Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

МЕМЛЕКЕТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Белгілі бір уақыт қашықтығында алынған көптеген өзара байланыстары бар нақты мемлекеттің жағдайының негізгі көрсеткіштері туралы сараптамалық және математикалық тұрғыдан дәлелденетін тұжырымдама (түсінік). Болжамдаумен салыстырғанда үлгіні қалыптастыру кезінде белгілі бір тұтастық пен аяқталғандық болуы қажет. Болашақтың үлгісі объектінің, оның ішкі құрылымы мен құрамы, оның өзі іспетті объектілерімен өзара байланысы қандай болатынын және оның сақталыну мүмкіндігін ұйғарады. Қазіргі уақытта басқару тәжірибесінде болашақ үлгісін қалыптастырудың түрлі әдістері қолданылады.

Форсайт объектінің (яғни болашақ моделінің) қандай болатынын болжай алатын жүйе болып табылады. Аталмыш жүйе профильдік бағыттағы сарапшылардың кең қатарын барынша қатыстыруды және де қажет болған жағдайда қоғамдық сауалнама әдістерінің алуан түрін қолдануды ұйғарады. Болжамдауға қарағанда форсайт болашақ үлгісінің нұсқаларын анықтаудан бөлек, осы нұсқалардың іске асырылу әдістерін анықтауды да қарастырады.

Форсайттық зерттеулер ғылым мен технологиялар саласында кең қолданысқа ие болды. Мысалға, Қазақстанда 2010 ж. үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруда маңызды болып табылатын сыни технологияларды анықтау үшін алғаш рет форсайт сынақтан өткен болатын.

Форсайттық әдістің мықты тұсы - болжау зерттеуінің әрбір кезеңі өткен кезеңнің жұмысын сүзгіден өткізіп отыратын жүйелілігі мен көпсатылылығына негізделуінде. Мәселен, мемлекеттің ғылыми-технологиялық дамуының қалыптасып болған болжамдарына, мақсаттары мен міндеттеріне сай сарапшы топтармен жүргізілген SWOT-талдау нәтижелері бойынша Қазақстанның 2020 жылға дейін қол жеткізгісі келетін даму деңгейі үшін өнімдер мен қызмет көрсетулердің тізімі анықталды.

Негізгі өнімдер мен қызмет көрсетулердің тізімі Дельфи-сауалнамаға (кері байланысты қамтамасыз ету арқылы бірқатар сарапшыларға онлайн сұрақ қою, яғни сауалнамаға қатысқан рес-понденттерге қорытынды нәтижелерді жіберу және сауалнаманың қорытынды нәтижелерін ескере отырып, жауаптарды түзету мүмкіндігін ұсыну мақсатымен сауалнаманың екінші кезеңін өткізу) шығарылды.

Сценарлық модельдеу – ықтимал болашақ үлгісін қалыптастыру бойынша кең таралған тәжірибе. Әдетте, үш сценарий дайындалады.

Біріншісі статус-квоны сақтауға жатады және жетілдіру жағына қарай өзгерістер ескерілмейді.

Екінші сценарий нашарлауды немесе жағымсыз оқиғалар ағымын іске асыруды ұйғарады.

Үшінші сценарий үдерісті тиімді бағалау мен жағымды дамуын қарастырады.

Үш сценарийді талдау қорытындысы бойынша мүмкіндіктер мен күш салудың есебінде соңғы параметрлеріне жетуі ықтимал ұтымды сценарий дайындалады.

Сценарийлер құрылымы мына параметрлерден тұрады: мәні (сюжетті сипаттау); ықтималды бағалау; сценарийді іске асыруға әсер етуші факторлар; тиімділікті бағалау.

Сценарлы тәсіл бүгінде қаржылық нарықты дамыту, саяси үдеріс, электоралды кампания болжамы экономикада кең қолданылады.

