Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕ СЕРІКТЕСТІК

Мемлекеттік-жеке серіктестік (МЖС) – бұл мемлекеттік және жеке секторлар арасында, көп жағдайда, орта және ұзақ мерзімді болашаққа келісімдер, бұнда мемлекеттік сектор жауапкершілігіндегі қызметтердің немесе жұмыстардың бөлігі қоғамдық инфрақұрылымды және/немесе қызмет көрсетулерді дамыту жобаларының мақсаттарын және жүзеге асырылуы шарттарын нақты белгілеу арқылы жеке секторға беріледі.

МЖС даму көздерін XV ғ. ортасындағы концессиялық келісімдерден табуға болады. Заманауи сипаттағы МЖС 1980–1990 жж. кеңінен тарады. МЖС-ті дамыту бойынша бірінші және едәуір озық елдердің бірі болып Ұлыбритания саналады, ол 1992 ж. «Жеке қаржылық бастама (ЖҚБ)» кешенді бағдарламасын жүзеге асыра бастады, бұнда мемлекеттік сектор кәсіпкерлермен көрсетілетін қызметтердің сатып алушылары ретінде болды, ал соңғылары болса ол үшін қажетті барлық жағдайды жасады.

Анағұрлым тиімді модельдердің бірі – инфрақұрылымдық объектілердің құрылысы мен дамуы бойынша міндеттемелердің жеке кәсіпкерлерге ауысуымен немесе белгілі тәуекелдерді кәсіпкерлерге біруақытта берумен мемлекеттік қызметтерді ұсынумен байланысты келісімдер болды. Өз кезегінде, инвестор қолданушылардан төлемақы алу немесе мемлекеттік мекемелердің бюджетінен төлемдер алу мүмкіндігімен объектіні немесе қызметті пайдалануға уақытша (әдетте 15-30 жыл) құқыққа ие болады. Берілген жүйе бойынша жүзеге асырылған ірі жоба болып Еуроүңгіжолы (Ла-Манш астындағы үңгіжол) табылады.

Жолдауда анықталған, ҚР жаңа экономикалық саясатының негізгі мақсаттарының бірі, бірінші кезекте, құқықтық базаны анықтау, бүгінгі таңда ең озық құралдар мен механизмдерді енгізу арқылы мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту болып келеді.

Ерекше әлеуетті бағыттар болып жоғары және орта білім беру, сонымен бірге медициналық қызмет көрсету саласы табылады. «Қазақстан-2050» Стратегиясында медициналық ЖОО-дың жұмысының тәжірибелік ғылыми-зерттеушілік құрамдас бөлігіне ерекше көңіл бөлу қажеттілігі белгіленген. Мысал ретінде, ірі және тиімділігі жоғары медициналық орталықтар болып келетін, көп жағдайда, МЖС қағидаларында қызмет ететін, АҚШ-тың университеттік ауруханалары қолданылады.

Бүгінгі таңда, мемлекеттік-жеке серіктестік механизмдерін қолдану арқылы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін заңнамалық және институционалды негіздерді құру мақсатында Қазақстанда 2011–2015 жж. арналған ҚР-да мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту бойынша Бағдарлама қызмет етеді. МЖС дамыту Үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінің бірі болып келеді, ол 2015 жылға қарай жылына жалпы сомасы 900 млрд. теңгеден асатын 15-тен кем емес МЖС жобаларын жүзеге асыруды қарастырады.

Сонымен бірге, МЖС механизмдерін пайдалану 2011–2020 жж. арналған ҚР Білім беруді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламасында, ҚР-ның 2020 ж. дейінгі транспорттық стратегиясында, 2011–2015 жж. арналған ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасында қарастырылған.

Республикалық деңгейде МЖС мәселесі бойынша «Қазақстандық мемлекеттiк-жеке серіктестік орталығы» АҚ қызмет етеді.

Айдарлар
Яндекс.Метрика