Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ СЕРПІЛІС

Бұл түсінік философиялық мағынада қоршаған ортаны түсінудің  радикалды трансформациясын және ескі мәселелерге жаңадан қарап, жаңа мәселелердің орынды шешімін табуға мүмкіндік беретін сана мен рух өрістерінің кеңеюін білдіреді.

Оған қоса, қазіргі таңда қолданбалы мағынадағы дүниетанымдық серпіліс қазіргі тарихи кезеңге сай келетін әрекет ету түрі мен әлеуметтік психологияны қабылдау ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда сәттілік психологиясы меңзеліп тұр.

Мұндай түрдегі психологияны зерттеу әлеуметтану классигі Макс Вебердің 1905 ж. шыққан «Протенстанттық этика және капитализм рухы» атты танымал еңбегінен бастау алған болатын. Неміс ғалымы кәсіпкерлік феноменінің пайда болуын протестантизмнің ерекше рухымен, оның құнттылығымен, ұқыптылығымен, еңбекқорлығымен және адалдығымен байланыстырды.

Макс Вебердің концепциясы ұзақ уақыт бойы, әсіресе марксистік әлеуметтану тұрғысынан сынға ілініп келді.

Пікірталастар мен зерттеулердің нәтижесі ретінде тарих пен адамзаттың болашағын оптимистік түрде қабылдаудан бастау алатын «прогресстің жалпы мәдениеті» атты жаңа тұжырымдама пайда болды. 

2002 жылдан 2005 жылға дейін Тафт университетінің (АҚШ) жанындағы Флетчер атындағы институтта С. Хантингтонның қатысуымен Лоурэнс Э. Харрисон жүргізген «Мәдениеттің маңызы бар» деген жоба жүзеге асырылды. Л. Харрисонның ойынша, мәдени құрамдастың экономикалық теорияға енгізілуі католицизм мен басқа діндерге қарағанда экономика үшін ең қолайлы болып табылған протестанттық этикадан басталды. Дегенмен мұндай түйінді ойлар үшін объективті жағдайлар да болды. Сол кездегі солтүстік Еуропа елдерінде алға өрлеу үрдістері байқалған болатын.

Алайда, протестантизмнің ерекшелікті артықшылықтары ұлттардың ерекше психотиптерінің пайда болуының негізіне айналған және Оңтүстік Шығыс Азияның мемлекеттерінде – Жапония, Сингапур, Қытай, Тайвань және Оңтүстік Кореяда экономикалық ғажайып тудырған конфуцишілдік философиямен біртіндеп ығыстырыла бастады. Олардың маңызды психологиялық қасиеттері ретінде халықтың игіліктерді тұтынудағы қанағаттылығы, еңбекқорлығы, ұжымдылығы, биліктің қасиеттілігі, қор жинауға бейімділігі, жалпы айтқанда, әрдайым өзін-өзі жетілдірудің негізінде жатқан заттар немесе кайдзен қарастырылады.

Бүгінгі күні сарапшылар 2040–2050 жж. қарай әлемдік сахнада индуизм мен буддизмге негізделген Үндістанның бірінші орынды иеленетінін болжайды.

Нәтижесінде Э. Харрисон «кез келген жағдайда жоғарыда айтылғанның бәрі «прогрестің жалпы мәдениетінің» болатыны туралы айтуға мүмкіндік береді»: шығу тегіне қарамастан экономикалық әрекет ету саласындағы құндылықтар географиялық, климаттық, саяси, институционалды және мәдени шарттары әр түрлі мемлекеттерде берекелі қоғам орнатады деген қорытындыға келді.

Қарастырылып отырған тақырып аясында исламдық мәдениеттің экономикалық прогреске қарсылық көрсететіні туралы стереотипті жоятын Малайзия мен Индонезия мұсылмандық технократтарының идеяларын алға жылжыту мәселесі орынды қойылып отыр. «Алтын динар» идеясы, ислам банкингінің өсуі, ислам мемлекеттерінің табысты жаңғыртылуының мысалдары мұсылмандық қоғам жағдайында прогреске қол жеткізу мүмкін екенін көрсетеді.

Исламдық әлемнің бір бөлшегі бола тұрып, Қазақстан да өзінің даму арнасын тапты. Президент Н.Ә. Назарбаев Ислам конференциясы ұйымы елдерінің сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-шы отырысының шеңберінде атап өткендей, исламдық аймақтың тарихи тұрғыдан ғылым мен прогрестің қайнар көзі болған. Әлемде әлі күнге дейін пайдаланып келе жатқан ғылым мен ұлы ашылулардың жемістері осы жерлерден бастау алған.

