Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ТАРИХИ УАҚЫТТЫ ЖЕДЕЛДЕТУ

Бұл ұғым ұзындықтың физикалық мәндегі сипаттамасы болып табылады.

Кеңістік пен уақыт континуумның үлгісі. ХХ ғасырға дейін кеңістік пен уақыт туралы екі көзқарас басымдық танытты.

Біріншісі – И. Ньютонның кеңістік пен уақыттың субстанционалдығы туралы пайымдауы. Екіншісі – Г. Лейбництің кеңістік пен уақыттың тек қана жеке адамдар қатынасында болатындығы туралы пайым. Осы қатынастардан тыс бұл түсінік те болмайды.

Кеңістік пен уақыт мәселесін түсінуде, авторы А. Эйнштейн болып табылатын салыстырмалық теориясының ашылуымен үлкен өзгерістер болды. Бұл теория бойынша уақыт абсолютті және біркелкі емес.

Салыстырмалықтың жалпы теориясы аумағында, басқа да өлшемдер теориясында гравитациялық эффектілер кеңістік пен жазықтықтағы дене мен жазықтықтың бір-бірімен күшпен әсерлесу себебінен емес, масса мен энергияға байланысты кеңістік пен уақыттың өзінің өзгеруімен байыпталады. Жалпы салыстырмалылық теориясы басқа өлшемдер теориясынан кеңістік пен жазықтықты ондағы материямен байланыстыру үшін Эйнштейннің теңестіруін пайдалануымен өзгешеленеді. 

Физикадағы жетістіктерді ескере отырып, кеңістік пен уақыт мәселесі гуманитарлық ғылымдарда да көрініс тапты. Мысалы, П. Сорокиннің, П. Бурдьенің, К. Маркстің, М. Веберддің, П. Штомпктің теорияларында.

Сонымен, қоғамның әлеуметтік құрылымын қарастыру әлеуметтік кеңістікті, әртүрлі капиталды иеленудегі бедел мен биліктің жалпы жүйесіндегі адамдардың ойлау кеңістігінің диспозициясын зерттеумен тығыз байланысты. Сонымен қатар, әлеуметтік құрылымдағы ұстанымдар жеке тұлғалардың іштей және сырттай бірдейленуіне қызмет ететін өзінің нақты фактілерде көрінісін табады. Яғни, әлеуметтік кеңістік физикалық кеңістік емес, бірақ онда анық және дәл жүзеге асырылуға ұмтылады. 

Әлеуметтік уақытты өлшеу мәселесі экономикалық ғылымдарда кең түрде қолданылады (Кондратьевтің циклі деп аталады).

Тарих ғылымында маркстік социология бойынша формациялық деп аталатын тәсіл қолданылды. Ол тарихи дамуды спираль түрінде қарастыруға негіз болды.

Этностардың пассионарлық кезеңдерін қарастырған Л.Н. Гумилевтің этногенез теориясы кеңінен тарады.

Жаһандану теориясының пайда болуымен бірге (Э. Гидденс, Дж. Несбит) жаңа коммуникациялардың пайда болуына байланысты уақыт пен кеңістіктің қысылуы туралы түсінік пайда болды, соның нәтижесінде бүкіл әлем жаһандық ауыл дәрежесіне дейін қысылды.

1984 ж. американдық зерттеуші Дж. Несбит «Мегатренд – біздің өмірімізді трансформациялаудың он жаңа бағыты» атты жұмысында жаңа технологиялар өте тез қарқынмен дамитындығын, кімде-кім жаһандық экономикада орын иеленгесі келсе, технологиялық жаңаруларға аса жоғары көңіл бөлуі қажет деп анықтайды.

Э. Гидденс әлем жаһандану дәуірінде, бұрынғыға қарағанда, азырақ басқарылатын болды деп көрсетеді. Ол әлдебір қолдан шығып бара жатқандай.

Белгілі академик С.П. Капицаның пайымдаулары физика мен гуманитарлық ғылымдар арасын байланыстыруда көрнектілікке ие болды. Тарихи уақыттың қысылуы жайлы ол: «Адамзат тарихының әрбір жаңа кезеңі алдыңғысынан 2,5–3 есеге қысқа ... Адамзат қоғамының пайда болған уақытынан бастап тарихи кезең ұзақтығы қысқарып отырды және 35–40 жылға жетті, бұл ұрпақтар алмасуының уақыты немесе адамның жұмыс істеуге қабілеттілігінің орташа уақыты... Уақыттың қысылуы адамдар өмірінің ауқымының өзгеруіне алып келеді... Бұл бір ұрпақтың өмір сүру жағдайының күрт өзгеруіне соқтырады. Адамдар бір тарихи кезеңнен екіншісіне ауысқандай болады», – деп тұжырымдайды. Адам табиғаты мұндай кездерде шегіне жете зорығады. Өзгерістердің қарқынды болғаны сондай, адам санасы барлығын қорытып үлгере алмайды.

Осыған орай уақыттың әркелкілігі жайындағы Эйнштейннің тұжырымдамасын, кеңістік пен уақыттың қисықтығын бұрмалауды қоса алғанда, Қазақстан тарихи уақыттың жеделдеу феноменін толық түрде өзінің басынан өткерді. Ұлыбританияда алғашқы өндірістік төңкерістер болып жатқан кезде (XVIII ғ. соңғы үшінші ширегі) қазақ хандығы ұзақ уақыт жоңғарлармен болған соғыстан енді ғана есін жия бастаған еді. Одан кейін екі ғасыр, алғашында ресейлік, одан соң кеңестік империялар құрамында бодандық күй кешті. ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Америкада дағдарыспен күресу үшін инфрақұрылымдық өзгерістер болып жатқан кезде Қазақстанда аштық пен қуғындалу жүріп жатты.

Тарихи уақытты өткізіп алған кездер болды. Алайда, узақ уақытқа басылып жататын, белгілі бір бағыттар бойынша мазаланатын жеке адамның немесе ұлттың психологиясында «серіппе» құбылысы болады. Осы қысылу ұзақтығының қаншалықты мықтылығына сәйкес «серіппенің» физикалық пайдалы әсері де күшті болады.

Осы ретте Президент Н.Ә. Назарбаевтың 2007 ж. қазанында өткен Қазақстанның 2030 ж. дейінгі даму стратегиясының 10 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөйлеген сөзіне назар аударатын болсақ, онда: «Әлем үшін 20-шы жүзжылдықтың аяғы көптеген өзгерістер кезеңі болды. Бұл кезеңге тән белгі тарихи уақытты сапалы «сығымдалу» болды. Бұрын жүздеген жылдар бойы жүретін үдерістер қазір ондаған жылдарға сығымдалды. Уақытты көбейтуге, жинақтауға болмайды. Оны қайтадан кері қайтара алмайсың. Егерде дамудың мақсаты айқын анықталған болса, уақытты дұрыс пайдаланануға болады», – делінеді.

Яғни, Қазақстан жағдайында «серіппені» босатуға дейін ұзақ уақыт өтті, ол тарихи шындық ретіндегі қазақтардың ұлттық әлеуетін шыңдады және жаһандық әлемде кеңістік пен уақыт континуумының қысылуына әкелді. Нәтижесінде кумулятивтік әсер пайда болды, сөйтіп кеңес республикаларының ішінде соңғы орындарында тұрған республика дәрежесінен Қытай мен Кувейт сынды әлемнің экономикалары өсіп келе жатқан үш елінің қатарына кіруге дейін көтерілген Қазақстан 20 жылдық кезеңде күшті жаңғырту секірістерін жасады.

Айдарлар
Яндекс.Метрика