Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

БАСҚАРЫЛАТЫН БОЛЖАМ

Қабылданатын шешімдерді оптимизациялау мақсатындағы объектінің мүмкін болатын жай-күйін бағалауға басқарылатын құбылыстарды болжаудың методологиялық бағдары (көп жағдайда әлеуметтік). Сәйкесінше ізденістік және нормативтік болжаулар жасалынады.

Көп жағдайда (әсіресе, қоғамдық ғылымдарда) кері байланыс соңғысын ескеру жолымен болжамның өзін-өзі іске асыруына немесе өзін-өзі жоюына әкеледі. Сөйтіп, жетістікті болжау күштерді мобилизациялауы, ырықтандыруы мүмкін, ал апатты болжау үрей туғызып, жағдайды шиеленістіруі мүмкін, бірақ дер кезінде араласуды және қауіптің алдын алуды қамтамасыз ете алады.

Әлдебір үдерістердің мүмкін болатын сценарийлерін анықтаумен байланысты іс-әрекет түрі және соның негізінде олар үшін тиімді болжау субъектісінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді ескере отырып табу (KPI).

Жаһандану жағдайында болашақты болжау мен елестету геосаясаттың маңызды құралы болуда, өйткені технологиялардың инструментарийлері өзгеріске ұшырады. Индустрия саласынан бүгінгі күні технологиялар гуманитарлық салада да түбегейлі орнын алып отыр. Осы тұрғыда 1984 жылы американдық зерттеуші Дж. Несбит адамзат трансформациясының 10 ірі трендін көрсетті, солардың ішінде қысқамерзімді үдерістердің ұзақмерзімдіге айналуын белгілеген болатын.

Осы автордың пікірі бойынша, XXI ғасыр «желілі қоғамның» жаңа құбылысын тудырды, ол кезде идеологиялық та, өркениеттік те, территориялық та, саяси кедергілер де үлкен рөл атқармайды. Барлық қалатыны – мүмкіндіктер, яғни, бақылауды игеру, меңгеру мен ұстап тұру үшін стратегиялардың, интеллектінің, адам әлеуеті және техникалық тетіктердің болуы.

Сондықтан ықпал етудің жаңа әдістері туындайды:

1) интеграцияның орнына – конвергенция;

2) бейімделудің орнына – диффузия және кірігу;

3) насихаттың орнына – лингвистикалық бағдарламалау;

4) инвестицияның орнына – гуманитарлық басқыншылық;

5) иерархияның орнына – көлденең желілер;

6) үстемдіктің орнына – қашықтықтан басқару;

7) бұқаралық мәдениеттің орнына – сананы жекелей кеңейту технологиясы.

Бұл қатарға болжамдау мен басқару технологиялары жатады. Дамыған елдерде сыртқы саясатты, сондай-ақ имиджді қалыптастыруда басты рөлді Think Tank (ақыл трестілері) атқарады.

Әлемде 5 мыңнан аса «ақыл орталықтары» бар. Олардың көпшілік саны Солтүстік Америкада – 1,9 мың (37,9%) және Батыс Еуропада – 1,2 мың (23,6%). Азияда мұндай орталықтар аздау – 601 (11,8%), Шығыс Еуропада – 483 (9,5%), Латын Америкасында – 408 (8,0%), Африкада – 274 (5,4%) және Таяу Шығыста – 192 (3,8%).

Талдау көрсеткендей, күшті сараптамалық инфрақұрылымдардың болуы саяси күн тәртібін ел ішінде ғана емес, сонымен қатар халықаралық ауқымда құруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда жетекші орын АҚШ-қа беріледі.

Сонымен қатар, сарапшылар атап өткендей, «сараптау орталықтары» қызметінің эволюциясы бірінші толқындағы орталықтардың басты нысаны ретінде қойылған тәуелсіз, объективті талдаулар тәжірибесінен мақсатталған және тіптен саяси бағдарланған сараптамалық өнімдерге өткенін көрсетеді. Оның мысалы «Халықаралық бейбітшілік үшін» Кар-неги Қоры (1910 ж.), Соғыс, төңкеріс және бейбітшілік мәселелері бойынша Гуверов институты (1919 ж.), Брукинг институты (1927 ж.), Мемлекеттік саясатты зерттеулер саласындағы американдық кәсіпкерлік институты (1943 ж.) болып табылады.

Бұл орталықтар саясаткерлерге ұсыныстар бергенімен өздерінің жеке зияткерлік тәуелсіздігін сақтауға және тікелей саяси шешімдер қабылдауға қатыспауға ұмтылды.