Сонымен қатар, исламдық әлем үшін діни фундаментализмді саяси идеология ретінде көріп, оған қарсылық таныту маңызды екені және Мұсылмандық әлем мен Батыс арасындағы ашық та, адал сұхбат орнату керек екені айтылған болатын. «Исламдық қауымдастыққа бейбітшілік, жаңғыртушылық, ғылыми-техникалық даму мен ағартушылық ауадай қажет». Қазақстан конфессияаралық келісім саясаты арқасында ислам әлемі көшбасшыларының біріне айналды. Заманауи әлемде бейімделу үшін біздің мемлекет мұндай саясаттың мүмкіндіктерін басқа да мұсылман елдеріне ұсынып жатыр. 

Дағдарыстың мәселелеріне байланып қалу мен өткен кезді сағынып, аңсауға негізделіп қалған сана-сезімді өзгертудің факторы ретінде әлемнің дамыған мемлекеттеріндегі идеологиялық ұстанымдар мен стратегияларға ұқсас «Қазақстан-2030» стратегиясы қалыптасқан болатын.

Мәселен, «синганхук» атағын алған Корея Республикасының бірінші азаматтық президенті Ким Енсамның жаңа Кореяны қалыптастыру және ескі кәрістік сырқаттардан, әсіресе, жемқорлық пен әскери қызметкерлердің шамадан тыс асып кеткен рөлін жойып, олардан айырылу аталмыш саясаттың негізіне айналған саяси бағыты.

Үндістанның тереңінен сезілген және басынан көп қайғы кешірген ұлттық философиясы осы мемлекет жетістіктерінің кепіліне айналды. Оның, яғни Сатьяграха («ақиқатқа ұмтылу») идеологиясының негізін Махатма Ганди қалаған болатын.

Малайзияда 1970 ж. қабылданған «рукунегара» («мемлекеттің негіздері») жетекші стратегиялық рөл ойнады. Оның қағидалары: Құдайға сенім білдіру; монарх пен мемлекетке берілу; Конституцияны құрметтеу; заңдарды және Конституция нормаларын орындау; лайықты әрекет ету. Оны дамыту үшін «Келешек-2020» платформасы қабылданған болатын. Аталмыш бағдарлама бойынша Малайзия экономикалары дамыған мемлекеттер қатарына кіруі керек болды.

Индонезияда бұл 5 негізгі қағидадан тұратын Панчашила – бір Құдайға, Индонезияның бірлігіне, ізгілікке, демократия мен әділеттілікке сену.

Қытай Халық Республикасында Дэн Сяопиннің қанатты сөзі болып табылатын «қытайлық ерекшелігі бар социализм» атты идеология қабылданды. Бұл - саяси жүйенің консервациясы жағдайында экономиканың жаңғыртылуы. Қытайда бес рақымшылдық:адамгершілік, әділеттілік, игіліктік, өзін-өзі жетілдірушілік және берілгендік қабылданды. Ешкім өзіне қаламаған нәрсені басқаға да істемеуі керек. Бұл билеушіге де қатысты постулат. Оның ең басты міндеті – қол астындағыларына қамқорлық көрсету, бұлай болмаған жағдайда олардың өз билеушілерін алып тастауға толық құқықтары бар. Конфуций ілімінің негіздерін білу қазіргі күннің өзінде де қытай менталитетін түсіну үшін маңызды.

Түрік қоғамында басым дамушылық алған бірқатар нақты құндылықтар «Кемал Ата Түріктің» алты «садағында» көрсетілген: республикашылдық, ұлтшылдық, халықтық, реформизм, этатизм және атеизм.

Сонымен, барлық жетістікке жеткен ұлттар халықты еліктіріп, ұлт жетістіктерінің негізіне айналған өз ұлттық идеясын тұжырымдай алғандықтан осындай жағдайға жетіп отыр.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы деп аталатын Жолдауда жаңа стратегия «Қазақстан-2030» стратегиясы сияқты дүниетанымдық серпіліске әкелуі керек екені айтылған. Оның мәні біздің қуып жетуші емес, тұрақты даму деңгейіне жеткенімізге негізделеді. Ол өз кезегінде дамудың индустриалдылыққа дейінгі және индустриалды түрінен постиндустриалды түріне өзгеруіне негізделеді.

Айдарлар
Яндекс.Метрика