Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

ҚҰНДЫЛЫҚТАР ДАҒДАРЫСЫ

Белігілі бір қоғамдар мен бірлестіктердің өздерінің өмірлік қағидаттары мен ұстанымдарын сана елегінен өткізіп, қайта ұйғару кезеңін сипаттайды. Қолданбалы мағынада бұл мәселе жаһанды және ұлттық факторлардың қақтығысуын, жаһанданудың, глолокализацияның, жаһанды экономика мен жергілікті экономиканың протекционизмінің қарама-қайшы үрдістерінің пайда болуын білдіреді.

Құндылықтар дағдарысының теориялық мәселелері бірқатар резонансты ғылыми жарияланымдардан кейін тереңінен қарастырыла бастады. Олардың ішінде:

Фрэнсис Фукуяманың «Тарих аяғы және соңғы адам» еңбегі (1993 ж.). Онда либерализм жеңісінің концепциясы мен соның негізінде қалыптасқан басқарудың мінсіз фор-масы баяндалған болатын. Мақаланың шығуы Кеңес Одағының құлдырау кезеңіне тура келді, сол себептен ол кең танымал болды.

Самюэль Хантингтонның «Өркениеттер қақтығысы мен әлемдік тәртіптің өзгеруі» еңбегі (1996 ж.). Аталмыш еңбекте өркениеттер, яғни белгілі бір діни және мәдени психотиппен біріктірілген мемлекеттер конгломераттарының арасында қақтығыстың міндетті түрде болуы дәлелденеді. Өркениеттердің диффе-ренциациясы О. Шпенглердің (Батыстың құлдырауы) және А.Дж. Тойнбидің (Тарихты ұғыну) теориялық ұстындарына жақын болып келеді. С. Хантингтон шығармасының резонансы ислам әлеміндегі мемлекеттерде, ең алдымен Иракта әрекет ету белсенділігі үшін идеологиялық базаны дайындаумен байланысты болып келді.

Құндылықтар дағдарысының басты факторы батыс қоғамдарының экономикалық гүлденуінің негізіне айналған Тұтыну қоғамы тұжырымдамасының мән-маңызын сана елегінен өткізіп, қайта ұйғару болып табылады.

ХХ ғасырдың әлеуметтік күйзелістері мен көтерілістері капитализмнің батыс үлгінің қайта жаңғыртылуына әкеліп соқтырды. Оған өз кезегінде жоғары деңгейдегі әлеуметтік шығындар мен мемлекеттік кепілдемелердің белгілері тән болды.

Коммунизмнің көлеңкесімен күресуге беріліп кеткен саяси режимдер әлеуметтік үміттердің тұрақсыз өсіміне жол берді. Олар ба-тыс экономикалары сияқты өз қоғамдарының күн сайын өсіп жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ету мүмкіндіктерінің шеңберінен шығып кеткен болатын. Оған қоса масылдық көңіл-күйлер күшейе бастады.

Ішкі тұтыну үшін өмірдің мінсіз және таза бейнесін қалыптастырудың мүмкіндігі «кобра эффектісіне» әкеліп соқты. Деиндустрияландыру жағдайында қосымша секторлардың «сабын көпіршігі» көпіріп кетті. Ол өз кезегінде дамыған және дамушы мемлекеттердің арасындағы үйлеспеушілік нәтижесінде пайда болған миграцияға жол берді.

Қоғам – күрделі әлеуметтік жүйе. Егер бір отбасылар аштықтан көз жұмуға душар болса, онда ғаламшардың басқа бұрышында адамдар молшылықта өмір сүріп жатады. Бұл жағдайда өзін-өзі реттеу механизмі қосылады. Берекелі әлем адамдардың орасан зор ағымдарын қызықтырып, тартты. Миграцияға түскен халықтың саны 250 миллион адамға жетті.

Адамдар өмірлерін құрбандыққа шалып, көші-қонға беріледі, өз балаларының бақыты үшін үйреншікті өмір салттарынан бас тартады. Егер бай әлем өсіп келе жатқан қарама-қайшылықтарға жылдамырақ жауап қайтарып, шара қолданғанда, жағдай мүлдем басқаша болар еді.