Футурология да болжамдау әдістерінің бірі болып табылады. Дегенмен, мұнда зерттеулердің нәтижесі болып табылатын объективті фактор мен жеке шабытқа негізделген футурологтың өзіндік бір болжамын білдіретін субъективті фактор үйлесіп келеді.

Футурология әдісін адамзаттың көзін су асты қайықтың, батискафтың пайда болуына жеткізген Жюль Верн жұмысының мысалынан көруге болады. Заманауи футурологтардың ішінен ең танымал болып адамзаттың Марс ғаламшарын игеретінін болжаған Рэй Брэдбери танылады.

Бүгінгі күні Элвин Тоффлердің жұмыстары кең қызығушылыққа ие. Оның болжамдары бойынша үшінші өндірістік төңкерістің таралуы ХХ ғ. соңғы үшінші ширегінде пайда болып, 2025 жылға қарай нақты қалыптасып болады. Қоғамдық-экономикалық форматтың индустриалдыдан постиндустриалды түрге ауысуының мерзімдерінің қысқаруы ғылыми-техникалық төңкерістің қарқынды дамуы және кең таралуымен байланысты болып келеді.

Э. Тоффлер тақырыбына экономист футуролог Джереми Риффкиннің жұмыстары жақын болып келеді. Оның ойынша, әлем энергетикалық тұтынудың шыңына жетіп қойды және жаһандану көмірсутегі экономикасының ақырғы кезеңі болып табылады. 2020 жылға дейін қажетті жағдай қалыптасып, автомобильдердің сутегі отынына жаппай көшуі бойынша технологиялық мәселелер шешіледі.

Келешекте компьютерлік және телекоммуникациялық революциялар жаңа сутегі-энергетикалық төңкеріспен үйлесіп, соның нәтижесінде адамдар қатынастарының құрылымы мен инновацияларға қойылатын талаптар түбегейлі өзгереді. Сутегі энергетикалық желісінің пайда болуы да мүмкін және соның шеңберінде тең субъектілер тек ақпаратпен ғана емес, сонымен қатар энергиямен де алмаса алады.

Әдетте ғылыми фантастардың ойлары мен идеялары инновациялар болып табылады және олар кейіннен іске асырылатын қолданбалы механизмдерге айналады.

Мысалы, қазіргі күннің өзінде сутегі отынының элементтері орнатылған автомобильдерді Форд, Тойота, Фольксваген, Хонда және Хьюндай сияқты ірі автоөндіруші концерндер сынақтан өткізіп, шығарып жатыр.

Грид Крауд жүйесі қашықта орналасқан зоналар үшін тек ақпараттық ағымдарды ғана емес, сонымен қатар қуат көздерін де бағыттауға мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде мұнай мен газға негізделген энергетикалық компаниялардың күйреуіне алып келеді.

Жаңа энергетикалық тәртіп сапалы жаңа технологияларды талап ететін болады. Сол себептен бүгінгі күні шетел мемлекеттері арзан күн және жел энергиялары, желісіз байланыс, генетикалық тұрғыдан модификацияланған өсімдіктер, тірі ағзалардың жасанды талшықтары саласындағы зерттеулермен айналысып жатыр.

Сонымен, Қазақстан Президентініің жаңа Жолдауы мемлекет үшін ең қолайлы болашақ үлгісін қалыптастыруға бағыттайды. Жоғарғы технологиялар, инновациялар, экономиканың технологиялық тұрғыдан толықтай жаңаруы соның негізіне айналуы тиіс. Мұндағы ең басымдылық танытатын бағдар - әлемдегі үрдістерге сай болу. Егер де айтқанымыз орындалатын болса, онда мемлекетімізді жарқын болашақ күтіп тұр. «Қазақстан-2050» Жолдауының тұжырымдары, «ЭКСПО-2017», үдемелі индустриалд-инновациялық даму бойынша Мемлекеттік бағдарламасының жаңа бесжылдығын қабылдау жағымды сценарийді іске асыруға бағытталған

Айдарлар
Яндекс.Метрика