Әлемдік мәселелерге тәуелсіз және белгілі мүдде көздемеген көзқарас Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін екі түрлі қоғамдық-саяси жүйелердің қарсыластығы кезеңінде ерекше мағынаға ие болды. «Ақыл орталықтарын» құру осы кезеңге жатады: 1948 ж. қауіпсіздік саласындағы американдық мүдделерді қорғау мен зерттеу жүргізу үшін РЭНД корпорациясы құрылды, 1961 ж. үкімет қаржыландыратын Гудзонов институты, ал 1968 ж. Қалалар мәселесі институты құрылды. 1970 жылдардың басы «ақыл орталықтарын» дамытудың жаңа кезеңімен, белгілі тұғырнамасы бар және «бейтарап» зерттеулерге ұмтылмайтын идеологиялық бағыттағы зерттеу институттарының пайда болуымен сипатталады. Бұл қатарға 1962 ж. адмирал А. Берк пен Д. Эбшайр негізін салған Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы, 1973 ж. құрылған консервативтік «Мұра» Қоры және 1977 ж. Э. Крейн негізін салған КАТО Институты жатады. 1982 ж. АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дж. Картер Атланта қаласында Картер орталығын ашты, ал бұрынғы Президент Р. Никсон Вашингтон-да орналасқан өз атымен аталатын орталық құрды.

Осылайша «ақыл орталықтарының» инфрақұрылымдары біртіндеп стратегиялық және саяси модельдеудің белгілі бір жүйелеріне енгізілді.

Осыған байланысты болжау мәселелері, оның ішінде ұзақмерзімді мәселелер, көптеген зерттеу орталықтарының басты тақырыптарына айналды. Экономикада ерекше әдіснамаға негізделген қандай да бір елдердің тұрақтылығы жайында көзқарастар қалыптастыратын рейтингтік агенттіктер пайда болды. Қоғам дамуының жеке салаларын, бөлімдерін немесе блоктарын бағалайтын халықаралық жүйелер кең түрде тарала бастады. Олардың ішінде бәсекеге қабілеттілік, экономикалық еркіндік, адам дамуы, сыбайлас жемқорлықты қабылдау, бизнесті жүргізудің жеңілдіктері индекстері бар.

Ерекше бағыт ретінде ұзақмерзімді болжамдар бөлініп шықты. Оның аумағына үдерістерді ұзақмерзімге болжамдаудың қиындығына байланысты тек шектеулі сараптамалық орталықтар кірді. Мұндай болжамдар жасайтын орталықтардың ішінен Goldman Sachs (GS), Centre d'Etudes Perspectives  et  d'Informations  Internationales (СЕРП), The Economist Intelligence Unit (EIU) The Economist журналының зерттеу орталықтарын атауға болады.

Бұл орталықтар жай ғана сараптамалық материалдар жасап қоймай, сонымен бірге KPI жүйелерін, яғни мақсаттық индикаторлар мен стратегиялық жоспарлау көрсеткіштерін құратындығын атап өткен маңызды. Бұл осындай орталықтардың корпоративті беделінің және олардың өнімдеріне деген сұраныстың негізі болып табылады. Яғни, әңгіме өзгеше бір лоббистік орталықтар жөнінде болып отыр. Көбінесе сараптамалық орталықтар нақты бір идеологиялардың қозғаушысы болып келеді, мысал ретінде АҚШ-тың екі партиясының өкілдері болып табылатын Халықаралық демократиялық институт пен Республикалық институтты қарастыруға болады.

Ұзақмерзімді болжауға өту мәселесіне келетін болсақ, онда былай деп белгілейміз:

2013 ж. Халықаралық валюта қорымен бірге жұмыс істейтін Прайсуотерхаус Куперс әлемдік экономиканың дамуы жайлы өзінің 2030 жылдан 2050 жылға дейінгі болжамдарын халыққа жария етті;

БҰҰ-ның Әлемдік азық-түлік ұйымы (ФАО) 2010 ж. өзінде әлемдегі аграрлық өндірістің 2050 ж. дейінгі дамуы жайында жариялаған болатын.

HSBC 2012 ж. «2050 жылдағы әлем» атты тақырыпта баяндама жариялады.

2050 ж. дейінгі адам дамуы туралы болжау деректері 2013 ж. ПРООН-ның Баяндамасында мазмұндалған.

Осыған орай, Қазақстан жаңа стратегияның арқасында жалпыәлемдік трендтерге сәйкес келіп отыр. Қазақстан өзінің осындай болашағын, елге тиімді болатын және шетелдік орталықтардың сарапшылары пайымдауынан ерекшеленетін мұндай үлгіні қалыптастыруға мүмкіндігі бар екені маңызды.

Айдарлар
Яндекс.Метрика