Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ҚАЗАҚСТАНДА ИННОВАЦИЯЛАРДЫҢ ДАМУ СЦЕНАРИІ

Сценарийлік жоспарлау болашақты жоспарлау, мемлекетті ықтимал сыртқы өзгерулерге дайындауды іске асыруға және болып жатқан өзгерістерден қажетті тиімділіктерді алуға мүмкіндік беретін құралдар мен технологияларға жататын стратегиялық жоспарлаудың бөлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 ж. 4 маусымындағы № 579 Жарлығымен бекітілген Инновациялық даму тұжырымдамасына сәйкес үш негізгі сценарий қарастырылған.

1-ші сценарий: Эволюциялық – бүкіл дүние жүзімен бірге ағымдағы жылдамдықпен жаһанды қозғалыс. Берілген сценарий бойынша инновациялық даму импортталған технологияларды, патенттерді, жергілікті өндірістік және жинақтаушы алаңдарды сатып алу және дамыту жолы арқылы іске асырылады.

2-ші сценарий: Инновациялық белсенділікті арттыратын, флагмандық жобалар – мемлекет болашақта қоғам мен өнеркәсіптің ажырамас бөлігі болатын, ірі стратегиялық флангмандық жобаларды жылжытатын болады.

3-ші сценарий: Еуразия жүрегінен инновациялар – аталған сценарий алдыңғыларынан ерекшеленеді, себебі ол Қазақстанда бұған дейін болған инновацияларға қауіпсіз түрде, еш тәуекелдерге бармай және бүгінгі таңда салыстырмалы шағын нәтижелер алу түрінде қатысудың дәстүрлі тәсілінен айырылуды білдіреді. Инновациялық реформалардың келісілген бағдарламаларының орнына – ашық инновациялық үдерістер, мемлекеттік барлық органдар мен мекемелерде жақсартылған инновациялық құрылымдар.

Қазіргі кезеңде қалаулы, бірақ ықтималдылығы аз сценарий ретінде 3-ші сценарий қарастырылады.

Сонымен бірге, мүмкіндігі едәуір жоғары болып 1-ші сценарий табылады, бірақ онда тым жоғары тәуекелдер бар, соның ішінде:

- шикізат сұранысы мен өндірісі, әртараптандыру мақсаттарына әсер ете отырып, Қазақстан өнеркәсібінде өндіруші сектордың үлесінің мүмкін ұлғаюымен артып отырады;

- бизнес пен мемлекет тарапынан инновацияларға деген төмен сұраныс инновациялық құлдырауға алып келеді;

- жаһандық рецессия – табиғат ресурстарына сұраныс пен бағаларды төмендетеді – мұнай бағасы баррель үшін 60–80 АҚШ долларынан төмен құлайды.

Нәтиже ретінде – 2010–2014 жж. арналған ҮИИДМБ эффектісісінің біртіндеп біркелкіленуі, болашақта жұмыс орындарының қысқаруы, экологиялық шығындары жоғары болып келетін ескірген өнеркәсіптік технологиялардың жойылуы.

Өз кезегінде, 3-ші сценарийдің де өткір тәуекелдерден кепілдендірілмеген.

Инфрақұрылымның артта қалушылығы және соның әсерінен инновациялық бастамаларды жүзеге асыруда түрлі кәсіпорындар мен территориялардың мүмкіндіктерінің теңсіздігі. Аталған сценарий мемлекеттік басқарудың еркіндеу нұсқасын, яғни экономикаға мемлекеттің қатысуының төмендеуін ұйғарады. Осыған байланысты, бұндай сценарий әкімшілік реформалармен және бизнес үшін әкімшілік тосқауылдардың төмендеуімен үйлесімді қарастырылуы мүмкін.

Осыған орай, Тұжырымдама 2-ші сценарийге ағымдағы көңіл бөлуді және 3-ші сценарийді жүзеге асыруға біртіндеп өтуді қарастырады.

