Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА

Қоршаған орта бойынша БҰҰ Бағдар-ламасының (UNEP) анықтамасына сәйкес – бұл бір уақытта экологиялық ресурстардың тапшылығы мен қоршаған орта үшін тәуекелдерді төмендетіп, адамдардың ауқаттылығын жақсартатын және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ететін экономика.

Бұл көміртекті қоспалардың шашырандылары төмен, ресурстарды тиімді пайдаланушы және бүкіл қоғам мүдделеріне жауап беретін экономика. «Жасыл экономикада» табыстар мен жұмысбастылықтың артуы көміртек шашырандылары мен ластануды азайтатын, энергия мен ресурстарды пайдалану тиімділігін жоғарылататын, және биотүрлілік пен экожүйелік қызметтерді жоғалтудың ал-дын алатын мемлекеттік инвестициялардың және жеке инвестициялардың көмегімен қамтамасыз етіледі.

Осылайша, «жасыл экономика» – бұл табиғи капиталды арттыратын және экологиялық қауіптер мен тәуекелдерді азайтатын сала-лар. Deutche Bank сарапшыларының ойынша: «Дәстүрлі экономика соңғы тұтыну тауарлары мен қалдықтарды өндіру үшін еңбекті, технологиялар мен ресурстарды біріктіретін болса, онда «жасыл экономика» табиғатқа минималды залал келтіріп, қалдықтарды өндірістік циклға қайта қайтаруы қажет». 

«Жасыл экономика» түсінігі көп жағдайларда, кеңінен қолданылатын «орнықты даму» түсінігімен қарым-қатынаста болады, орнықты дамудың негізгі мәні заманауи даму қазіргі уақыттың қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, болашақ ұрпақтың өз қажеттікліктерін қанағат-тандыруға қабілеттерін қауіпке салмау тезисіне негізделеді. Энергияның қайта қалпына келетін көздерін, ресурстарды үнемдейтін технологияларды және қалдықтарды қайта өңдеуді кеңінен қолдануға негізделген «жасыл экономика» орнықты дамудың қажетті элементі болып табылатындығы сөзсіз.

«Жасыл экономика» саясаты 2012 ж. маусымда өткен БҰҰ «Рио+20» конференциясынан кейін даму үшін үлкен импульс алғандығын атап өткен жөн.

Бүгінгі таңда жасыл экономиканың дамуы ерекше мәнге ие болды. Еуроодақта «жасыл экономика» секторы 2 трлн. евроға жуық іскерлік айналымға ие және 22 млн. астам адамды немесе ЕО-тың еңбекке жарамды халқының 9% жұмыспен қамтуда.

Аталған нарықта Германия мен Оңтүстік Корея кәсіпорындары көшбасшылар болып табылады, бұл негізінен, осы елдерде «жасыл» секторға көрсетілетін ауқымды мемлекеттік қолдаумен шарттастырылған.

«Жасыл» технологиялар нарығындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып Германия табылады – қазіргі кезде, әлем бойынша патенттелетін бүкіл технологиялардың экология саласындағы 23%-ы және күн мен жел энергетикасы саласындағы 30%-дан астамы неміс компанияларына тиесілі болып келеді. «Жасыл» сектор кәсіпорындарында 2 млн-ға жуық адам немесе Германияның экономикалық белсенді бүкіл халқының 4,5%-ы жұмыс істейді және берілген көрсеткіш тұрақты өсу тенденциясына ие. Соңғы жылдар ішінде, тек қайта қалпына келетін энергетика саласында ғана 370 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылған.

Корея Республикасы ұлттық стратегия ретінде «жасыл өсу» тұжырымдамасын жүзеге асыруды жария еткен бірінші мемлекет бол-ды, тұжырымдама аясында бесжылдық жос-пар (2009-2013 жж.) қабылданды және президенттік арнайы комиссия құрылды.

