Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

«GREEN 4» ЖОБАСЫ

Алматы маңында төрт жолсерік қалалар негізінде Алматы қаласы мен Алматы облысын дамыту бойынша ұсыныс. «Green 4» жобасын жүзеге асыру бойынша ұсыныс ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жылсайынғы Жолдауы аясында 2012 ж. 14 желтоқсанда тұжырымдалған. «G4 City» жобалық фирмасы («Caspian Group» АҚ құрамындағы инвестициялық компания) «Kann Finch Grouр» австралиялық компаниямен бірлесе отырып «G4 City» деп аталатын, Алматы – Қапшағай трассасы бойында төрт қаланың құрылысы бойынша ұсынысты 2009-2010 жж. әзірлеген болатын.

«G4 City» қала құрылысының жобасы Алматы маңында төрт жолсерік қалалардың құрылысын ұйғарған, жолсерік қалалардың әрқайсысы Алматы аймағын дамытуға септігін тигізетін құрамдас бөліктердің бірі болуы тиіс еді. Қалалардың Алматы – Қапшағай трассасы бойында орналасуы бүкіл жобаны бір қуатты жоғары технологиялық және заманауи конгломератқа біріктіруі керек еді. Әрбір қала өзіндік жеке арналуына ие болуы жоспарланған: қаржы орталығы – Gate City, білім беру мен мәдениет орталығы – Golden City, транспорттық-логистикалық орталық – Growing City және бүкіл жобаның түйіні – көңіл көтеретін курортқала – Green City.

Дегенмен, өткізілген сараптама бұрынғы күйінде G4 City жобасы Алматы қаласының қала құрылысы, транспорттық және экологиялық мәселелерін шиеленістіруі мүмкін екендігін көрсетті, себебі өздерінің мәнмағынасына сәйкес жоспарланып отырған қалалар жолсерік қалалар емес, керісінше, халық тығыз орналасқан мегаполистен өзіне қарай миграциялық және транспорттық ағымдарды тартатын қарсы тартушы қалалар болатын еді.

Осыған байланысты, ҚР Президентінің 2012 ж. 14 желтоқсандағы Жолдауында берілген тапсырмалар аясында, сарапшылардың барлық ескертулерін есепке ала отырып, жаңа «Green 4» жобасы шегінде Алматы маңында төрт жолсерік қала негізінде Алматы қаласы мен Алматы облысын дамыту бойынша жұмысты жалғастыру қажет.

Мамандар Алматы агломерациясын туристік-рекреациялық және халықаралық деңгейдегі курортты орталық ретінде қалыптастыру және Қапшағай су қоймасының батыс жағалауы шебінде жолсерік қалалардың құрылысын жүргізуді ұсынды. Қала құрылысының негізі «жасыл» және жоғары технологиялардың кәсіпорындары болуы тиіс.

Жаңа қалаларда заманауи сапалы жұмыс орындарын құру мақсатында Қапшағай жағалауының рекреациялық ресурстарын қолдануға және сауда, спорт, шипажайлы, курорттық және көңіл көтеру объектілерінің дамыған заманауи желісі бар халықаралық деңгейдегі «Қапшағай» туристік кластерін құрастыруға болады.

Сонымен бірге, Қапшағай қ. маңында халықаралық әуежай құрылысының мақсаттылығын зерттеу ұсынылады. Бұл әуежай «Қапшағай» туристік кластеріне шетелден келуші туристерді қабылдай алады, сонымен қатар, бұл әуежай ауа райы қолайсыз күндері Алматыға келіп қонушы ұшақтар үшін қосымша сақтандырушы аэродром болады.

Шетелдік тәжірибеде осындай жобаларды жүзеге асырудың баламалары бар. Атап айтқанда, бұл Францияда «Үлкен Париж» агломерациясын құру. Қайта өзгеріс жоспары кезең-кезеңмен 20, 30, 40 жылға есептелінген, бұл жобаның негізінде үш өзекті қағида жатыр: атмосфераға зиянды тастандыларды қысқарту туралы Киот хаттамасына сәйкестік, қала маңының интеграциясы, транспорттық инфрақұрылымды құру және қайта құрастыру.

Сонымен қатар, ГФР-да Рейн-Рур агломерациясының үш қалаларының – Ахена, Хамма және Херне – территориясында жақын уақытта, еуропалық заманауи қаланың экологиялық қайтақұрылысының үлгісін көрсетуге арналған, «Болашақтың экологиялық қаласы» жобасы жүзеге асырылатын болады.

Айдарлар
Яндекс.Метрика