

2) экономикалық өсудің жаңа тіректері мен нүктелерін анықтау;

3) салымдардың қайтарымдылығы мен табыстылығын ұйғаратын инвестициялық ахуал;

4) мемлекеттік-жеке серіктестік қағидаларының негізінде жеке секторды құру.

Прагматизм саясаты жаңа кадрлық саясатқа негізділеді, ол өзіне корпоративті басқару қағидаларын енгізуді, аутсорсинг механизмдерін қолдануды кеңейту, яғни белгілі бір жобалардың жүзеге асуын мемлекеттік емес сектордың субъектілеріне (толығырақ аутсорсинг түсінігінен қараңыз) жүктеу үрдістерін қосады.

Прагматизм саясаты шегінде 2050 ж. дейін макроэкономикалық саясатты жаңғырту бойынша міндеттерді тізбектеп шешу ұйғарылады. Осындай жаңғыртудың жетекші индикаторлары келесілер болуы тиіс:

- бюджет тапшылығын минимумға дейін қысқарту;

- жалпыұлттық жобаларға назар салу;

- жақындағы 5 жыл ішінде электронды салықтық есептілікке өту;

- транзиттік әлеуетті дамыту;

- Ұлттық қорды ұтымды пайдалану;

- Үшінші өнеркәсіптік төңкеріс контекстінде индустриаландыру үрдісін жалғастыру;

- отандық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі;

- су ресурстары саласында жаңа саясат.

Айдарлар
Яндекс.Метрика