Бесжылдық жоспарға сәйкес, үкімет «жасыл» бағдарламалар мен жобаларға жылдық ЖІӨ-нің 2%-ға жуығын бөледі. Негізгі көңіл «жасыл» өнеркәсіп, энергетика, таза технологиялар мен инвестициялар салаларының дамуына, сонымен қатар, транспорттың «жасыл» түрлерінің, тұщы судың балама көздерінің ауқымды енгізілуіне, қоқысөңдеу кешендерінің құрылысына, қала шегіндегі саябақтар мен өзендердің жайластырылуы-на бөлінеді. Стратегия 2020 ж. қарай Корея Республикасы «жасыл» экономикасы аса дамыған жеті елдің қатарына, ал 2050 ж. қарай бес елдің қатарына кіруді қарастыруда. Бұл ретте, тұрақты «жасыл» өсудің негізі болып технологиялық салаларға да, институцио-налды салаларға да инновацияларды енгізудің үздіксіз үрдісі табылады.

2013 ж. 30 мамырда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өту тұжырымдамасы ту-ралы» Жарлығына қол қойылды. ҚР «жасыл экономикаға» өтуі бойынша тұжырымдамасы қоршаған ортаға ауыртпалықты және табиғат ресурстарының азғындаушылығын минималдау арқылы Қазақстан халқының ауқаттылығын арттыру, өмір сапасын жоғарылату және елдің барынша дамыған әлемнің 30 елінің қатарына кіруі негізінде жаңа формациядағы экономикаға өту мақсатында жүйелік терең қайтақұрылымдау үшін негіз қалайды.

Аталған тұжырымдама мен 2050-Страте-гиясының негізгі мақсатты көрсеткіштері:

- су және жер ресурстарын қайта қалпына келтіру, табиғат капиталын пайдалану тиімділігі бойынша ЭЫДҰ елдерімен тең келу;

- 2030 ж. қарай атмосфераға шығарындылар бойынша стандарттарды еуропалық деңгейге жеткізу;

- 2050 ж. қарай ЖІӨ-нің энергия сыйым-дылығын 50%-ға төмендеуіне қол жеткізу;

- 2050 ж. қарай энергияның балама және қайта қалпына келетін көздерінің жиынтық өнімділігінің үлесін 50%-ға дейін жеткізу;

-  тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату бойынша индустрияны құрастыру;

- тиімді инфрақұрылымы бар газ саласын құруды қамтамасыз ету.

Тұжырымдама 2050 ж. дейін үш кезеңде жүзеге асырылатын болады, осы жылдар ішінде ҚР экономикасының табиғат ресурстарын қайта қалпына келуі және тұрақтылығы шарттарында пайдалануға негізделген Үшінші өнеркәсіптік төңкеріс қағидаларына өтуі қамтамасыз етілуі тиіс.

Бағалаулар бойынша, 2050 ж. қарай «жасыл экономика» шегіндегі өзгерістер ЖІӨ-ді қосымша 3%-ға арттыруға, 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға, өнеркәсіп пен қызмет көрсетудің жаңа салаларын құрастыруға, халық үшін өмір сүру сапасының жоғары стандарттарын жаппай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ҚР «жасыл экономиканың» дамуына Астанада ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» әлемдік көрмесін өткізу әсер етеді. 

«Жасыл экономика» саласындағы анықтамалар ішінде «жасыл ұлттық есеп» термині де қолданыс табады.

Ол жалпы ішкі өнім немесе табиғат ортасының сапасын сақтауға және ресурстардың сарқылуына жинақтар секілді параметрлерді үйлестіреді.

Түзетілген таза жинақтар өзіне білім беруге шығындарды және энергияның, пайдалы қазбалардың, ормандардың азуына шегерулер мен көміртегі диоксидінің және ластанулардың шығарылуларына залалдарды қосады. Бұл экономикадағы бүкіл капиталдың – қаржылық, физикалық, адами, экологиялық – жиынтық шамасы. Ол капиталдың алуан түрлері идеалды субститут болып табылатындығын ұйғарады, яғни қаржылық жинақтар табиғат ресурстарының шығындарының орнын толтыруға қабілетті.

Айдарлар
Яндекс.Метрика