Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТОЛҚЫН (ТӘРТІП)

Бұл экономиканың технологиялық бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын экономиканың ғылыми сыйымдылықты салаларына өту.

Қазақстанның мақсаты – жаңа технологиялық толқынның серпілісінде болу. Бүгінгі таңда Қазақстанда технопарктерден, бизнес-инкубаторлардан, коммерцияландыру кеңселерінен және технологиялардың трансферті орталықтарынан тұратын инновациялық инфрақұрылым қалыптасқан. Дегенмен, инновацияларды өмірлік іс-әрекеттің барлық салаларына ендіру қажет, ол кезең-кезеңмен жүзеге асырылуы тиіс.

Инновациялық дамудың бірінші кезеңі еліктеме модельді құруды ұйғарады, яғни экономиканың жаңғыруын қамтамасыз ететін шетелдік технологияларды енгізу және игеру. Берілген кезеңде институционалдық базаны нығайту және инновациялық жүйенің жеке элементтерін кірістіру ұйғарылады. Екінші кезең – шетелдік технологиялардың бейімделуі және жетілдірілуі. Сонымен бірге, толыққанды және жұмысқа қабілетті ұлттық инновациялық жүйе толығымен құрастырылуы керек, ол өзіне мемлекеттің, бизнестің, ғылым мен білім берудің өзараәрекеттесуінің механизмін, технологиялар мен білімнің, құзіреттіліктің ұлттық жүйесінің трансфертін қосуы қажет. 

Үшінші кезең – өзіндік жеке жаңа технологи-яларды және ғылыми сыйымдылығы жоғары деңгейдегі өндірісті құру.

Заманауи «технологиялық тәртіп» термині ғылымға ресейлік экономист-ғалымдар Д.С. Львов және С.Ю. Глазьевпен енгізілген, олар    технологиялық    төңкерістен    кейінгі жүзеге  асырылған бес тәртіпті ерекшеледі. Технологиялық тәртіп тұжырымдамасы Н. Кондратьевтің ұзын толқындар теориясының және Й. Шумпетердің инновациялық даму теориясының   жалғасы болып табылады.

Берілген тұжырым дамаға сәйкес, заманауи әлем, негізгі факторлары электронды өспелі және атомды күштік микроскоптарды, сәйкес метрологиялық жүйелерді пайдалануға негізделетін нанотехнологиялар,  жасушалы технологиялар мен гендік инженерия әдістері болып келетін, жаңа – алтыншы технологиялық тәртіптің пайда болуы межесінде орналасқан. Алтыншы технологиялық тәртіптің түйіні: наноэлектроника, молекулярлы және нанофотоника, наноматериалдар мен наноқұрылымдық жабындылар, оптикалық наноматериалдар, наногетерогенді жүйелер, нанобиотехнологиялар, наножүйелі  техника, наноқұрылғылар. Тірек салалар:  электронды,  атомдық және электротехникалық өнеркәсіп, ақпаратты-коммуникациялық сектор, станок, кеме, көлік және құрал-жабдықтар    құрылысы, фармацевтикалық   өнеркәсіп,   күн   энергетикасы, зымырандық-ғарыштық кешен, авиақұрылысы, жасушалы медицина, тұқым шаруашылығы, құрылыс саласы, химия-металлургия кешені.

Сапалы жаңа технологиялардың мысал-дарының ішінде келесілерді атауға болады.

Грид-технологиялары (Grid)

Әркелкі ресурстарды біріктіретін және осы ресурстарға ұжымдық қол жетімділікті жүзеге асыратын географиялық тұрғыда таратылған есептеу инфрақұрылымдары. Бұл технологиялардың түбегейлі жаңалығы болып жаңа типтегі компьютерлік инрфақұрылымды құру арқылы ресурстарды біріктіру табылады, олар желілік техноло-гиялар және аралық деңгейдегі (middleware) арнайы бағдарламалық қамсыздандыру негізінде ақпараттық және есептеу ресурстарының жаһандық интеграциясын қамтамасыз етеді.

Cloud Computing технологиясы

Үйлесімді есептеу ресурстарының (мысалы, мәліметтерді беру желілеріне, серверлерге, мәліметтерді сақтау құрылғыларына, қосымшалар мен қызметтерге – барлығына ортақ, немесе жекеше) жалпы пулына (ағылшын тілінен pool) талаптар бойынша жаппай және ыңғайлы қол жетімділікті қамтамасыз ету моделі, олар жедел ұсынылуы және минималды пайдалану шығындарымен және/немесе провайдерге жүгінулермен босатылуы мүмкін.

Бұлттық есептеудің тұтынушылары ақпараттық технологиялардың инфрақұрылымына шығындарын (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларында) анағұрлым азайту мүмкіндігіне ие болады және бұлттық қызметтердің есептеуіш икемділігінің сипаттамаларын (ағылшын тілінен elastic computing) қолдана отырып есептеуіш қажеттіліктерінің өзгерісіне икемді түрде әсер ете алады.

Қазақстанның алдағы 8–10 жылға негізгі мақсаты  жаңа  технологиялық  тәртіпке өту болуы қажет. Сарапшылардың бағалауына сәйкес, отандық экономика негізін технологиялық күрделіліктің 3–4 деңгейі (электр қуаты мен көмірсутектердің энергиясын пайдалану) құрайды. Ал, АҚШ болса қазіргі уақытта 5-ші технологиялық тәртіптің (электроника, атом энергетикасы, ғарышты игеру, биотехнологиялар) енгізілуінің 60%-на және алтыншы технологиялық тәрітіптің (нано-технологиялар) 5%-на қол жеткізді.

ҮИИДМБ-сын жүзеге асыру және ғылым саласындағы реформалар жаңа технологиялар мен инновациялардың дамуының өсуіне септігін тигізді, ол өз кезегінде, бәсекеге қабілеттілік рейтингтерінде көрініс тапты. Осылайша, 2013 ж. ДЭФ баяндамасында Қазақстан технологиялық деңгей бойынша 87-ші орыннан 57-ші орынға, ал инновациялық әлеует бойынша 116-шы орыннан 84-ші орынға көтерілді.

Айдарлар
Яндекс.Метрика