Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫ

Болашақ энергиясы – жалпы мағынада, Үшінші индустриалды төңкерістің негізін құрайтын, энергетикалық  жүйенің  дизайнын, сипаттамасын білдіретін термин. Болашақ энергиясы өзінде келесі   негізгі компоненттерді үйлестіреді:

1) қайта қалпына келетін энергия көздерін (ҚКЭК) күн, жел энергиясын, суағымдарын, геотермальді жылуды, биомассаларды, сонымен бірге екінші ретті қалпына келетін көздерді – ілеспе газ, өнеркәсіптік және тұрмыстық ағызулардың энергиясын және болашақта – сутекті отынды және энергияны сақтау бойынша технологияларды пайдалану;

2) энергия өндірісінің орталықсыздан-дырылуы – жергілікті және жеке көздерден (күн панельдері, шағын-жел генераторлары, жылу насостары және т. б.) коммерциялық энергияны алу, олардың көмегімен автономды энергосақтауға ғана қол жеткізіп қана қоймай, артық энергияны жалпы желіге беруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

3) энергияны және ресурстарды сақтау – энергияны, жылуды, суды сақтау және тиімді пайдалану бойынша шараларды, электр энергиясын, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың, будың, судың, кез келген жылудың және т.б. қалдықтардың ағымдары мен ысырап болуын толықтай жою (рециклдеу) технологияларын енгізу;

4) транспортты отын мен электр қуатының көмірсутекті емес түріне өткізу, сонымен бірге, транспорттың жаңа үнемді түрлерін дамыту;

5) энергетикалық құрал-жабдықтар мен ақпараттық технологиялардың функционалды үйлесімділігін стандарттау қағидалары мен әдістеріне негізделген Smart Grid (ақылды желі) технологияларын пайдалану.

«Болашақ энергиясы» анықтамасының пайда болуы қазып алынатын отын ресурстарын (көмір, мұнай, газ, уран) пайдалануға негізделген дәстүрлі энергетикалық үлгінің өршіп келе жатқан дағдарысымен байланысты. Дәстүрлі энергоресурстарды өндіру және тасымалдау шығындарының өсуі, олардың жеңіл қол жетімді қорларының сарқылмалылығы, көптеген экологиялық ластанулар болашақтың энергетикалық үлгісін құрастыруға, жаңа балама шешімдер мен тәсілдерді іздеуге шарт-тастырады.

Болашақ энергетикасының түрлі элементтері әлемнің көптеген елдерінде тиімді енгізіліп жатыр. 2012 ж. ақпанында Еурокомиссия еуропалық экономикада «жасыл» энергетиканы пайдалануды кеңейтуге бағытталған стратегияны бекітті. Қуатты инвестициялық қаржыландыру және мемлекеттік қолдау «жасыл» технологиялардың анағұрлым дамуына алып келді және олар халықтың кең ауқымына қол жетімді болды. Атап айтқанда, Еуропада элементтерін дамыған елдерде байқауға болатын «энергетикалық интернет» кең таралуда. Осылайша, Австрия мен Германияда ауа жылуын қайта пайдаланатын 15 мыңнан астам супержекеленген үйлер құрылған, олар жайлылықтың төмендеуінсіз сыртқы көздерсіз жылытылады. Озық технологияларды пайдалану нәтижесінде энергияны тұтыну шығындары нөлдік көрсеткіштерге келеді, зиянды әсерлер минималданады, әрбір үй артық электр немесе жылу энергиясын жалпы желіге сата алатын, энергетикалық жеткілікті жүйе болады.

ЕО көптеген мемлекеттері қазірдің өзінде болашақтың энергетикалық жүйесіне көшу үшін алғышарттарға қол жеткізді. Испания мен Данияның қалыптастырушы күштерінің құрылымының 20%-дан астамын жел негізіндегі энергетика құрайды. Германияда қалыптастырушы күштерінің құрылымында ҚҚЭК 25% алып жатыр және неміс үкіметі бұл көрсеткішті 2020 ж. қарай 40% және 2050 ж. қарай 80%-ға жеткізуді көздеп отыр.

«Болашақ энергиясы» технологияларының Қазақстанда дамуының түрлі аспектілері 2010– 2014 жж. арналған Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламада өз көрінісін тапты, онда балама энергетиканы дамыту бойынша шаралар қарастырылған, елдің энергобалансында ҚҚЭК үлесінің ұлғаюы міндеті қойылған, сонымен қатар, қайтақалпына келетін көздерден электр қуатын шығару бойынша мақсатты индикаторлар бекітілген. Берілген құжатта, сонымен бірге, ҚР ұлттық экономикасының энерготиімділігін жоғарылату мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. ҮИИДМБ жүзеге асыру аясында Қазақстанда 2012 ж. шілдеде энергияны сақтау саласында толыққанды құқықтық базаны құруға, сонымен қатар, экономиканың энерготиімді дамуына өтуді қамтамасыз ету үшін энергияны сақтау саласында ұлттық инфрақұрылымды қалыптастыру мақсатында «Энергияны жинақтау және энерготиімділікті арттыру туралы» Заң күшіне енді.

Болашақ энергиясының келешегі бар бағыттарының бірі болып сутекті энергетика табылады. Бұл энергетиканың дамып келе жатқан саласы, адамдармен, транспорттық инфрақұрылыммен және түрлі өндірістік бағыттармен энергияны шоғырландыру, тасымалдау және тұтыну үшін құрал ретінде сутегін пайдалануға негізделген, адамзатпен энергияны шығару және тұтыну бағыты. Сутегі жер бетіндегі және ғарыштағы ең таралған элемент ретінде таңдалған, сутегінің жану жылуы анағұрлым жоғары, ал оттегіде жану өнімі болып су табылады (ол сутекті энергетиканың айналымына қайта енгізіледі). Сутекті энергетика энергетиканың дәстүрлі емес түрлеріне жатады.

Айдарлар
Яндекс.Метрика