Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ЖАҢА ЖІБЕК ЖОЛЫ

Бұл Еуропа мен Азия елдерінің экономикалық интеграциясының негізі болып келетін инновациялық транспорттық инфрақұрылымның үлгісі. Халықаралық деңгейдегі «Жаңа жібек жолы» жобасын жүзеге асыру «5С қағидасына» – жылдамдық, қызмет көрсету, құн, сақтау және тұрақтылық қағидаларына негізделген.

2012 ж. 22 мамырында Шетелдік инвесторлардың кеңесінің 25-ші отырысында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынған. Берілген жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстан арқылы транзитті жүк ағымының көлемі 2020 ж. қарай 2 есе артуы тиіс, одан әрі бұл көрсеткішті 50 млн. тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Жоба келесілерден тұратын болады:

- «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының негізінде әлемдік деңгейдегі мультимодальді транспорттық-логистикалық компаниясынан;

- «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастықтың халықаралық орталығынан («Шығыс қақпа»), Ақтау кеңейтілген теңіз портынан және Ақтөбе қаласындағы логистикалық орталықтан («Батыс қақпа»);

- құрылысы жүріп жатқан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансконтинентальді дәлізден; 

- ұзындығы 1200 шақырым болып келетін «Жезқазған – Бейнеу» және «Арқалық – Шұбаркөл» темір жолдарынан;

- Алматы, Ақтау және Ақтөбе қалаларындағы «А» санатындағы көпқызметті логистикалық орталықтардан.

«Жаңа жібек жолы» іспеттес болуы қажет, халықаралық деңгейдегі транзиттік тораптардың мысалы Гонконгтың, Дубай мен Сингапурдың транзиттік тораптары бола алады. Дубайдың жоғары дамыған транспорттық инфрақұрылымы 220 бағытта 242 кеме жүзу жолдарын және 130 авиакомпанияларды біріктіреді. Дубайдың Халықаралық қаржылық орталығы (DIFC) батыстағы Нью-Йорк пен Лондон және шығыстағы Гонконгтың негізгі капитал нарықтары арасында уақыт айырмашылығы мен географиялық қашықтықты меңгере отырып, әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан орталық болып келеді.

Айдарлар
Яндекс.Метрика