Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ЖАҺАНДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ

Қазақстандық өнімдер мен қызметтерге ұзақ мерзімді сұраныс болатын әлемдік нарықтарға экспортты жоғарылату мақсатында, ҚР шекарасынан тыс жерлерде өндірістік транспорттық-логистикалық объектілерді құру арқылы Қазақстанның транспорттық-транзиттік дамуы бойынша Үкіметтің әзірленіп жатқан Бағдарламасы. Аталған бағдарлама аясында, бірлескен кәсіпорындарды, мысалы, көлге тікелей шығу жолы бар елдерде порттарды, әлемнің негізгі транзиттік нүктелерінде транспортты-логистикалық тораптарды, ҚР көршілес аудандарда ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлем бойынша – Еуропада, Азияда, Америкада құру жоспарлануда.

Жаһанды инфрақұрылымдық интеграция өз қол астында инфрақұрылымдық объектілері мен бүкіл әлем бойынша өкілеттіліктері бар, қысқа мерзім ішінде кез-келген бағытта жүк тасымалын жүзеге асыра алатын трансұлттық логистикалық корпорациялардың қызметіне іспеттес болып келеді.

Осындай корпорациялардың бірі болып қызметі жаһандық теңіз тасымалдары, авиатасымалдау, жерүсті тасымалдау, тасымалдау-жеткізуді басқару үшін IT-қызметтерді ұсынумен келесімшарттық логистиканы және т. б. қосатын, швейцарлық «Kuehne+Nagel» компаниясы табылады. Аталған корпорация 1000 кеңседен, 63 000 қызметкерден, сонымен қатар 7 млн. м2 қоймалардан тұратын жаһандық желіге ие. Басқа ірі корпорация болып, 130 елде 2000-ға жуық кеңсесі және 91 000-нан астам қызметкерлері бар, «DB Schenker Logistics» («Неміс темір жолдары» АҚ еншілес компаниясы) саналады.

Трансұлттық транспорттық корпорациялар өздерінің жеке өкілдіктерінен басқа жергілікті логистикалық компаниялармен белсенді түрде жұмыс істейтіндігін атап өткен жөн. Осылайша, 2000 жж. басында «Kuehne+Nagel» компаниясы Сингапурда орналасқан «SembCorp Logistics» ірі австралиялық логистикалық компаниямен стратегиялық альянс жасасып, Азия-Тынық мұхиты аймағында белсенді дами бастады.

Өз кезегінде, «Неміс темір жолдары» АҚ 2006 ж. қаңтарында 133 елде 12 000 қызметкері және 500 кеңсесі бар американдық «BAX Global» экспедиторлық компаниясын иеленді.

Айдарлар
Яндекс.Метрика