Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

СУ РЕСУРСТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА КОРПОРАТИВТІК САЯСАТ

Су ресурстары саласында жаңа саясаттың маңызды элементі болып су әлеуетін үйлестірілген білікті және тиімді басқару табылады. Саяси, әлеуметтік, экономикалық және әкімшілік әрекеттердің жиынтығы ретінде суды басқару, заманауи жағдайда, суды қолданушылардың келесі негізгі топтардың тұрақты қамсыздандырылуын кепілдеу қажет: коммуналды-тұрмыстық секторды, ауыл шаруашылығын, өнеркәсіп, энергетиканы, қоршаған ортаны және берілген секторлар арасында гидроресурстарды тарату әділ және қазіргі уақытта да, болашақта да тұрақты болуы тиіс.

Сумен берік қамсыздандыру заманауи әлемнің ең өткір мәселелерінің бірі болып келеді.

Соңғы 60 жыл ішінде ауыз суды тұтыну 8 есе артты. Ғасырдың ортасына қарай көптеген елдер суды импорттауға мәжбүр болады. Су ресурстары үшін күрес ғаламшардағы шиеленісушілік            пен жанжалдардың себептерінің бірі болады. Осыған орай, ауыл шаруышылығында да, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықта да суды сақтау технологияларын, сонымен бірге жалпы тұтынушылық мәдениетті дамыту қажет.

БҰҰ мәліметтері бойынша, Жер бетінде қалалық тұрғындардың 23%-ы және ауылдық тұрғындардың 80%-ы қанағаттанарлық сападағы ауыз сумен қамтамасыз етілмейді. Тұщы су тұтынысы тіпті рационалды емес болып келеді. Су ресурстарының жартысынан көбі (63%-ға жуығы) қайтарымсыз шығындалады, әсіресе ауыл шаруашылығында. Өнеркәсіптік су тұтынылуына жалпы көлемнің 27%, коммуналды-тұрмыстық секторға – 6%, су қоймаларын құруға – бар болғаны 4% кетеді. Бұл жағдай жаһанды масштабта тұщы су тапшылығының туындауының нақты қауіптерін құрайды. Қазірдің өзінде, сапалы сумен Дүние жүзі тұрғындарының 1/3 ғана пайдалана алады.

Қазіргі уақытта, су шаруашылықтарын басқарудың ең үздік тәжірибесі болып су ресурстарын біріктіріп басқару (СРББ) жүйесі саналады.

Мысалы, су ресурстарын сақтау бойынша саясатты «Сен-Гобен» тобы енгізген.

Осы саясат аясында топтың кәсіпорындарында суды пайдаланудың тиімділігін басқару және ақпараттандыруды бағалаудың ішкі корпоративтік жүйесі енгізілген. Бұл саясат – топтың іс-әрекетінің әлемдік су ресурстарына және қоршаған ортаға әсерін минималдауға ұмтылысының дәлелдерінің бірі. («Сен-Гобен» тобы» (Saint-Gobain) құрылыс өнімдерін өндіру және сату бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады. Бүгінгі таңда оған әлемнің 64 еліндегі 1400 компаниялар кіреді, ал компанияның акцияларының бағасы Париж, Лондон, Брюссель, Цюрих, Амстердам және Франкфурттың қор биржаларында белгіленеді. Компанияның тұрақты штаты 190 мыңға жуық қызметкерлерді есептейді).

ҚР «жасыл экономикаға» өтуі бойынша Тұжырымдамаға сәйкес шараларды қабылдамау жағдайында республикада 2030 ж. қарай су ресурстарының тапшылығы 14 млрд. мжетеді, ал 2050 ж. қарай 20 млрд. м3 құрайды (су ресурстарына қажеттіліктің 70%). 2030 ж. қарай экономикалық залал 6–7 млрд. АҚШ доллары көлемінде бағалануда. Су ресурстары тапшы экономикадан су ресурстарын тиімді пайдаланушы экономикаға өту шығындары, керісінше, зор емес (жылына 0,5–1 млрд АҚШ доллары). 2030 жылға дейін капитал шығындары 10 млрд. АҚШ долларына жуық соманы құрайды. Қосымша 1–2 млрд. АҚШ доллары тазартушы құрылғылардың орнатылуы мен жаңартылуы үшін қажет.

Жаңа су саясатын жүзеге асыру үшін келесілер қажет болады:

1. Төмендегілер арқылы ауыл шаруа-шылығында суды үнемдеу (2030 ж. қарай 6,5–7 млрд. м3):

1) жер суғарудың заманауи әдістерін және басқа да суды үнемдеуші заманауи технологияларды енгізу;

2) қосылған құны анағұрлым жоғары және су өнімділігі жоғары дақылдарға өту;

3) тасымалдауда суды ысыратуды үш есе төмендету.

2.  Өнеркәсіпте суды пайдалану тиімділігін 25%-ға жоғарлату (бұл 2030 ж. қарай 1,5– 2 млрд. м3 суды үнемдеуге мүмкіндік береді).

3.  Коммуналды шаруашылықта суды пайдалану тиімділігін 10%-ға арттыру (0,1 млрд. мсуды үнемдеуге мүмкіндік береді).

4.  Су ресурстарының қол жетімділігі мен кепілділігін жоғарылату (4,5–5 млрд. м3).

Айдарлар
Яндекс.Метрика