Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ҮШ БІРДЕЙ ЖАҢҒЫРТУ

Заманауи нарықтық экономиканы қалыптастырудың, демократиялық реформаларды жүргізудің және адамдардың сана-сезімін өзгертудің негізінде жатқан жаһандық инновациялық өзгерістер дәуіріндегі дамудық жаңа ұлттық үлгісі.

Қазақстанда қоғамдық сана түбегейлі өзгеріске ұшырады, оған нарықтық қатынастар мен жаңа саяси жүйені енгізу ықпал етті:

1) тұрақты орта тап қалыптасты;

2) азаматтық қоғам құрылды;

3) тарихқа, тілге және мәдениетке деген қатынас өзгерді.

Кеңестік кезеңнен кейінгі Қазақстанның, сонымен қатар ТМД кеңістігіндегі басқа да көптеген елдердің өтпелі кезеңі өтпелі кезең және жаңғырту теорияларын ескере отырып жүзеге асырылуда.

С. Хантингтонның пікірі бойынша, жаңғыртуларсыз батыстандыру үлгісі (Египет, Филиппин) өзінің жарамсыздығын көрсетті; батыстандырусыз жаңғырту үлгісі (Оңтүстік-Шығыс Азия) өзінің ұзаққа бармайтындығын көрсетті, қуып-жетуші үлгісі (Ресей, Түркия, Мексика) бүгінгі күні жаңа ақпараттық кеңістікке секіре отырып Батыстан одан әрі алыстағандығымен қиындауда. Бір ғана үлгі қалып отыр, ол адам әлеуетінің жедел дамуының жаңа деңгейінде жүзеге асуы мүмкін ұлттық жаңғырту. 

Жаңғыртулардың белгілі теоретигі Ш. Айзенштадт осыған ұқсас ойларды айтады. Ол жаңғыртулардың көптеген тұжырымдамаларын, тағы да ұлттық үлгідегі жаңғыртуларды ұсынады. Бұл дамудың ішкі міндеттерінің әртүрлілігі жайлы және жаһандық экономикаға батыстық емес елдердің шығу мәселесі туралы айтуға мүмкіндік туғызады.

Осы мағынада Қазақстан озық даму үшін батыстың кейбір үлгілерін пайдалана отырып, ең бастысы өзінің ішкі мәселелерін жүйелі түрде шеше отырып әлемдік тәжірибені қолдану мүмкіндігін жүзеге асыруда.

Қазақстан дамуының қиындықтары бір уақыт ішінде жаңа, заманауи, нарықтық экономиканы құрып, демократиялық реформалар мен адам санасына өзгерістер енгізу болды. Негізгі сын-қатерлер осындай үш өтпелі кезеңде еді. Бұл жағдайларда осы үш құрамдас бөліктердің диахрондық түрде дамуы орын алды. Бәрінен де демократиялық және нарықтық қайта-құрулар бір-бірімен тайталасқа түсті.

Дегенмен өтпелі кезеңнің үйлесімділігі мәселесі 2004 ж. Президент өзінің Жолдауын-да реформаның үлгісін экономикадан саясатқа деп белгілегеннен кейін алынып тасталды.

Қазақстанда нарықтық қатынастар мен жаңа саяси жүйені енгізу сана өзгерісіне мүмкіндік туғызған болды.

Біріншіден, 1991 ж. өздерін КСРО-дан бөлек көре алмаған тұрғындардың 86%-ның бірегейленуі, ҚР азаматтығын өздерінің бірегейленуінің маңызды белгісі деп есептеген 83,5% қазақстандықтарға түбегейлі өзгерді.

Екіншіден, қазақ тілі мен мәдениетіне де-ген қатынас өзгерді.

Үшіншіден, Қазақстанда исламның доминанттығы басқа конфессиялардың қызмет етуіне және рухани өмірін ұйымдастыруға бөгет етпейтін бірегей конфессионалдық үлгі жүзеге асырылды.

Төртіншіден, өздерін өтпелі кезеңді жемісті игердік деп есептеп, бейімделгендер 75-76% құрайды, яғни бұл Қазақстанды посттранзиттік жағдайда дейтін көпшілік.

Бесіншіден, тұрақты орташа тап құрылды.

Бұны кәсіпкерлік белсенділігінің деңгейін (ШОБ кәсіпорындарының саны 245 мыңды құрайды, бұл секторда халықтың экономикалық белсенді бөлігінің үштен бірі жұмыспен қамтылғын, олардың ЖІӨ-дегі үлесі 31%) көрсетті.

Автомобильдік сұраныстың артуы. Іс жүзінде 1997 ж. елімізде автомобильдер саны 1,3 тен 3,9 млн. бірлікке шейін үш еселенді.

Құрылыстағы серпіліс. 2005 ж. ҚР-да алғашқы мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыруға кіріскен кезеңдерде 334,6 мың пәтер салынды. 15 жылдың ішінде халықты тұрғын үймен қамту адам басына 15,6-ден 18,9 шаршы метрге ұлғайтылды. Жылжымайтын мүлік саласында қызмет атқаратын компаниялар саны тұрғын үй құрылысының шарықтау шегінде кей жыл-дары 45 мыңға жетті.

Білім берудегі серпіліс. Халық арасын-да білім алуға салым жасау қажеттігі туралы түсінік қалыптасты, өйткені бұл шығындар инвестициялық сипатта. Ол салымдар өзін бірнеше есе толықтырып қайтарылады. Қарапайым мысал. Мектепке дейінгі меке-мелер саны 1999 ж. 1,1 мыңнан 2012 ж. 7 222 мыңға дейін өсті. Оларда оқитын бала-лар саны 124 мыңнан 587 мыңға дейін өсті.

Халық спортқа бет бұрды. Оның нәтижесін біз 2012 жылғы Лондон олимпиадасындағы олимпиадашыларымыздан көреміз. Алғаш рет Қазақстан әлемнің 204 елінің ішінде 12 орынға ие болды. Біздің командалық есебімізде 7 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль болды. Сонымен қатар резервтер бар бо-латын. Елімізде спортпен айналысатындар саны 15 жыл ішінде шамамен 2,5 есе көбейді. Әрбір бесінші адам дене шынықтырумен немесе спортпен айналысады.

Сонымен «Қазақстан-2030» Стратегиясының жүзеге асуының нәтижесі қоғамдық санадағы өзгеріс және оның белсенді бейімделу арнасына қарай бағыт алуында. Қоғам экономикасымен қатар саяси реформаларымен бірге өзгерді. Осы аталған үдерістердің барлығы дерлік бір мезетте жүріп жатты. Нәтижесінде стратегияның 15 жылдығында жалпы өтпелі кезеңнің аяқталғандығы жайлы айтуға болады. Кеңестік кезеңнен кейінгі транзит аяқталды. Қазақстан жаңа мақсаттары мен стратегиясы бар қалыптасқан мемлекет ретінде жаңа мәртебеге ие болды .

Айдарлар
Яндекс.Метрика