Инновация саласында келесі қосымша терминдер қолданылуы мүмкін:

Кәсіпкерлік кеңселік кластер

Кәсіпкерлік дарынның шоғырлауына септігін тигізетін, қажетті кеңселік инфрақұрылымы бар қол жетімді арзан алаңдар.

Форсайт

Едәуір әлеуметтік-экономикалық игіліктерді беруі мүмкін зерттеулер мен жаңа технологиялардың стратегиялық бағытын анықтау үшін ғылымның, технологиялар, экономика мен қоғамның ұзақ мерзімді әлеуетін бағалаудың жүйелік талпыныстары.

Rapid Foresight әдісі

Үш күн ішінде мамандар тобының (50 адамнан) біріккен жұмысы арқылы болашақты болжамдау әдісі. Нәтижесінде, форсайт қатысушылары өзіне маңызды трендтерді, оқиғаларды, технологияларды, стратегиялық айрықтарды және шешім қабылдау нүктелерін, сонымен қатар заңнамалық және лоббилендіру шараларының жоспарын, технологиялардың және маңызды нарықтардың даму болжамын қосатын ортақ болашақтың визуалды бейнесін алады.

Старт-ап

Даму кезеңінде ораласқан және өз бизнесін жаңа инновациялық идеялар негізінде немесе жаңа пайда болған технологиялар негізінде құрып отырған жаңадан құрылған компания.

Бизнес-инкубатор

Дамудың барлық кезеңдерінде: идеяны әзірлеуден оны коммерцияландыруға дейін жаңа кәсіпкерлердің стартап-жобаларын қолдаумен айналысатын ұйым.

Венчуристер (венчурлік капитал)

Тәуекелі жоғары кәсіпорындардың дамуының бастапқы кезеңдерінде осы кәсіпорындарға капитал құюшы инвесторлар.

Бизнес-періште

Салымдарды қайтару және капитал үлесіне ие болу (әдетте, бақылау пакетіне емес, лоббилендіруші пакетке) шарттарында кәсіпорындардың құрылуы сатысында инновациялық жобаларға (стартаптарға) қаражат салушы жеке инвестор.

Бенчмаркинг

Жеке жұмысын жақсарту мақсатында компанияның тиімді қызмет етуінің тәжірибедегі бар мысалдарын анықтау, түсіну және бейімдеу үдерісі.

Спин-офф

Өзіндік жеке әзірлемелер үшін, нарыққа жаңа өнімді немесе технологияны игеру және ендіру мақсатында аналық компаниядан (немесе университеттен) бөлініп шығушы «келесі ұрпақ» фирмасы.

Co-working орталықтары

Қатысушылары тәуелсіз және еркін бола отырып, өздерінің қызметі үшін ортақ кеңістікті пайдаланатын жұмыс үлгісі.

Екпе капиталы (seed capital)

Өндірілетін өнімдері немесе қызметтері тұжырым немесе даму сатысында орналасқан, «старт-ап» немесе ерте даму кезеңдеріндегі кәсіпорындар үшін қаржыландыру көзі.

Коммерцияландыру кеңсесі

Инновациялық өнімді пайдалану мүмкіндігі, оның құны, инновациялық өнімге құқықтардың өтуіне (немесе инновациялық өнімді нарықтық игеру) қатысты сатушы мен сатып алушының әрекеттерінің форматы сәйкес келетін орын.

Инжиниринг

(ағылшын тілінен «engineering», «орнату, жобалау, орналастыру, ниет қылу, ойлап шығару, ойлап табу» дегенді білдіреді) – әрекеттің зияткерлік түрлерінің жиынтығы, олардың соңғы мақсаты түрлі ресурстарды бірлестік және өзара байланыста тиімді пайдалану және анағұрлым рационалды таңдау есебінен әртүрлі бағдарлардағы жобаларды жүзеге асырумен байланысты шығындардан оңтайлы нәтижелерді алу болып табылады.

Айдарлар
Яндекс.Метрика