Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ҮШІНШІ ИНДУСТРИАЛДЫ ТӨҢКЕРІС

Әлем XVIII ғ. соңында және XX ғ. басында екі өнеркәсіптік төңкерістерді басынан кешіріп, қазіргі уақытта үшінші төңкерістің қарсаңында тұр. Үшінші индустриалды революция   (ҮИР) тұжырымдамасының авторы, америка ғалымы Джереми Рифкин мынадай негізгі мәселелерді ашып көрсетеді:

1)   энергияның қайта қалпына келетін көздеріне көшу;

2)   ғимараттарды энергия өндіретін минизаводтарға айналдыру;

3)   энергия ресурстарды жинақтау технологиясын енгізу және дамыту;

4)   сутекті энергетика негізінде электрлік тарту күшіне транспортты ауыстыру, сонымен бірге жерасты пневмотранспорты сияқты жаңа экономикалық транспорт түрін дамыту;

5)   өнеркәсіптік өндірістен көптеген тұрмыстық тауарлар арқылы 3D-принтер технологиясы негізінде жергілікті, тіпті үйдегі өнеркәсіпке ауысу;

6)   металлургиядан көміртегі негізіндегі композиттік материалға, сонымен бірге іріктемелі лазерлі қорытпа негізінде металлургияны 3D-басылымды технологиясына ауыстыру;

7)     мал шаруашылығынан бас тартып, 3D-биопринтерді пайдаланып, мал жасушасынан «жасанды ет» өндіру өндірісіне ауысу;

8) Ауылшаруашылығының бір бөлігін қаладағы «сатылы фермалар» технологиясының қорына ауыстыру.

Берілген тұжырымдаманың авторы – американдық ғалым, экономист және эколог Джереми Рифкин.

Алдыңғы индустриалды төңкерістердің сипаты энергияның жаңа қайнар көздеріне байланысты жаңа технологиялардың өзара әрекеттесуімен анықталған болатын. ХІХ ғ. болған бірінші өнеркәсіптік төңкеріс көпшілік баспа техникасы және көмір мен бу негізіндегі экономикаға сүйенді.

ХХ ғ. екінші төңкеріс – электр қуатының, байланыстың электронды құралдарының, телефоннан радио мен теледидарға дейін, іштен тұтанатын қозғалтқышқа және конвейерлік құрастырудың таралуына негізделді. Осы кезеңнің нышантауары – автокөлік болды. Автокөлік құрылысы энергия ресурстарына сұранысты күрт ұлғайтты. Автокөліктер адамдардың өмір сүру орнымен  салтын өзгертті, ал телефон, радио және теледидар әлеуметтік өмірдің түбегейлі қайта қарастырылуын жүзеге асырды.

Үшінші төңкеріс сандық байланыс технологияларының пайда болуымен қатар басталды. Интернет дүние жүзін, адамдар күтуін, ақпараттың орын алмасу қарқыны мен масштабын өзгертті. Бірақ, энергия көздері өзгермеді. Ол, бұрынғысынша, көмір, газ, мұнай болып келеді. Дамып келе жатқан әлем өмір сүрудің батыстық салтын көшірмелеуде, ал, энергияның дәстүрлі көмірсутекті көздерінің баршаға жетпейтіндігі анық. Тұтынудың қарқынды өсіп жатуы жаһанды масштабтағы экологиялық апат қаупін тудырады. Бүгінгі дағдарыстың мәні – дүние жүзінде энергияның қысылшаң жетіспеуі. Біздің көзіміздің алдында екінші төңкеріс парадигмалары құруда және ол құрған барлық тәртіптер жойылуда.

Осыған орай, Дж. Рифкин ойынша, Бірінші төңкеріс әлемді темір жолдардың инфрақұрылымымен, ал Екіншісі – тас жолдар және кабельдердің желісімен шырмалады және осылайша, Үшінші төңкеріс интернетке ұқсайтын және қайтақалпына келетін энергияның миллиондаған шағын көздерін өзара байланыстыратын желіні құрауы тиіс.

Әлемнің одан арғы дамуының гипотезасы ретінде белгіленген, Үшінші өнеркәсіптік төңкеріс қазіргі уақытта жеке мәселелер бойынша іске асырылуда.

Осылайша, Германия үкіметі ҮИТ элементтерін енгізіп жатыр. Бағалаулар бойынша, 2020 ж. қарай Германия қайтақалпына келетін көздерден электр қуатына деген өзінің қажеттіліктерінің 40%-на дейін қамтамасыз етуге қабілетті болады. Мыңдаған ғимараттар шатырдан, керегелерден, қоқыстан энергияны шығаратын және артықшылықтарды жалпы желіге беретін (Smart Grid технологиялары) кішігірім электр станциясы бола алатындай етіп қайта жөнделуде.

Айдарлар
Яндекс.Метрика