Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ҮДЕМЕЛІ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ

Бұл  жаңа салаларды құру үрдісі, сонымен қатар экономиканың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын жоғары технологияларды енгізу және инновациялардың негізінде дәстүрлі салаларды дамыту.

Қазақстандағы үдемелі индустрияландырудың басты мақсаты – бұл экономиканы әртараптандыру арқылы оның тұрақтылығын және баланстылығын қамтамасыз ету.

Үдемелі индустриаландырудың міндеттері экономиканың басым секторларын дамыту, индустрияландыру үшін жағымды ортаны құру, экономикалық әлеуетті рационалды территориялды ұйымдастыру негізінде экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру, сонымен бірге экономиканың басым секторларын дамыту үрдісінде мемлекет пен бизнестің тиімді өзараәрекеттесуін қамтамасыз ету болып табылады.

2010-2014 жж. арналған Үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы (бірінші бесжылдық, ҮИИДМБ) аясында Қазақстанда индустрияландырудың республикалық және аймақтық карталары іске асырылуда. Индустриаландырудың республикалық картасы бойынша 872 жоба қабылданды, оның 330 жобасы пайдалануға берілді. Жалпы, Карта бойынша енгізілген жобалар есебінен 1,7 трлн. теңге өнім өндірілді. 

ҮИИДМБ нәтижесі бойынша өңдеу өнеркәсібінің 19,4% өсіміне қол жеткізілді (2012 ж. ЖІӨ-нің 2008 ж. жалпы нақты өсіміне қатысты 22,6%). 2012 ж. өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің нақты өсімі 2008 ж. қатысты 53,5%-ды құрады. 2012 ж. өнеркәсіпте жұмысбасты халықтың саны 1 млн. адамды құрады, 5 жыл ішіндегі өсім – 85,3 мың адам, соның ішінде Индустриаландыру картасы жобасының есебінен – 40,9 мың адам (47,9%).

Үдемелі индустриаландырудың немесе ҮИИДМБ негізгі мақсаты – бұл инновация мен өндіріске жоғары технологияларды енгізуге негізделетін экономикалық өсудің жаңа моделіне өту арқылы Қазақстан экономикасының технологиялық жаңаруы. Осы негізге Қазақстанның постиндустриалды қоғамға шығуы ұйғарылады.

Экономика білімін және постиндустриалды қоғамды құрастыру қазіргі уақыттағы елдердің дамуының маңызды тенденциясы болуда. «Үшінші толқын» еңбегінде мазмұндалатын, Э. Тоффлердің болжамына сәйкес Үшінші өнеркәсіптік төңкерістің тарауы ХХ ғ. соңғы үш онжылдығында басталды және 2025 ж. қарай толығымен қалыптасады. Қоғамдық-экономикалық форматтың индустриалдыдан постиндустриалдыға өзгеруі мерзімінің тығыз болуы ғылыми-техникалық инновациялардың қарқынды дамуы және таралуымен байланысты. Бұл өз кезегінде, Қазақстанға үшінші өнеркәсіптік төңкеріс форматы бойынша экономиканы дамытуға уақыттық шектемелерді қояды.

Бүгінгі таңда, ғылыми және жоғары технологиялық өнімдер әлемнің ірі экономикаларының – АҚШ, Қытай, ЕО, Оңтүстік Корея, Малайзия және т. б. – табыстары мен экспорттарының жартысын құрайды. Білімді талап ететін секторлар қарқынды дамып келе жатыр – бұл АҚШ және Ұлыбритания секілді елдер үшін табыстың ірі қайнар көзі болып келетін білім беру саласы; және телекоммуникация, нано - және биотехнологиялар. Калифорниядағы Силикон жазығы (АҚШ), Бангалор (Үндістан) білімді коммерциялаудың және даму мен өсу үшін елдің құрамдас бөлігін құрастырудың тиімді түптұлғасы болды. Әлемнің жетекші елдері орташа есеппен ҒЗТКЖ-ға ЖІӨ-нің 2–3% жұмсайды, соның ішінде Жапония, Швеция, Израиль – 3,5– 4,5%, АҚШ – 2,7%, Үндістан – 2%, Қытай – 1,7%. Қазақстанда ҒЗТКЖ-ның шығындары ЖІӨ-ден 0,3 % аз. Бірақ зерттеулер мен жасалымдар шығыны 2012 ж. 4,4 есеге өсті, ал 2013 ж. 51,3 млрд. теңгені құрайды.

