Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

КӨМІРСУТЕКТІ ЭКОНОМИКА ДӘУІРІ

Көмірсутекті (отын) ресурстарды – мұнай, газ және конденсатты, сонымен бірге, барлау және әзірлеу заманауи сыналған техникалық құрылғылар мен технологиялардың бар болуы жағдайында мүмкін, кен орындарындағы көмірді пайдалануға негізделген экономика.

Көмірсутекті экономиканың дәуірі деп отын ресурстары – мұнай, газ және көмірдің әлемдік энергия тұтынудағы басым орындарға ие болған уақыт кезеңін санайды.

Мұнай, газ және көмір дүние жүзілік энергобаланста бүкіл индустриалды дәуір барысында, осы дәуірдің қозғаушы күші бола отырып, басым болып табылатындығын атап өткен жөн. Отынның дәстүрлі түрлерінің энергия қайтарымдылығы жеткілікті, олар салыстырмалы түрде қол жетімді және шалғай қашықтықтарға тасымалдана алады.

Дегенмен, отынның дәстүрлі түрлерін одан арғы пайдалану жалпы дүниежүзілік масштабта қорлардың сарқылатындығы мәселесіне тіреледі.

Бүгінгі таңда, бірінші ретті энергетикалық ресурстарды әлемдік тұтынуда мұнай үлесіне 34%, көмірге – 30%, газға – 24%, гидроэнергияны қосқанда, қайта қалпына келетін энергия көзедірен – 7%, атом энергиясына – 5% тиесілі болып келеді. 

Сонымен бірге ХХІ ғ. басында әлемдік энергетиканың және экономиканың терең транформациясы, постиндустриалды түрдегі энергетикалық төңкеріс үшін алғышарттардың қалыптасуы басталды. Байқалып отырған өзгерістер, өндірілетін отынның ең жақсы кен орындарының – заманауи энергетиканың тірегінің, бүгінгі таңда, сарқылғандығы немесе таусылуымен шарттастырылған.

БҰҰ мәліметтері бойынша дүние жүзінде жыл сайын өндірілетін 80 мыңға қосымша 1,5 мың жаңа химиялық заттар пайда болады. Көмір химиясы қарқынды дамып келеді. Заманауи технологиялар көмірден 130-дан астам химиялық жартылай өнімдерді алуға, ал кейін 5 мыңнан астам өнімді өндіруге мүмкіндік береді. Тек Қытайдың өзі ғана көмірден газ алудың тәжірибелік жобаларына 14 млрд. долларды инвестициялайды. Осындай әзірлемелер АҚШ-та, Жапония-да, Ресейде жүргізіліп жатыр. Дүние жүзі мұнай    ресурстарының    сарқылу    көкжиегі жартығасырлық – ары кетсе 100-жылдық межемен шектелгендігі туралы ойлана бастады.

Анағұрлым ұзақ болжамдар да бар – бұл сутекті экономиканы қалыптастыру. Американдық ғалым Джереми Рифкиннің ойынша әлем энергетикалық тұтынудың шыңына жетті және жаһандану көмерсутекті экономиканың соңғы фазасы болып табылады. 2020 ж. қарай қажетті инфрақұрылым қалыптасады және автокөліктердің сутекті отынға массалық көшуінің технологиялық міндеттері шешіледі деп күтілуде. Қазіргі уақыттың өзінде, Форд, Тойота, Фольксваген, Хонда және Хьюндай секілді ірі концерндерді қосқанда, ірі автоөндірушілер күш қондырғылары сутекті отын элементтеріндегі автокөліктерді өндіреді және сынайды.

Болашақта компьютерлік және телекоммуникациялық төңкерістер жаңа сутекті-энергетикалық төңкеріспен бірігеді, нәтижесінде адами қарым-қатынастардың құрылымы және сәйкесінше инновацияларға деген талаптар да түбегейлі өзгереді. Сутекті энергетикалық желінің пайда болуы мүмкін, оның аясында теңдес субъектілер тек ақпаратпен ғана емес, сонымен бірге энергиямен де алмаса алатын болады. Қазірдің өзінде, Grid - және Cloud-технологиялары ақпараттық ағымдарды ғана емес, шалғай аймақтарға қуаттылықты да бағыттауға мүмкіндік береді. Бұл мұнай мен газ салаларында қызмет ететін энергетикалық компаниялардың құлдырауын білдіреді.

Айдарлар
Яндекс.Метрика