Басты

Терминологиялық анықтамалық «Қазақстан 2050»

АЛДЫМЕН – ЭКОНОМИКА, СОДАН СОҢ – САЯСАТ

Президент Н.Ә. Назарбаевтың реформалар мен дамудың қазақстандық үлгісін сипаттау үшін қолданған қанатты сөзі 2005 ж. 18 ақпанындағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңғыру жолында» атты оныншы Жолдауында келтірілген. Әлеуметтік және саяси жаңғырудың сенімді негізі ретіндегі экономиканы нығайту дегенді білдіреді.

Бұл қанатты сөз саяси жаңғырудың жаңа кезеңінің мәнін ашатын жолдаудың 4-блогін ашты. Жолдауда «басқа елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, демократия дегеніміз қоғамның барлық топтары үйренуге тиіс-барынша ұзақ процесс. Көптеген елдердің ғасырлар бойы қалыптасқан либералдық дәстүрлері бар, алайда олар шырқау биігіне әлі де жете қойған жоқ. Біз бәрін жоқтан бастаған едік және демократияның өзі – адамның ой-санасы мен мінез-құлық мәдениеті екенін ұмытпағанымыз жөн» деп атап өткен.

Жалпы алғанда, 2005 ж. Жолдау бағдарламалық сипат алды және ол Президенттің сайлау алды платформасы болды, өйткені осы жылдың желтоқсан айында, яғни жолдау жарияланғаннан кейін он ай өткен соң кезекті президент сайлауы өтуі тиіс еді. Жолдау мазмұны жағынан 2004 жылғы Президенттің жолдауымен күшейтілді, онда алғаш рет бәсекеге қабілеттілік туралы айтылды, ол кейіннен әлемнің 50 дамыған бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіру мақсаты қойылған 2006 жылғы Жолдауда ары қарай дамытылды.

Аймақтағы жағдай бұл кезде бірқатар посткеңестік елдерде саяси режимнің «түрлі түсті революциялардың» әсерінен күйреуіне байланысты шиеленісте еді. Революциялық процестер, Украина, Грузиямен қоса, Қырғызстанды да жайлады, онда А. Ақаев «қызғалдақтар революциясының» нәтижесінде отставкаға кетті.

2005 ж. бастап Қазақстанда еліміздің одан әрі қарай саяси жаңғыруының ұлттық сұхбаттарының 2 жылдық кезеңі басталды. 2006 ж. осы уақытқа дейін жұмыс істеп жатқан Азаматтық қоғам мен демократия мәселелері бойынша ұлттық комиссия негізінде Саяси реформалардың бағдарламаларын қайта құру және нақтылау бойынша мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Оның 6 пленарлық отырысын, 21 жұмыс тобының отырысын, бірқатар халықаралық конференциялар мен дөңгелек үстелдер (барлығы 35 ұйымдастырушы-тәжірибелік шаралар) өткізу нәтижесінде Конституцияға 60-тан аса түзетулер енгізілді, соның ішінде бестен бір бөлігі концептуалды сипатта болды.

Комиссия қызметінің айқын нәтижелері: өлім жазасына кесудің іс жүзінде жойылуы; 72 сағаттан аса қамауға алу санкциясын сотқа ауыстыру; Мәжіліс пен Сенаттың қызметін бөлу (атап айтқанда, төменгі палатаға премьер-министрдің кандидатурасын қарастыруға өкілеттік беру арқылы); президенттік тізім бойынша сенаторлардың санын 7-ден 15-ке дейін, мәжілісмендер санын 77-ден 107-ге дейін көбейту, оның ішінде 9 депутат Қазақстан халқы Ассамблеясынан кіргізілді. Пропор-ционалды сайлау жүйесіне көшу жүргізілді. Жергілікті өкілетті органдардың құзыреті күшейтілді, себебі әкімдерді тағайындау мәслихатпен келісілгеннен кейін іске асырылатын болды. Түзетулер президенттік билікке де қатысты болды. Президенттің өкілеттілігі 7 жылдан 5 жылға дейін қысқартылды.

2007 ж. реформаларды ескере отырып, кезектен тыс парламенттік сайлау өткізілді, онда Парламентке 88,41% нәтижемен тек қана «Нұр Отан» партиясы өткен. 2012 ж. сайлау қорытындылары бойынша Парламент 3 партиялық болды, оған «Ақ жол» және ҚКХП кірді. Оларға тиісті 7% сайлау межесінен өтпесе де, Парламентке жеңген партиядан кейінгі кез келген екінші партия өтетіндігі жайлы сайлау заңнамасына ертеректе енгізілген түзетулер қажет болмады.

Айдарлар
Яндекс.Метрика