Индустрия түсінігінің өзі өзгеріске ұшырауда. Бұған дейін күш қуаттылық өнеркәсіптің үлкендігі мен ауырлығын білдірсе, онда қазір күш қуаттылық шекті ықшамдалған өнімдерді білдіруі мүмкін. Заманауи технологиялардың мүмкіндігі туралы келесі дәйек көрнекі бола алады: металл түйірінің көлемінің 10 микроннан 10 нанометрге дейін кішіреюі оның беріктілігін 30 есе арттырады. Мамандардың бағалауы бойынша, келесі онжылдықтарда материалдардың 90% түбегейлі жаңа материалдармен алмастырылатын болады, бұл техниканың түрлі салаларындағы төңкеріске алып келеді. Жаңа материалдар бойынша жұмыстардың әлеуеттілігі туралы мына дәйек куәландырады: бүгінгі таңда әлемдік патенттердің 22% осы саладағы жаңалықтарға беріледі.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында индустриалды-инновациялық дамудың жаңа бесжылдығының тұжырымдамасын әзірлеуге кірісуді тапсырды. ҚР Президенті атап өткендей, 2014 ж. Үдемелі инновациялық индустриаландыру Бағдарламасын іске асырудың бірінші бесжылдығы аяқталады. Қазақстанды индустриаландырудың келесі жаңа сатысы әлемдік индустрия, ғылым мен техниканы дамытудың әлеуетті технологиялық бағыттарын ескере отырып, ҚР экономикасының теңдестірілген өсуі үшін бірінші бесжылдықта құрастырылғандардың негізінде қалыптастырылатын болады.

Үкімет 2013 ж. соңына дейін ұсынылатын индустриаландырудың 2-ші бесжылдық тұжырымдамасын дайындауда. 2014 ж. көктемінде 2015–2019 жж. Индустриаландыру бағдарламасы қабылданады.

Индустриаландырудың жаңа сатысының нәтижесі 2025 ж. қарай ҚР экспортының жалпы көлемінде шикізаттық емес экспорт үлесінің екі есе, ал 2040 ж. қарай үш есе жоғарылауы болуы тиіс. Берілген көрсеткіштерге қол жеткізу үшін ең озық технологиялық стандарттарға сәйкес өндірістік активтерді 2050 ж. қарай толығымен жаңарту қажет. Бұл ретте, деиндустриаландыру үрдістері индустриаландырудың жаңа сатысына алмасқан кезде, аталған мәселенің жалпыәлемдік контекстегі өзектілігі ескеріледі.

«Жаңа индустриаландыру» термині бірінші рет өткен ғасырдың екінші жартысында, қысқа мерзім ішінде (бірнеше онжылдық) индустриалды және әлеуметтік-экономикалық дамудың сапалы серпілісі болған, дамыған елдерге қатысты пайда болды. Бұл жаңа индустриалды елдер (ЖИЕ), олардың қатарына екі аймақты – Латын Америкасы мемлекеттері мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін жатқызады.

Дегенмен, аталған серпіліс экологиялық зиянды өндірістерді дамыған елдерден Үшінші әлем елдеріне шығаруы нәтижесінде мүмкін болды. Осылайша, батыстық экономикалардың деиндустриаландыру үрдісі жүргізілді. Ішкі тұтыну үшін кіршіксіз және таза өмір сүру салтын құрастыру әрекеті «әбжылан әсерімен» айналып келді. Деиндустриаландыру шарттарында қосалқы секторлардың «сабынды көпіршігі» өрши түсті. Ол дамыған және дамушы елдер арасындағы теңгерімсіздік нәтижесінде пайда болған халықтың көшіқон толқындарымен толықтырылды.

Айдарлар
Яндекс.Метрика