Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

АУТСОРСИНГ

«Аутсорсинг» термині ағылшын тілінің үш сөзінен тұрады: outer – сыртқы, source – қайнар көз, using – қолдану.

Оның мәні қаражаттарды үнемдеуде, яғни белгілі бір ұйым жаңа құрылымдық бөлімшелерді қолдау, кеңейту немесе құрудың орнына, өзінің жеке инфрақұрылымы мен штатын ұстауға қарағанда төлемақысы төмен болып келетін арнайы фирмаларға жүгінуі. Мұндай стратегия, қызмет көрсету нарығында өзінің клиенттеріне негізінен интеллектуалды өнімді жеткізуші компаниялардың арасында жоғары бәсекелестік болған жағдайда тиімді болып келеді.

Аутсорсинг стратегиясын тиімді пайдала-нудың бір мысалы болып АҚШ-тың екі ірі автокөліктік Ford және General Motors компанияларының бәсекелестігі табылады. Біріншісі – өз басқаруында автокөлік жасаумен байланысты барлық үрдістерді: шикізатты өндіруден бастап транспорттық және сау-да желілерін біріктіруге тырысты. Екіншісі тек машиналарды өндіруге шоғырланды, барлық қалған операциялар тар шеңберде мамандандырылған басқа кәсіпорындармен бірлесе жүргізілді. Нәтижесінде, алты жыл ішінде General Motors автокөлік нарығын бақылау бойынша өзінің басты бәсекелесінен анағұрлым озып кетті.

ХХ ғ. екінші жартысы электронды есептеуіш техниканың пайда болуымен аталып өтілді және сонымен бірге, тез дамып келе жатқан IT-технологиялар саласында қызметтерді ұсынушы көптеген шағын фирмалар кеңінен тарай бастады. 60–70 жылдары дәл осы фирмалар аутсорсинг қызметтерінің кең пайда-лануына бастау салды. Осылайша, 1962 ж. Electronic Data System (EDS) корпорациясы негізін қалаған, кейін ол корпорацияның бүкіл ақпараттық ағымдарын қолдау бойын-ша General Motors-пен келісім шарт жасайды. Аталған серіктестіктің нәтижесі қызмет көрсету сапасының жақсаруы және General Motors-тың жылдық қаражаттарының айтарлықтай үнемделуі болды.

Қазіргі уақытта, аутсорсинг саласында әлемдік көшбасшы болып Үндістан саналады. Бизнес-үрдістердің және IT-дің әлемдік аутсорсинг нарығында елдің үлес салмағы 50%-дан жоғары, ал осы әрекеттен жыл сайынғы табыс – 47 млрд. АҚШ долларын құрайды. Клиенттердің 60%-нан астамы қаржы, хай-тек   және   телекоминдустриясында, өндіріс және ритейл салаларында жұмыс істейтін американдық компаниялар, 30%-ға жуығы еуропалықтар. Аутсорсинг қызметін көрсетуде 2,5 млн. жуық үндістер жұмыспен қамтылуда.

Еуропалық және американдық компаниялар Үндістанды аутсорсингтік қызметтердің жеткізушісі ретінде таңдайды, себебі елде елеулі салықтық ауртпалықтың орнын баса алатын, еңбек ресурстары саласында ерекше ұсыныс қалыптасқан: IT саласында ағылшын тілінде сөйлейтін білікті мамандарға қанық үлкен еңбек нарығы, сонымен бірге, еңбекақының айтарлықтай төмен деңгейі.

Жоғары технологиялар секторында мамандардың жеткілікті көлеміне ие бола отырып, Үндістан – IT және бағдарламалық қамсыздандыру саласында қызметтердің экспорты бойынша абсолютты көшбасшы және ол осы салада жылына 50 млрд. доллар табады – АҚШ-қа қарағанда төрт есе көп. Басқа бизнес-үрдістердің аутсорсингі саласында да мемлекет әрдайым көшбасшы үштіктің арасында.

Аутсорсинг 2010–2014 жылдарға арналған ҚР Үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасында өз көрісін тапты, онда аутсорсинг көмегімен шағын және орта кәсіпорындардың қосалқы, қызмет көрсету және өңдеу блоктарын құрастыру арқылы мұнайгаз өндірістерін дамытуды ын-таландыру және ірі жобаларда жергілікті құрамдас бөліктерді күшейту қарастырылған.

Аутсорсингтің Қазақстанда қолданылатын тәсілдерінің бірі – маңызды шешімдерді әзірлеу және жүзеге асырудың жеке үкіметтік емес секторын белсенді тарту мен серіктестіктің халықаралық тәжірибесіне сәйкес келетін, ғылыми, консалтингтік және сараптамалық зерттеулерге мемлекеттік тапсырыс болып келеді.

Аутсорсинг түсінігімен қатар краудсорсинг түсінігі де қолданылады, яғни белгілі бір өндірістік функцияларды анықталмаған адамдар тобына беру. Бұл қойылған міндеттерді шешу мақсатында ақпараттық технологиялар арқылы адами ресурстарды жұмылдыру. Әрбір еркін қолданушы, өз еркімен келгендер ақпараттық технологияларды қолдану арқылы әртүрлі жобаларға қатыса алады.

Краудсорсинг парадигмасының аясында міндетті шешу таратылған және саны жағынан көп құрамды топтарға беріледі, осының арқасында нәтижеге қол жеткізу құны мен уақыты түбегейлі өзгереді.

Қазіргі уақытта краудсорсинг бизнестің алдында, сонымен бірге мемлекеттің және жалпы қоғамның алдында тұрған мәселелер мен міндеттердің кез-келген түрін шешу үлгісі ретінде белсенді дамып келеді. Өз күштерін кішігірім төлем немесе тіпті төлемақысыз өз еріктерімен кетіретін көпшілік күшінің көмегімен түрлі қоғамдық маңыздылығы бар міндеттерді шешуге болады. Жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен ерікті негізде мамандардың өз білімдерін беруі қабылданатын шешімдердің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік жасайды.

Краудсорсингтің алғашқы мысалдарының бірі Оксфордтық Ағылшын Сөздігін (Oxford English Dictionary) құрастыру болған. Сөздікті құрастыруда баспа қоғамға терминдерді қолданудың мүмкін варианттарымен жіберу өтінішімен үндеу жасады. Нәтижесінде 70 жылдық кезеңде 6 млн.-нан астам хат алынған болатын.

Айдарлар
Яндекс.Метрика