Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ПАРКІ

Бұл ақпараттық инфрақұрылымның ерекше алаңы, ол алаң территориясында жұмыс істейтін команияларға жеңілдік және салықтық режимдерді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында Инновациялық технологиялардың паркі жоғарытехнологиялық және экспортқа бағытталған өндірістердің дамуына, ҚР экономикасының әлемдік шаруашылықтық байланыстар жүйесіне кіруінің белсендеуіне, жаңа технологияларды пайдалану арқылы өнімнің жаңа түрлерін шығаруға бейімделуге септігін тигізеді.

Қатысушылар саны:

2006 ж. бастап 2011 ж. тамызына дейін 57 компания тіркелді.

2011 ж. бастап Инновациялық технологиялар паркінде 95 жаңа компания тіркелген. Нәтижесінде ИТП-нің қатысушыларының саны 152 компанияға жетті, осы компаниялардың жобалары 15 мың жаңа жұмыс орындарын құрады.

Маңызды нәтиже – халықаралық және шетелдік қатысушыларды (АҚШ-тан, Қытай-дан, Германия, Италия, Корея, Жапония, Голландия, Ресейден) тарту.

ИТП АЭА ҚР Президентінің 2003 ж. 18-ші тамыздағы № 1166 «Ақпараттық технологиялар паркі» (атауы кейін «Инновациялық технологиялар паркіне» ауыстырылды) арнайы экономикалық аймақты құру туралы» Жарлығымен Алатау қала маңы кентінде құрылған. Парк территориясы Алматы қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан, оның көлемі 343 гектарды құрайды. ИТП АЭА құрылысының бірінші кезегінің бірінші сатысының объектілері кешенінің ашылуы 2006 ж. 15-ші қыркүйекте іске асырылды.

Жоғары және инновациялық технологиялардың паркі бүкіл дерлік дамыған және дамушы елдерде әрекет етеді. ТМД-да орналасқан жоғары технологиялар паркілерінің ішінде Жоғары технологиялардың Беларус паркін (өзінің бірінші миллард долларын 6 жыл жұмыс ішінде тапты), «Сколково» инновациялық орталығын («Сколково» экожүйесі Массачусетс технологиялық университетімен (MIT) бірлесе құрылған Сколтех университетінен, индустриалды алыпкомпаниялардан, Nokia, Siemens, Samsung серіктестерден тұрады) ерекше атап өтуге болады.

Әлемдік деңгейдегі парктер ішінде АҚШ-ғы  Кремний  алқабын,  Кореядағы  Daedeok Innopolis технопаркін, Sophia Antipolis – Францияда, Қытайда Шанхайдағы Чжанцзян Жоғарытехнологиялық паркі және Шеньчжендегі технопарктердің кешенді аймағын атап өту қажет.

2 0 10 –2014 жж. арналған Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламаға сәйкес «Алатау» Ақпараттық технологиялар паркі» АЭА негізінде Алматы қаласында халықаралық компаниялардың және инновациялық ақпараттық жүйелер мен өнімдерді әзірлейтін және қолданатын компаниялардың құрал-жабдықтарын жинақтау және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша кәсіпорындарды құру жоспарлануда. Сонымен қатар, тікелей инвестициялар үшін тартымды шарттар жасау аясында, ИТП АЭА инфрақұрылымын дамыту және қазақстандық жетекші ЖОО-ның ғылыми-зерттеу және технологиялық әлеуетін оңтайлы пайдалану үшін Алматы қаласында «Алатау» АТП» АЭА-тың зияткерлік бөлігін ұйымдастыру жоспарлануда.

2013 ж. 22 мамырында өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 26-шы отырысында, «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Заң негізінде құрылатын, ИТП АЭА-тың мақсатты қорының негізгі параметрлері белгіленді. Қор ИТП-нің, Назарбаев Университетінің, аймақтық инновациялық кеңселердің және G-global ақпараттық-коммуникативті алаңының халықаралық жобаларын қаржыландыратын болады.

Айдарлар
Яндекс.Метрика