Алайда, тұрғылықты жерді ауыстыру өмірдің бірден жақсарып кетуіне әкеліп соқтырмайды. Ол үшін бейімделу мен «әлеуметтік лифттердің» жүйесін ауыстыру керек. Ол болмаған жағдайда кедейшілік тұрғылықты жерін ауыстырып жүре береді. Аш адамдарға көмек көрсету бойынша жұмыс істейтін Оксфордық комитеттің айтуынша, «G-20» мемлекеттерінде ғаламның жеткілікті қамтамасыз етілмеген адамдарының тең жартысы тұрады.

Ұзақ дағдарыс пен жұмыссыздықтың өсу жағдайында қоғамның жіктелуі одан сайын күшейді. Дамыған мемлекеттер экономикаларының тұрақтылығының негізі болып табылатын орта тап наразылық қозғалыстарының қозғаушы күшіне айналды.

Дағдарыс әлеуметтік негізге тереңінен еніп, оның жаңа салаларын - әлеуметтік қорғау, зейнеткерлік жүйе мен көші-қон саясатын зақымдай бастады. Сарапшылар мультимәдениет концепциясының күйреуін жариялады.

Исламофобияға түрткі болған этникалық және конфессиялық негіздегі жанжалдар пайда болды. Оның айқын мысалдары Норвегия елінде Мұхаммед пайғамбардың карикатураларын жариялаудан бастау алып, әрі қарай жалғасады.

Оған қоса, әлемнің энергетикалық ресурстарының 70 пайызын иеленіп отырған ислам мемлекеттерінде 30 млн. адам кедейліктің шегінде тұрғаны, 50 млн. адам сапалы білім мен денсаулық сақтауға қол жеткізе алмай жүргені мүлдем қарастырылмайды. Сонымен қатар, ИКҰ құрамындағы 22 мемлекет әлемнің ең кедей елдерінің тізіміне кіреді.

Жаһандық ақпараттық-коммуникативті эффект өмір сапасының стандарттары мен нормаларының басқа континенттер мен ма-териктерге қоныс аударуына әкелді. Адамдар ақпаратпен қатар, идеалдар мен құндылықтарды да игереді.

Батыс білімін бойына сіңірген өмірлік армандардың жүзеге аспау факторы араб әлемінің мемлекеттерінде саяси дағдарысты дамытуда маңызды рөл атқарды. «Араб көктемінің» «нан бүлікшілігінен» басталғанын еске түсірсек болғаны.

Осы жағдайлармен қатар, әлемде ғаламшардың экологиялық баланстарын на-шарлататын тұтынушылық революция жүріп жатыр. Бүкіләлемдік азық-түлік ұйымы 2050 жылға дейін азық-түлікті тұтыну үрдістерінің екі есе өсіп кететіні туралы айтып отыр.

Ғаламшардың жер ресурстарының таусылуын, астық өнімділігінің қысқаруын, құнды жерлер мен жайылымдардың құлдырауын басынан кешіріп отырған экологиялық жүйеге үлкен жүк артылып, күн сайын өсіп келеді. Су ресурстарының жетіспеушілігі ушығып бара жатыр. БҰҰ болжамдары бойынша «су стрессінің» көрсеткіші алдымыздағы 10 жыл ішінде 7 есе, яғни 3,5 миллиард адамға дейін өспек.

Жаһанды энергетикалық және экологиялық тұрақсыздықтар өсіп бара жатыр. Алдымыздағы екі он жылдықта ғаламшардың энергетикалық қажеттіліктері кем дегенде жарты есе өседі. Қазірдің өзінде көмірсутегіні пайдалану ірі табиғи келеңсіздіктер, құрғақшылық пен өрттердің пайда болуына ықпалын тигізбей қоймады.

Әлем ресурстар үшін күрес пен жанжалдардың өсуінің негізіне айналып бара жатқан көмірсутегі экономикасының мүмкіндіктерін тауысуда.

Сөйтіп, қазіргі күні құндылықтарды қайтадан қарау, басқаша ойлау мәселесі туындап отыр. Басты идея – әлемдік экономиканы барынша теңгерімді ету. Тек сол кезде ғана мемлекеттер арасындағы қатынастарды үйлесімді етуге болады. ХХ ғ. және ХХІ ғ. басындағы тәжірибесі аймақтар арасындағы қайшылықты күшпен шешу мүмкін еместігін көрсетті. Дамыған елдер мен дамып келе жатқан елдер арасында бірлескен шешім қажет.

Айдарлар
Яндекс.Метрика